Сары би

Сары би

Тама елінің Сары би деген ақылгөй ақсақалы Даттың үйінде түстеніп отырғанда Сырым баланың әр сөзіне риза боп, оған мынадай өсиет айтыпты:

Балам, бұл дүниеде алты ұлы сөз бар, соны есіңнен шығармай — күр, ел алдында беделді, сыйлы боласың. Егер ол сөзді ұмытсаң халық сенің маңайыңа жоламай аулақ қашады. Сырым: Ол қандай сөз еді, ата, айтыңызшы?

Сары би:
— Арлы — ожданды бол!
— Елге деген парызыңды ұмытпа!
— Намысыңды жастан сақта!
— Халқыңды алалама!
— Жақыныңды жаралама!
— Қалысыңды қаралама!

Сары би айтқан осы алты өсиетті Сырым шешен қартайғанша есінде сақтап жүріпті.

Сауле Мешітбайқызы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *