Б.К. Аубакирова
Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті
Көкшетау, Қазақстан
a.b.k_1967mail.ru
ТІЛДІ ҚАРЫМ – ҚАТЫНАС АРҚЫЛЫ ОҚЫТУ
Мақалада тіл кез келген танымдық іс-әрекеттің құралы, ойлаудың формасы және оны дамытудың негізі болып саналатындығы, тіл – қоғамның ең қажетті қарым-қатынас құралы жайлы айтылған.. Тіл кез келген танымдық іс-әрекеттің құралы, ойлаудың формасы және оны дамытудың негізі болып саналатындығы тілге тиек етіледі.. Тіл – қоғамның ең қажетті қатынас құралы. Сондықтан қоғамды дамытудың басты ұстанымы – мемлекеттік тілдің қолданыс аясын қарым қатынас арқылы кеңейту. Адам ойының жемісі, тіршілігінің көзі болып табылар бұл ерекшелік бүгінгі тіл білімінің де, әдістеме ілімінің де басты мәселелелері болып табылатыны туралы, қазіргі кезеңде халықаралық байланысы күшті барлық елдерде тілдік қатынас мәселесіне ерекше мән беріліп отырғандығы туралы айтылады..Тілдік қатынас – тілдің әлеуметтік қызметін нақтылайтын адамдар қарымқатынасының ерекше түрі ретінде баяндалады.
Түйін сөздер: тіл қызметі, тағылым, заңдылықтар, түпкі тамыр, этнос, ғасырлар бойғы тарихы, тұрмыс-салт, мәдениет, менталитет, дүниетаным, мәдениетімен, тіл,ой, ұғым. тілдік коммуникация, тілдік қарым-қатынас, қатысым,лексикология, семасиалогия, грамматика.
Тіл кез келген танымдық іс-әрекеттің құралы, ойлаудың формасы және оны дамытудың негізі болып саналады. Тіл – қоғамның ең қажетті қатынас құралы. Сондықтан қоғамды дамытудың басты ұстанымы – мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту. Адам ойының жемісі, тіршілігінің көзі болып табылар бұл ерекшелік бүгінгі тіл білімінің де, әдістеме ілімінің де басты мәселелелері болып табылады..
Тіл тек қоғам бар жерде және оның тікелей ықпал етуімен дамып отыратындықтан, қоғамдық нормалар және қалыптасқан ережелер тілді өркендетуші әрі жүйелеуші қызмет атқарары даусыз. Тіл үйрену мәселесі де қоғамдық қажеттіліктен туындайды. Барлық мемлекеттер бір-бірімен экономикалық, саяси қарым-қатынаста болғандықтан, тіларалық байланыс деңгейі жоғары. Сол себепті де қазақ тілін үйретуде оның жан-жақты тоғысқан байланыстарына да назар аудару керек. Сөйтіп қазақ тілінің функционалдысемантикалық, прагматикалық, әлеуметтік ерекшеліктерін негізге алған дұрыс. Себебі тіл мен қоғам өзара тығыз байланыста қарастырылатын адамзат өмірінде маңызды орын алатын құбылыстар.