МЕДИАМӘТІНДЕРДЕГІ ДІНИ СТЕРЕОТИПТЕР

А.С. Адилова
Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті
Қарағанды, Қазақстан adilova2010@mail.ru

МЕДИАМӘТІНДЕРДЕГІ ДІНИ СТЕРЕОТИПТЕР

Қоғамдық өмірдің саяси-идеологиялық, экономика-қаржылық, мәдени-әлеуметтік, салаларындағы әр алуан қатынастарды, жаңалықтарды, мақсат-міндеттерді, өзгерістерді бұқараға жедел жеткізіп отыратын құралдардағы мәтіндер өз эволюциясында түрліше аталғаны белгілі. Қазіргі кезде медиамәтіндер арқылы танылып, қабылданып, бағаланып жүрген саланың бірі – дін саласы. Қандай да бір лингвомәдени кеңістіктің мүшелері әлемдегі конфессиялардың ұстанымдары, құндылықтары туралы мағлұмат-деректерді бұқаралық ақпарат құралдары арқылы алып, соған сәйкес өз пікірлерін қалыптастырады. Соңғы 15-20 жылдың көлемінде медиамәтіндерде жиі кездесетін «ислам қатері» ұғымының пайда болуына медиатизация себеп болып отырғаны сөзсіз. БАҚ белгілі бір оқиға, құбылыс жөнінде тек ақпарат беріп қана қоймай, бағалау арқылы сол болмыстың адресат санасында стереотип ретінде қалыптасуына да ықпал етуде. Соның нәтижесінде қазіргі кезде ислам дініне қатысты тұрақты түрде қолданылып жүрген стеретиптер пайда болғаны, олардың өзек репрезенттері қазақ және орыс тілдерінде бірдей екені нақтыланды. Ал перифериясындағы вербалды құралдар әскери және зоолексиканы қамтитыны байқалады.

Тірек сөздер: медиамәтін, медиатизация, «ислам қатері», стереотип, өзек репрезенттер, бағалау

