Г.Қ. Абдирасилова, Қ.С. Қалыбаева, Б.О. Сагындық
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті
Алматы, Қазақстан
ab.gulmira@mail.ru, azkal2015@bk.ru, bagzhan.94@mail.ru
РЕСЕЙ ҚҰРАМЫНДАҒЫ ТҮРКІ ХАЛЫҚТАРЫ ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕРІНІҢ
ҚҰРЫЛЫМДЫҚ ӨЗГЕРІСТЕРІ
Мақалада Ресей аумағында өмір сүріп жатқан түркі халықтары: татар, башқұрт, қарайым тілдерінің құрамындағы фразеологизмдерінің құрылымдық өзгерістері сөз болады. Түркі тілдерінің қыпшақ тобындағы тілдердің фразеологизмдерін зерттеу барысында жоғарыда аталған түркі (татар, башқұрт, қарайым) тілдерінде орыс тілінің әсерінен жалпы түркілік сөзжасамда кездеспейтін құрылымдар пайда болып отырғандығы мысалдар арқылы сараланды.
Тірек сөздер: Тілдің құрылым жүйесі, фразеологизм, фразеологиялық единица, түркі тілдерінің қыпшақ тобы, татар, башқұрт, ноғай, қарашай-балқар, құмық, қарайым тілдері.
Тілдің құрылым жүйесінде фразеологизмдерлің алатын орны ерекше. Бірақ фразеологиялық бірлікті (единицаны) танып-білуде зерттеушілер арасында бірауызды пікір жоқ. Сондықтан да мағынаға ие тілдік бірлік ретінде фразеологизмдер түрлі сөздіктерде әрқилы беріліп жүр. Зерттеулерде я болмаса лексикографиялық еңбектерде тұрақты сөздердің белгілі бір типтері фразеологиялық бірлікке жатқызылса, қайсы бірі мүлде басқа құбылыс деп танылады. Дегенмен зерттеушілер фразеологизмдерді ұқсас өзге де құбылыстардан ажыратудың ондаған белгісін ұсынды. Бірақ солардың ішінде негізгілері атап айтқанда мыналар: фразеологиялық единицаның мағына тұтастығы (семантическая слитность), тіркес тиянақтылығы (устойчивость), қолдану тиянақтылығы (воспроизводимость) [1] .
Осы негізгі белгілеріне сүйене отырып, фразеологизмге мынадай анықтама беруге болады: құрылым құрылысы тұрақты әрі тиянақты, сыңарлары біртұтас мағынаны білдіретін және дара тұлғаланатын, сондай-ақ тұтас күйінде өзге де сөздермен тіркеске түсе алатын, форма жағынан синтаксистік единица (сөз тіркесі, сөйлем), мазмұн жағынан лексикалық единица (сөз) түріндегі тілдің мағыналық бірлігін фразеологизм деп атаймыз.
Фразеологизмдердің құрамы мен құрылысы тұрақты болып келеді
Түркі тілдерінің қыпшақ тобындағы тілдердің фразеологизмдерін зерттеу барысында қайсыбір түркі тілдерінде жалпы түркілік сөзжасамда кездеспейтін құрылымдар пайда болып отырғандығы анықталды. Әсіресе, бұл қазіргі Ресей аумағында өмір сүріп жатқан татар, башқұрт, қарайым тілдерінде байқалады.
Жалпы, қыпшақ тобына енетін қыпшақ-бұлғар және біршама қыпшақ-половец тобындағы тілдердің сөзжасамы аздап орыс тілінің әсеріне ұшырағандығын зерттеушілер де жоққа шығармайды. Бұл жайында батыс қыпшақ тобындағы тілдерді зерттеген К.Мусаевтің еңбектерінде кездестіреміз [2].
Әдетте, зерттеу еңбектерінде фразеологизмдердің грамматикалық құрылымын тек тірек сөз тұрғысынан (есімді, етістікті т.б.) қарастыру үрдіс алған. Ал, олардың құрылымындағы өзгерістердің сырын жақын туыстас тілдердмен тарихи тұрғыдан салыстыра зерттеуге қатысты еңбектер жоқтың қасы. Оның үстіне, түркі тілдеріндегі күрделі сөздер мен фразеологизмдер проблемасының әлі де басы ашылмаған тұстары да жоқ емес.
Айталық, С.Муратовтың еңбегінде -лы, -лі тұлғалы құрылымдардың күрделі сөз, не фразеологизмдердің қатарына қосылатыны жайлы түркологтардың бір пікірде емес екендігі айта келе түркі тілдерінің сөзжасам заңдылығы тұрғысынан қарағанда –лы аффиксі бар тіркесімдердің бәрі күрделі сөз бола бермейтіндігін айтады. [3, 56 б.].