«Қазіргі кезеңде халықаралық байланысы күшті барлық елдерде тілдік қатынас мәселесіне ерекше мән беріліп отыр. Тілдік қатынастың бүкіләлемдік маңызы ел мен елдің, ұлт пен ұлттың саяси байланысына жан-жақты жол ашудан көрінеді» [1, 8]. Қазіргі қоғамда тіл үйренудің, тіл арқылы түсінісудің ерекше мәні, атқарар қызметі бар. Тіл қарымқатынастың құралы бола тұра, адамдарың қоғамдық, әлеуметтік қызметін сұрыптауға, психофизиологиялық ерекшеліктерін анықтауға, мәдени нормаларын жүйелеуге мүмкіндік береді. Себебі тіл мен қоғам тығыз байланысты қарастырылатын, адамзат өмірінде маңызды орын алатын құбылыстар. Кез келген тіл қоғамның дамуына, өзгеруіне қалай әсер етсе, қоғам да тілдің сөздік құрамының толығуына, кемелдене дамуына немесе, керісінше тілдің тоқырауына ықпал етері сөзсіз. Оның айғағы ретінде тілдік реформаларды, тіл туралы заңдарды және әр жердегі тілдік жағдайды сөз етуге болады. Барлық тілдерде кездесетін дерлік кірме сөздер де сол қоғамдық жағдайлардың, халықаралық қатынастардың дамып жетілу жемісі. Демек, тілдік қатынас – тілдің әлеуметтік қызметін нақтылайтын адамдар қарым-қатынасының ерекше түрі. Әлемдегі саяси-әлеуметтік мәселелерден тыс қалмаудың бірден бір жолы – ақпарат алмасу. Сондықтан тіл білу арқылы адамдар дүние жүзіндегі қоғамдық, экономикалық, саяси жаңалықтармен, ақпараттармен хабардар болады. Тілді меңгеру оның қоғамдық табиғатын, өмірлік қажеттілігін ескеруден басталады. А.Байтұрсынұлы айтқандай, «тіл – адамның адамдық белгісінің зоры». Тілдің әлеуметтік саралануы, қоғамның тілге саналы түрде әсер етуі, тілдік жағдай тілдің қоғамдық құбылыс ретіндегі қызметін айшықтай түседі. Яғни адамзат баласының болашақ үшін қоғамдық, мәдени-әлеуметтік, экономикалық т.б. күресі, сан ғасырлық тарихы, рухани жаңғырулары ұрпақтан-ұрпаққа сол ұлттың тілінде сақталуы арқылы жетеді[1, 45]. Ана тілінің өміршеңдік қызметінің қуаты мен құдіреті негізінде жаңа ұрпақ ұлтымыздың көне тарихы мәдениетін дұрыс танып білуге бастау алады. Осы бастаулар кешенді тіл ғылымының көкжиегінде ұлттық мәдениеттің көзі ретінде тағылымдық мәні зор ұлттық тлдің өн бойынан табылады. Осымен байланысты тіл табиғатының қыр-сыры өзге ғылым салаларымен (философия, әлеуметтану, мәдениеттану, этнография, т.б.) тығыз қарым-қатынастың негізінде танылып, зерделеніп отыр. Өйткені ұлттық тілдің болмысын шынайы тану үшін тілдің өзіндік заңдылықтарын білу жеткіліксіз, оның түпкі тамыры сол тілде сөйлеуші этностың ғасырлар бойғы тарихымен, тұрмыс-салтымен, мәдениетімен, дәстүрлі менталитетімен тікелей байланысты екені сөзсіз. Сондықтан тілді қарықатынас арқылы үйретуде сол этностың дүниетанымымен, мәдениетімен, тарихымен біріктіре қарастыру мәселесі туындайды. Тіл мен ой біртұтас ұғымдар. Тілдің ойды жарыққа шығарып, жеткізу қызметі сол ойдың қабылдаушы тарапынан қабылдану теткітері арқылы жүзеге асады. Мұның негізінде тіл де өзінің қоғамдағы қарымқатынас құралы ретіндегі негізгі қызметін атқара алады..Демек. тілдік коммуникацияның лингвистикалық негізі қарым-қатынас құралы тілге байланысты екені анық. Лингвистика тіл туралы ілім болса, тілдік қатынас сол тілдің қарым-қатынасқа қатысты ерекшеліктерін қамтиды.
Тілдік қатынас қатысымдық тұлғалар арқылы жүзеге асады. Оның қоғамда алатын орны тілдің атқаратын қызметінен көрінеді. Қатысымдық тұлғалар тіл ғылымының салалары – лексикология, семасиалогия, грамматиканың зерттеу объектілерімен қатар қолданылады. Қатысымдық тұлғалар мен тілдік тұлғалардың өзіндік ара қатысы, байланысы бар.Сонымен қатар тілдік қатынастың негізі – сөйлеу, адамдардың сөйлесу процесі. Осы сөйлесу, ұғынысу тікелей тілдік бөлшектердің қатысымен іске аса келіп, қатысымдық тұлғалардың қызметі нәтижесінде болады. Сөйлеу процесінде басты орын алатын – сөз бен сөздің байланысы, грамматикалық формалар мен мағыналар, сөздердің тіркесі, сөзжасам – осының бәрі тіл білімінің салаларында қарастырыла келіп, грамматиканың дамуына қанша әсер етсе, тілдік қарым-қатынасқа, сөйлеуге де сонша ықпал етеді.Лингвистикалық заңдылықтар мен грамматикалық ережелерді үйренбей тұрып, адам өз ойын дұрыс жеткізе алмайды, сол тілде сөйлей алмайды. Бір-бірімен байланысқа түспесе, белгілі бір сөздердің тобы қаншама көп болғанымен, ой түсініксіз болады. Айтайын деген ой ұғынықсыз болса, оны екінші адам түсінбесе, тілдік коммуникация да жүзеге аспайды. Адамдар арасындағы тілдік қарымқатынас сөздік құрам мен сөздік қордың мол болуына қарай еркін жүзеге асады, түсінік тез жүреді.Лексикалық қор тілдің өсуімен бірге тілдік қатынастың мүмкіндігін арттырады.Лингвистиканың қай саласындағы қағидалар мен заңдар болсын тілдік қатынастың қағидаларымен тығыз бірлікте дамиды және оған әсер етеді.Тілдік қатынастың қоғамдық негізі қарым-қатынас құралы тілдің қоғамдағы ролі мен мәніне байланысты. Кез келген тіл, сол сияқты қазақ тілі – “адам қатынасының аса маңызды құралы” бола келіп, адамзаттық бірбірімен түсінісу, пікір алысу, сөйлесуіне жол ашып қана қоймайды. Сонымен қатар ішкі, сыртқы қоғамдық жағдайларға әсер етеді, халыққа қажетті әлеуметтік, экономикалык істерді аңғаруға мүміндік жасайды; бірлесіп еңбек етуге дәнекер болады; қоғамдық-саяси күштердің өз мақсаттары үшін күресуіне қызмет ететін саяси құралы болады. Сөйтіп, жалпы көпшілік қауым мен саяси топтар арасындағы көпір болып табылады. Қазіргі қазақ тілі қандай қоғамдық-әлеуметтік ерекшеліктерді басынан өткізбеді? Қоғамдық-әлеуметтік кезеңдердің қай-қайсысында болсын қазақ тілі қазақ халқының ана тіліне тән әлеуметтік мәнінен айырылмауға тырысады. Басқа ұлт өкілдеріне қазақ тілін оқыту, үйрету барысында, біріншіден, оның қазақ ұлтының, қазақ халқының ана тілі екенін, оның ертеден дамыған тарихы барын, әдеби тіл дәрежесіне көтерілген салаларын, жазба тілге тән т.б. басты қасиеттерін түсіндіру қажет. Екіншіден, қазақ тілінің сол халықтың сөйлесу құралы болуымен қатар, басқа ұлт өкілдерімен қарым-қатынас жасауға негіз болатын, ұғынысуға, пікірлесуге жол ашатын ұлтаралық қатынас құралы екеніне баса назар аудару керек. Үшіншіден, қазақ тілінің қатысымдық сипаты оның ел аралық қатынаста қолданылатын қоғамдық мәнінен және ресми іс-қағаздарда жұмсалатын әлеуметтік қызметінен көрінеді. Төртіншіден, қазақ тілі – қоғамдағы барлық салаларда пайдаланылатын мемлекеттік дәрежеге жеткен қарым-қатынас құралы. Бесіншіден, ол – рухани мәдениет пен өркениет өнер жолында қолданылатын адамның сезімі мен көңіл-күйін жеткізетін құрал. Сол сияқты қазақ тілінің ең басты қатысымдық қасиеті – бір ұлтпен өкілдерінің өзара түсінісуіне, ұғынысуына жол ашу, қарым-қатынас құралы ретінде бүгіндей қоғамға қызмет ету [2, 72]. Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму стратегиясы мен Қазақстан Республикасының білім беру мемлекеттік бағдарламасында кадрларды халықаралық стандартқа сай даярлау қажеттілігі анықталды және студенттердің жеке тұлғалық көзқарасын қалыптастырудың сапалы қағидалары ұсынылды. Бұл бағдарламаларда, Отандық және әлемдік мәдениеттің жетістіктеріне баулу, мемлекеттік тілді меңгеру, білім беру ісін басқару, қоғам мен экономиканың қажеттілігіне жауап беретін білім беру сапасын ұлттық жүйеде дамыту жұмыстары анықталған. Осы талаптарға сай жоғары оқу орындарында мемлекеттік тілді оқыту белсенді әдістерді қолданумен байланысты болып отыр. Ал, Қ.Қадашеваның пікірі бойынша, белсенді әдістерді пайдалану – дайын білімді алу емес, өз бетімен ізденуге үйрету, оқытушы мен студенттің өзара әрекеттерінің ауысуы, оқытушы белсенділігінің студент белсенділігіне орын беруі [3.102]. Ф.Оразбаеваның тұжырымдамасы бойынша, белсенді әдістерді сабақта пайдалану кезінде оқытушы мен студенттің қарым-қатынасы түбірімен өзгереді, студент іс-әрекетінің мақсатын анықтауда оқытушы оған көмек көрсетеді, студент жаңа білімді ашады, ізденісте болады, белсенділік танытады және олардың тұлғалық белсенділігін қалыптастырып, ізденіс-зерттеу, бағалау сияқты іскерліктерін дамытады. Белсенді әдістерді қолдану өзара түсіністікті, өзара әрекеттестікті, өзара байыптауды қамтамасыз етіп, сабақ барысында материалды жақсы ме ңгеруге көмегін тигізеді, ең маңыздысы пікірді, қарым-қатынастарды, мінез-құлық машығын қалыптастырады.Белсенді әдістің мәнін анықтау мәселесі көптеген ғалымдардың еңбектерінде зерделенді [3.176]. Бүгінгі таңда елімізде оқыту үрдісінде педагогикалық технологияларды пайдалануға, мемлекеттік тілді оқытуды жетілдірудің өзекті мәселелеріне де ерекше көңіл бөлінуде . Ғалым Б.Д. Парыгин бұл әдісті қарым-қатынас әдісі деп, оның төрт түрін ұсынған. Олар: коммуникативтік, ақпараттық, танымдық және реттеуші. А.А.Брудныйдың пікірі бойынша, оқытушы мен студенттің қарым-қатынасы инструменталды, өйткені оның мақсаты оқу процесіндегі бірлескен іс-әрекетті үйлестіру. Бірақ, осы уақытқа дейін белсенді немесе қарым-қатынас әдісі туралы, оның түсінігі туралы біркелкі пікір болмағанымен, ол-бірлескен іс әрекетке деген қажеттіліктен туындайтын, ақпарат алмасуды, өзара әрекеттің, оқытушы мен студент арасында байланыс орнату мен оны дамытудың күрделі, көп жақты процесі. [4, 11]. Дұрыс ұйымдастырылған әдіс оқытудың әлеуметтік мәнін, студенттің рухани өсуін, адамгершілік жағынан дамуын, ынтымақтастық, өзара қарымқатынас, ортақ мақсат пен бірыңғай қағидалар негізінде біріктіруге ықпал жасайды. Бұл – ең күрделі өнер, себебі оқытушы мен студенттің сұхбаттық қарым-қатынасына, белсенді және шығармашылық іс-әрекетке әсер ететін, оқытушы мен студенттің іс-әрекетін түбірімен өзгертетін әдіс. Тілді қарым қатынас арқылы үйретуде белсенді әдістерді қолдану кезінде студенттердің тыңдаушы емес, қатысушылар болуы, рөлге енуі, танымының қалыптасуы қарастырылады. Оқытушы дайын білімді бермейді, студенттерді өз бетімен ізденуге, шешім қабылдауға, ойын айтуға үйретеді. Оқытушы мен студент арасындағы әрекеттің ауысуы, студенттің белсенділігіне орын береді. Белсенді әдістерді қарым қатынас жасау арқылы сабақта қолдану барысында студенттердің өздері негізгі іс-әрекетке қатысуға мүмкіндік алатын болғандықтан, бірнеше белсенді ойын түрлері арқылы әдісті жандандыруға болары сөзсіз.Мысалы, 1. Қазақ тілі сабағындағы рөлдік ойындар әдісі. Қазақ тілі сабағындағы рөлдік ойындар әдісі – тілді үйрену процесіндегі ең белсенді әдістемелік тәсілдердің бірі. Оны тиімді қолдана білген оқытушы студенттерге білім мен тәрбие беруде табысқа жетіп, сол арқылы олардың ойын өз бетінше жеткізу қабілеті мен дағдысын қалыптастыруға, монолог түріндегі ойын дамытуға, сұхбаттық қарым-қатынас негізіндегі сөйлеу тілін байытуға ықпал етеді. Рөлдік ойын – оқыту мақсатында қолданылатын, сөзге араласу жағдайын ұйымдастыратын құрал. Оның негізіне өзара рөлдегі және ойындық көріністерді бөліп алып, соған сәйкес студенттердің бір-бірімен қарым-қатынас жасаудағы ұйымдастырылған жұмыс жатады. Рөлдік ойын сөйлеу тілін дамытудың тиімді де қызықты тәсілі екені белгілі. Оған мысал ретінде мына факторларды келтіруге болады: рөлдік ойындарда сөзге араласушы жандардың басты назары әңгіменің мазмұнына ауады, рөлдік ойындар тілді әлеуметтік тұрғыдан қолдануда барынша сезімтал болуға үйретеді, студенттердің қызығушылығын қалыптастыруға оң әсерін тигізеді, әдеттегі жағдайға қалыптасуы қиын қабілеттерді бойға сіңіруге кең жол ашады, ойындық рөлдерді жүргізу кезінде студенттердің бойында тілді үйретуге байланысты шығармашылық қабілеті дамиды, ойында студенттердің барлығы жұмысқа белсене кіріседі, ойындар тілді үйренушілердің бір-бірімен және оқытушылармен қарым-қатынасқа түсу ынтасын арттырады, әңгімелесушілердің сөзге бейімділік қабілетін танытудағы теңдік жағдайын жасайды, жағымды да әсерлі қарым-қатынас тудырады.Cтуденттерді рөлдік ойын арқылы тілге үйрету мына кезеңдерден тұрады:
1. Студенттерді қарым-қатынас жасау кезінде пайдаланатын тілдік ұғымдармен таныстыру.
2. Тіл үйретуді оқытушының қарым-қатынастық ой-ниеті жөнінде және оны тілдік бейнелеуге түсіру тәсілдері туралы, оқытушылық қарым-қатынас тудыру жағдайлары хақында айқын көзқарасын қалыптастыру.
3. Тілдік материалды пайдалана білуге жаттығу – ұстаздық қарым-қатынас және қарымқатынастық ой-ниетті жүзеге асыру кезінде теңбе-теңдік жағдайында тілдік ұғымдарды таңдай білу және қолдана алу қабілетін дамыту.
4. Рөлдегі ойындарды қолдана отырып, тілді үйрену кезінде студенттердің оқытушымен қарым-қатынас жасай білу дағдысы. Бірден рөлдік ойынды бастамай тұрып, дайындық үшін жаттығулар беріледі. Мысалы:1. Студенттердің фонетикалық және грамматикалық тұрғыдан дұрыс сөйлеуін дамытуға арналған жаттығулар мен тілдік ойындар. Мұндай жаттығуларда тек қана оқытушының тарапынан болатын сөздер ғана қалыптасып қоймайды, сонымен бірге студенттер тарапынан болатын кері реакция орнығады. Тілдегі ойындарда сұрақ қоя білу, қарым-қатынастық мәні бар сөздерді пайдалана отырып, сұраққа дұрыс жауап бере білу, әңгімені өрбіте білу қабілеттері дамытылады.«Жетік біл» ойыны барысында студенттер жұптасып жұмыс істейді. Олар сұхбат жазылған карточкалар алады. Студенттер бір-біріне қарым-қатынас жасау жағдайын, әңгімеге қатысушылардың мінез-құлқын және нақты материалды анықтайтын әр түрлі сипаттағы сауалдарды қоюға тиіс.2. Қарым-қатынастық ойды білдіретін әр түрлі тілдік ұғымдарды пайдалана білу қабілетін дамытатын жаттығулар:- Нұсқау жобасын өзгертіңіз. Біреуді өзіңе қарата білудің сыпайы түрін пайдаланыңыз, оның бірнеше түрін беріңіз. Жағдаятты тыңдаңыз, оны есіңізге сақтаңыз, сол қарым-қатынастық ойды синонимдік құралдармен білдіріңіз. Бұл кезеңде рөлдік жаттығулар мынадай қабілеттерді дамытады: оқытушының тілдік мінез-құлқын сын тұрғысынан бағалай білу және оны ұстаздық қарым-қатынас жағдайына сәйкес өзгерте білу, жаңа жағдайларда тілдік ұғымдарды шығармашылықпен пайдалану.