Мысалы, қазақ тілінде де осы құрылымдағы фразеологизмдер көбі жай тіркес, яғни күрделі сын есім ретінде кездеседі. Мысалы, сұлу мұртты, қызыл шырайлы, толық жүзді, т.б. Ал, татар, башқұрт, ноғай, қарашай-балқар, құмық тілдерінде бұл құрылымдар фразеологиялану дәрежесіне көтерілген. Ойымыз дәлелді болу үшін төмендегі мысалдарға көз жүгіртуге болады.
Қазақ тілінде Башқұрт тілінде
көңілі ашық асык күңелле
жүрегі қара кара йөрәкле
тас жүрек каты бәғерле
тілі ащы әсе телле
осло колаклы
үлкен жүректі оло йөрәкле
Қазақ тілінде Татар тілінде
Үлкен сезімталдық сизгер табигатле
үлкен ілтипат кызу табигатле
ыстық көңіл жиңел табигатле
жиңел табигатле
авыр табигатле
жұмсақ көңіл-күй йомшак табигатле
Қазақ тілінде Ноғай тілінде:
бай, бақуат, тұрмысты калын елкели
қолы тар тар куллы
көңілі тар тар халыклы/күңелле
тар эчле іші тар
Қазақ тілінде Қарашай-балқар тілінде:
ақылы онша емес айыу акъыллы
шебер алтын къоллу
аузы жаман аман ауузлу
тілі майда ариу тилли
бақытты ачыкъ мангылыйлы
қатігез адам къара джюрекли
ақ көңіл ачык жюрекли
уәдеге берік бир тилли, бир сезлю
Қазақ тілінде Құмық тілінде
ашық көңіл ачык генгюлю
қара жүректі къара юрекли
тас жүрек къаты юрекли
ащы тілді аччы тилли
қара жүзді кьара юзлю болмакь
Аталған фразеологизмдердің барлығы да қазақ тілінде керісінше байланысып, жай тіркестерді құрайды. Мысалы: көңілі ашық, жүрегі қара, жүрегі қатты, тілі ащы т.б.
Құмық тілінде де аталған фразеологизмдердің құрылымының өзгеруі оларды жай тіркестерге айналдырады екен: «Изменение структуры данных фразеологизмов приводит к образованию простых предложении с парадигматикой притяжательности числа: аччы тилли тили аччы; ач гезлю гези ач; таза юрекли юреги таза» [4, 110 б.].
Башқұрт тілінің фразеологизмдерін зерттеген З.Г. Ураксин башқұрт тілінде де аталған құрылымдағы фразеологизмдердің құрамы ауысып келгенде, олар жай тіркеске айналып кететінін көрсетеді: «Второй компонент таких словосочетании является пройзводным прилагательным, образованным от существительных. По семантике эти фразеологизмы совпадают с субстантивными единицами модели «прилагательное существительное» по существу многие от них и образуются. Допуская изменение структуры, они могут быть преобразованы в простые предложения и принимать парадигмы притяжательности и числа. «Әсе телле теле әссе (у кого язык злой, колючий) кәкере куллы «нечистый на руку» кулы кәкере (у кого л. рука не чиста)» [5, 59 б.].
Демек, мұның өзі түркі тілдеріндегі күрделі сөз мәселесінде әлі де болса тереңдете зерттейтін тұстары бар екенін көрсетеді. Яғни, аталған –лы аффиксті компонентті тіркесімдер қыпшақ бұлғар тобындағы тілдерде лексикалану сатысына көтеріліп, образды фразеологизмдерге айналған. Ал, басқа түркі тілдерінде ол құрылымдар күрделі сөз дәрежесінде қалған.
-сыз, -сіз жұрнақтары арқылы жасалған фразеологизмдер де қыпшақ тобында біркелкі емес. Бұл тәсіл негізінен татар, башқұрт, және ноғай тілдерінің басын біріктіреді.
Қазақ тілінде Татар тілінде
сыйсыз адам сөйкәмсез сөяк
мәдениетсіз адам сөмсез сыер
мылжың жиелсәз тегермән
ашқарақ төпсез мичкә
тамақсау төпсез тамак
Қазақ тілінде Башқұрт тілінде
қолы тар, пес қомсоз кеше
Қазақ тілінде Ноғай тілінде
арық, жүдеу, кедей елкесиз болув
қатігез адам кансыз аъдем
тәрбиесіз тайпасыз бала
Туынды сын есім зат есіммен тіркесіп фразеологизмге айналуы қазірге тек татар тілінің материалында ғана кездесті.