Бұндай үлгідегі жаттығуларды екі топқа бөлуге болады: 1. Жағдай айқын бейнеленген және бір ғана жағдаяттың болуымен сипатталатын жаттығулар. Жағдай бір ғана қарым-қатынастық ой-ниетті таңдау керектігін күні бұрын белгілейді, ал бір ғана қарым-қатынастық ой-ниет белгілі бір тілдік ұғымды тыңдау керектігін алдын ала айқындайды.2. Қарым-қатынас жасау жағдайына, қарым-қатынастық ой-ниетіне, әңгімеге қатысушылардың рөлдік мінез-құлық ерекшелігіне қатыстылығына қарай әр түрлі тілдік ұғымдармен қарым-қатынастық ой-ниетті білдіру қабілетін дамытатын жаттығулар. Мұндай жаттығулар дайындық кезеңінен рөлдік ойындарға көшу кезеңін мүмкіндік туғызады. Бірінші топтағы рөлдік ойындарға мыналарды жатқызуға болады. Қарым-қатынастық ойыңызды дұрыс білдіріңіз. Болатын жағдаяттар: 1. Студенттермен қарым-қатынас жасауға арналған қосымша мүмкіндіктерді пайдалана отырып диалогті ойнаңыз. Бұл үшін диалогті кеңейту варианттары қойылған көрермендік тірек беріледі. 2. Басты сөйлемдер негізінде жағдайды ойнаңыз: университетте қазақ тілі сабағы енді ғана басталды. Студент 3 минутке кешікті, кіруге рұқсат сұрайды. Бұл оның бірінші рет кешігуі емес. Сабақ үзілді. Оқытушы кешігу себебін анықтады, өзінің көзқарасын айтады, шешім қабылдап, оны студентке хабарлайды. Маңызды мәселе: студентке сабаққа қатысуға рұқсат ете ме әлде оны рұқсат алып келу үшін деканатқа жібере ме? Бұл жағдайды ойнаудың үлкен тәрбиелік мәні бар. Оқытушы мұндай жағдайда барынша ұстамдылық, әдептілік, икемділік, әділеттілік, студентке деген сыйластық көрсетуге тиіс. Ол студент үшін тілдік мінез-құлық үлгісі болуы керек.
Студенттерді тілдік қарым-қатынас жасауға үйрету үшін рөлдік ойындардың төмендегідей түрлері ұсынылады:
1. Тіл үйрету сабағының үзінділері ойналатын рөлдік ойындар.
2. Сабаққа даярлық, оны жоспарлау және оған баға беру кезеңінде белгілі бір кәсіптікбағдарлық маңызды мәселені шешу қарастырылған рөлдік ойындар.Әдістемелік және психологиялық-дидактикалық зерттеу ісі көрсеткендей, рөлдік ойындарды пайдалану оқу процесін игеруде және оны барынша ұтымды өткізуде мүмкіндіктерді кеңінен ашады. Өйткені мұндай рөлдік ойындар жұптық және топтық жұмыстарды ұйымдастырудың маңызды құралы болып саналады. Сабақтағы белсенділік әдісін ұлттық ойындармен де сабақтастыра жүргізуге болады. Студенттер сабақ барысында ұлтымыздың салт-дәстүрлерімен, ойындардың шығу тарихымен терең танысып, өз білім, біліктерін жетілдіреді. Алған білімдерін өз тәжірибесінде қолдана білу машықтары қалыптасады. Мысалы, «Орамал тастамақ», «Көкпар» ойындары шапшаңдыққа, жинақылыққа үйретіп, ой ұшқырлығына бейімдейді, сын тұрғысынан ойлау қабілетін шыңдап, пәнге деген қызығушылықтары артады, студент білімінің тиянақты болуына септігін тигізіп, жеке де, топпен де жұмыс жүргізуге мүмкіндік туғызады. Жүсіппек Аймауытовша айтқанда: «Сабақ беру үйреншікті нәрсе емес, ол үнемі жаңадан жаңаны табатын өнер». Бұл ой бүгінгі ой сұранысымен қабысып жатқандай. Өйткені жаңа технологияларды үйреніп, оларды тіл үйрету үдерісінде қолдану нақты мақсатқа жеткізеді. Тілді оқытуда коммуникативтік технологияның берері мол, яғни қарым қатынас негізінде оқыту нәтиже беретінтехнология. Қазақ тіл білімінде қатысымдық әдісті негізін қалаған профессор Ф.Оразбаеваның: «Қатысымдық әдіс дегеніміз тіл үйренуші мен тіл үйретушінің тікелей қарым қатынасы арқылы жүзеге асатын, белгілі бір тілде сөйлеу мәнерін қалыптастыратын , тілдік қатынас пен әдістемелік категорияларына тән басты белгілер мен қағидалардың басты жүйесінен тұратын тіл үйретудің тиімді жолдарынан тоғыстыра келіп, тілді қарым қатынас құралы ретінде іс жүзіне асыратын әдістің түрі», дейді [5.32}. Оқытудың қатысымдық бағытын ұстанған Е.И.Пассов, А.А.Леонтьев сияқты әдіскерлер бұл әдістің ғылыми теориялық және ідістемелік тұрғыдан тиімді екендігін дәлелдеген. Ғалымдар коммуникативтік технологияны қолдануда төрт принципті негізге алуға болатынын айтты, Олар: тілге бағыттау( қарым қатынас), тілдік қызмет (сөйлесу), жағдаят ( рөлдік ойындар), ұжымдық өзара қимыл( ұйымдастыру тәсілі) [6.55}.Тілдік қатынастың жүзеге асу жолдары : жұптық,топтық, ұжымдық, яғни оқытушы осындай қатысымдық жұмыс түрлерін мақсатты түрде таңдай білсе –нәтижелі сабақ болатыны сөзсіз.
Пайдаланған әдебиеттер:
1 Оразбаева Ф.Ш. Тіл әлемі. Мақалалар, зерттеулер. –Алматы: АнАрыс, 2009. -368 б.
2 Бейсенбекова Г. Т. Тілдік қарым қатынастың ұлттық дүнинтаныммен байланысы
3 Қадашева Қ. Жаңаша жаңғыртып оқытудың ғылыми-әдістемелік негіздері. -Алматы, 2001.- 301 б.
3 Оразбаева Ф. Тілдік қатынас: теориясы мен әдістемесі. -Алматы:РБК, 2000. -207 б.
4 Құрман Н. Жаңа педагогикалық технологиялар жүйесіндегі қазақ тілінен сабақ үлгілері. -Алматы, 2001. -142 б.
5 Оқыту үрдісінде педагогикалық технологияларды пайдалану// Білім берудегі менеджмент. -Алматы, 2006. -11 б.
6 Пассов Е.И. Коммуникативный метод обучение иноязычному говорению: — Москва «Просвещение»,1991г..
Б.К. Аубакирова
ОБУЧЕНИЕ ЯЗЫКАМ ЧЕРЕЗ ЯЗЫКОВУЮ КОММУНИКАЦИЮ
В статье Б.К.Аубакировой «Обучение языкам через языковую коммуникацию», говорится о языке как о когнитивной деятельности, форме мышления и основе его развития, а язык — это самый важный способ общения. Язык — это средство любой когнитивной деятельности, формы мышления и основы его развития. Язык — это самый важный способ общения в обществе. Поэтому основным принципом развития общества является расширение сферы государственного языка посредством общения, что это различие, являющееся плодом человеческого разума, источника жизни, является главной проблемой современной лингвистики и методологии.
В.К. Aubakirova
TEACHING THROUGH LANGUAGE COMMUNICATION
Aubakirova BK, «Teaching through language communication», speaks of language as a means of cognitive activity, the form of thinking and the basis of its development, and language is the most important means of communication in society. The language is a means of any cognitive activity, the form of thinking and the basis of its development. Language is the most important means of communication in society. Therefore, the main principle of the development of society is to expand the scope of the state language through communication. It is said that this distinction, which is the fruit of the human mind, the source of life, is the main problem of modern linguistics and methodology, and nowadays the emphasis is on the issue of linguistic communication in all the countries with strong international relations. Language communication — as a special kind of relationship.