Мысалы: алғашқы компоненті лы/лі жұрнақты туынды сын есім болатын фразеологизмдер татар тілінде:күзле бүкән, аяклы каза, сөйкәмле сөяк — «ұнамды адам», тамгалы агач — «танымал адам» т.б
Түркі тілінің қыпшақ тобында басқа тілдерде бұл үлгідегі фразеологизмдер көп емес.
Сөз тіркестері тарихында олардың құрылымдық, тұлғалық және мағыналық жағынан ажырамаған, диффуздық күйінен дифференциялану, дараланушылық бағытына қарай өзгеріп отырғандығы байқалады.
Мысалы, көне түркі тілдерінде меншіктілік, арнау, бір заттың бойында екінші бір заттық қасиеттің бар екендігі сықылды қасиеттерді -лы/ -лі/ -лық/ -лік тұлғалы сын есімді есім сөз тіркестері білдірген болса, кейін осы мағыналар айқындала түсіп, -лық тұлғалы сөз тіркестері арнау мәнін, ал -лы тұлғалы сөз тіркестері заттық қасиеттің басыңқы мүше арқылы айтылатын заттың бойында бар екенін білдіретін болып қалыптасты.
«Мұқаддимат әл-Әдаб» сөздігінде -лық тұлғалы мираслық мал (88) – мұралық мүлік, оғланлық хатун (354) – балалы әйел, сүтлик қой (890) – сүтті қой, йазлық от (54) – жаздық шөп, калканлық ер (262) – қарулы еркек, қара башлық қой (285) – қара басты қой сынды сөз тіркестері жиі кездеседі.
«Құтадғу білік» жазба ескерткіштері бойынша жасалған зерттеулерде де дәл осындай құбылыс байқалады. Мысалы, биликлик киши (ҚБ) – білімді кісі, чығайлық йолы (ҚБ) — кедейлік жолы. Жалпы алғанда, ескерткіштер тілін зерттеуде -лы тұлғасынан гөрі лық тұлғасының өте жиі қолданылатындығы анықталды.
ХVІІ ғасырдың басында жазылған Қадырғали Жалаиридің «Жамиғат-тауарих» атты шежіресінің тілін сөз еткен Р.Ғ.Сыздықова зерттеу еңбектерінде -лы тұлғалы мынадай тіркестерді келтірілген: ғақыллы зағифа — ақылды әйел, еслі зағифа — есті әйел [6, 27].
Дәл осы тәрізді «Шыңғыснама» мәтінінде -лы, -лі тұлғасы қатыстылықты, тәндік ұғымды білдіреді. Мысалы, йосақлы аға — жасақты аға. Сонымен, «Мұқаддимат әл-Әдаб» сөздігі тілінде -лы, -лі тұлғалы есім сөз тіркестерінің кездеспейтіндігі анықталды. Бұдан кейінгі кездегі жазба мұралары Қадырғали Жалаиридің «Жамиғат-Тауарих» [6], Әбілғазы бахадүр ханның «Түркі Шежіресі» [7], Өтеміс қажының «Шыңғыснама» [8] атты еңбектер тілдерінде -лы, -лі тұлғалы есімді сөз тіркестер жиі қолданылатындығы мәлім болды. Демек, бұл тәсіл түркі тілдерінде о баста жай тіркес түрінде қалыптасқанымен, кейіннен лексикаланып образды тіркестерге айналса керек.
Қыпшақ тобындағы тілдердің грамматикалық құрылымындағы айырмашылықтың бірі бұл топтағы татар, башқұрт, қарашай балқар, құмық тілдеріндегі теңеу тәсілдерінің жасалуындағы шылау сөздерге (қазақ тілінде: сияқты, секілді;, қарақалпақ тілінде: мисли, секилли, татар тілінде: кебек;; башқұрт тілінде: кеүек, ноғай тілінде: секилли, қарашай-балқар тілінде:кибик, құмықша: иймик) байланысты болып отыр.
Мысалы, башқұрт тілінде: Һолок кеүек «сүліктей» , тат: ике тамчы су кебек; қарашайбалқар тілінде: жарлы юйню киштиги кибик; құмық тілінде: ярлы уъйню мишиги йимик «жүдеу, кедей адам жайлы».
Қыпшақ тобы тілдерінің ішінде тек татар, қарашай-балқар тілінде, чы/чі тұлғалы құрылым кездеседі: Мысалы, татар тілінде: тәрелке ялаучы «подлиза»; төтен санаучы «өсекші» т.б. Қарашай-балқар тілінде: ауузу бла семиз кесиучю «ауызбен іс тындыратын адам» т.б.
Демек, қыпшақ тобы тілдерінде сындық ұғымдағы фразеологизмдер жасауда айырмашылықтар қалыптасқан. Түркі тілдерінің қыпшақ тобындағы тілдердің зат есім мен етістік тіркесіп келетін түрі етістікті фразеологизмдер де де өзгерістер жоқ емес. Cебебі, жалпы түркі тілдерінде тәуелдене келіп септелетін байланыстың түрі татар, башқұрт тілдерінде жоғала бастағандығы байқалады.
Мысалы:
Қазақ тілінде Башқұрт тілінде Татар тілінде
аузы күю; кан
кайнау ауыз бешеү
көңілі қалу күңел сүрелу
тілі шығу тел чишелеү
ашуға тию асыуға тейеү
ығырға тию елкәге тейеү
күшіне сену көшкә салыну
Табыс септігі арқылы тура меңгеріле байланысқан фразеологизмдер:
Қазақ тілінде: Башқұрт тілінде:
Ақылын жоғалту Акылды юйыу
Басын жоғалту Башты ашау
Есін жию Исте йыйыу
Зат есім жатыс септігінде келіп етістікпен тіркескен байланыстар:
Қазақ тілінде: Башқұрт тілінде:
есінде болу башта булыу
көзінде ұстау күззә тотоу
Яғни бұдан шығатын қорытынды қыпшақ тобындағы тілдерде толықтауыштық қатынастағы меңгеріле байланысу арқылы жасалған фразеологизмдердің құрамында алшақтықтар қалыптасқан. Бұл алшақтық тілдің заңды тарихи дамуының нәтижесі.
Башқұрт, татар тіліндегі осы үлгідегі фразеологизмдер кейіннен орыс тілінің әсерінен қалыптасқан үлгі болса керек деген ой түюге болады. Мұндай құрылымдардың көне түркі және орта ғасырлық жазба ескерткіштер тілінде кездеспеуі бұл өзгерістердің түркі фразеологизмдерінің қалыптасуындағы кейінгі дәуірлердің ізі болуы мүмкін деген ойға жетелейді.
Қорыта келгенде, қыпшақ тобы тілдерінде түркілік сөзжасамда кездеспейтін құрылымдар пайда болып отырғандығын анық. Бұл мәселе келешекте өз алдына арнайы зерттеуді қажет етеді.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1 Кеңесбаев I. Қазақ тілінін фразеологиялық сөздігі. – Алматы, 1977. – 590 б.
2 Мусаев К.М. Лексика тюркских языков в сравнительном освещении. – М.:Наука, 1975. – 357 с.
3 С.Ф.Муратов Устойчивые словосочетания в тюркских языках, М.: Наука, 1961.– 130 с. 4 Абдуллаева А.З. Основы фразеологий кумыкского языка в сравнительный освещении. – М., 2001. – 152 с.
5 Ураксин З.Г. Проблемы этимологии тюркских языков / Сборник статей. – Алма-Ата, 1990. – С. 395
6 Сыздықова Р.К. Қадырғали Жалайридің «Жами ат тауарих» атты шығармасының тіліндегі тұрақты сөз тіркестері // Ескі жазба ескерткіштері туралы зерттеулер. — Алматы:
Ғылым, 1983. – 202 б.
7 Әбілқасымов Б. Әбілғазы ханның Түркі Шежіресі және оның тілі. – Алматы, 2001. – 164 б.
8 Өмірбаев Е. Ескі қазақ жазба тілі үлгілеріндегі лексика-семантикалық және сөзжасамдық ерекшеліктер (ХV-ХVІІ ғасырлардағы жазба ескерткіштер материалдары бойынша). – Алматы, 2007. – 122 б.
Г.К. Абдирасилова, К.С. Калыбаева, Б.О. Сагындык
СТРУКТУРНЫЕ ИЗМЕНЕНИЯ ФРАЗЕОЛОГИЗМОВ
ТЮРКСКИХ ЯЗЫКОВ В РОССИИ
В статье рассматривается рассматривается грамматическая структура фразеологизмов близкородственных тюркских языков, автор старается расскрыть причину некоторых структурных изменении во фразеологизмах не типичные для тюркских языков кипчакской группы.
G.K.Abdirasilova, K.S. Kalybaeva, B.O. Sagyndyk
STRUCTURAL CHANGES OF PHRASEOLOGISMS
TYURKIAN LANGUAGES IN RUSSIA
Comparing peculiarities of forming of partly common phraseologies (partly equivalent) structural, semantic development and forming peculiarities of the Kypchak group languages defines development of Turkic languages and ways of separation.