Белгілі бір лингвомәдени кеңістіктің мүшелері туғаннан бастап қандай да бір дін өкілі ретінде сол діннің негізгі қағидаларын біліп, өзімен көрші адамның басқа конфессияны ұстанатынын көріп өседі, яғни оның дін туралы көзқарасы отбасында қалыптасып, айналадағы адамдардың іс-әрекеті, ұстанымдары арқылы орнығады. Міне, осы көзқарас, ұстанымды бұзып, қандай да бір дін туралы жаңа пікір қалыптастыруға мәжбүрлейтін бір феномен – бұл тақырыптың медиатизация үдерісіне ұшырауы.
Әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдарда қолданылып жүрген бұл терминнің пайда болуы медиамәтін сөзінің ғылыми айналымда бұрыннан белгілі журналист мәтіні, публицистика мәтіні, газет, теле- және радио мәтіні, жарнама мәтіні, Интернет-БАҚ мәтіні, PR мәтіні деген ұғымдардың жаңа атауы ретінде орнығуымен тікелей байланысты. Аталған мәтіндер ақпараттық, әсер ету, бағалауыштық, ағартушылық-танымдық, гедоникалық функциялары арқылы адресатқа ықпал ететіні және қоғам мүшелері әр саладағы сан алуан оқиға, құбылыс, дерек, мәліметтерді осы мәтіндердегі сипаттау және бағалау арқылы қабылдап, олар жөнінде пікір қалыптастыратыны белгілі. Қазір кеңінен белгілі анықтама бойынша: «Медиатекст (media text, media construct) – сообщение, изложенное в любом виде и жанре медиа (газетная статья, телепередача, видеоклип, фильм и пр.); а «Медиа (media, mass media) – средства (массовой) коммуникации – технические средства создания, записи, копирования, тиражирования, хранения, распространения, восприятия информации и обмена ее между субъектом (автором медиатекста) и объектом (массовой аудиторией)» [1]. Ал осы сөз негіз болған дериват «медиатизация» терминін зерттеуші В. Хруль дін саласына қатысты былайша анықтайды: …медиатизация – использование средствами массовой информации религиозного сегмента реальности для достижения всего спектра своих целей, традиционно связанных прежде всего с воздействием на аудиторию. …В рамках парадигмы медиатизации религия становится объектом сканирования и трансляции [2, 65].
Жалпы алғанда, бұқаралық ақпарат құралдарында дін тақырыбы жиі көтерілмейді, себебі қазір әлемдегі діндердің қай-қайсысы болса да, өзінің негізгі қызметі, қағидаттары, құндылықтары арқылы емес, белгілі бір кеңістіктегі қандай да бір саяси, әскери, идеологиялық, көбіне қылмыстық факторлармен байланысты аталады. Бұл орайда ресейлік ғалымның пікірін келтіре кеткен дұрыс: «в процессе медиатизации СМИ становятся главным субъектом, влияющим на формирование представления о религии и религиозных ценностях в публичной сфере. Медиатизация подразумевает, что СМИ констрируют образ реальности, а не просто отражают ее» [2, 67]. Ол бұл пікірді бұқаралық ақпарат құралдарын зерттеуші шетелдік, ресейлік ғалымдардың және Москва мемлекеттік университеті журналистика факультеті ұйымдастырып, өткізген «Религия в информационном поле российских СМИ» зерттеуінің есебі нәтижесіне сүйене отырып жасайды. Дін саласының медиатизацияға (медиалануға) ұшырауының ең қарапайым мысалы – мешіт, шіркеулер тарапынан жасалатын түрлі қайырымдылық іс-шараларының теледидардан көрсетіліп, барлық бұқаралық ақпарат құралдары арқылы медиакеңістікте насихатталуы. Барлық конфессияларға тән қайырымдылықты білдірмей жасау қағидаты сақталмайтыны өз алдына, бұл қарапайым халықтың әрқилы реакциясын тудыратыны сөзсіз.
Діни тақырыпқа жазылған көптеген мақалалардың негізгі мазмұны оларды жағымсыз тұрғыда көрсететіндіктен, діни сауаты аз, діннің негізгі ұстанымдарын білгенмен, оларды өзінің жеке басының азаматтық, адамгершілік, этикалық ұстанымымен қабыстыра алмаған басым көпшілік көбіне басқа бір адамның, яғни журналистің немесе баспа ұжымының көзқарас-тұжырымын қабылдап, соның бағалауымен келісуге мәжбүр.
ХХ ғасырдың соңы мен ХХІ ғасырдың басында медиатизация нәтижесінде пайда болған стереотиптің бірі – «ислам қатері» ұғымы. Бұл тіркес тура осы қалпында қазақ тіліндегі мақалаларда кейінгі жылдары байқала бастаса, орыс тіліндегі газет материалдарында, ғылыми, ғылыми-көпшілік еңбектерде 10-15 жылдың көлемінде «исламская угроза» түрінде үнемі қолданылып келеді. Қазір бұл тілдік бірлік ислам терроризмі (исламский терроризм) сөз тіркесіне синоним ретінде де жұмсалып жүр, ал мұның өзі адресаттың діни сезімі мен санасына мүлде теріс әсер етері анық.
Осы сөз тіркестерінің құрамындағы «қатер», «қауіп» сөздерінің лексикографиялық деректерін қарастырып көрелік. «Қазақ тілінің сөздігінде» қатер – «Тосыннан кездесетін қиындық, қауіп» [3, 387] деп, ал «Қазақша-орысша сөздікте» — «опасность, угроза» [4, 519] деп берілген. Осы екі дефиниция да қауіп сөзімен нақтыланған. Бір қызығы, С.И. Ожеговтің сөздігіне «угроза» сөзі енгізілмеген, ал оның синонимі ретінде аталатын «опасность» лексемасы былай түсіндіріледі: ОПАСНОСТЬ, -и, ж. 1. см. опасный. 2. Возможность, угроза чего-н. очень плохого, какого-н. несчастья [5]. Ал Д.Н. Ушаковтың авторлығымен шыққан сөздікте аталған екі сөздің де мағынасы түсіндірілген: угроза — 1. Обещание причинить комучему-н. какую-н. неприятность, зло. 2. Опасность, возможность возникновения чего-н. неприятного, тяжкого….; опасность — 1. Возможность, угроза бедствия, катастрофы, чего-н. нежелательного. 2. Отвлеч. сущ. к опасный (книжн.) [6].
Байқалып отырғанындай, сөз тіркесі компоненттерінің екі тілдегі мағынасы да қиындық, жамандықпен, жағымсыз нәрсемен байланыстырылады, тек қазақ тіліндегі анықтамада тосындыққа назар аударылса, орыс тілінде жалпы мүмкіндік семасы басым түсетін сияқты. Аталған сөздердің жағымсыз мағынасы екі тілдегі мәтіндерде үнемі көрініп отырады.
Осы ұғымды вербалдайтын, қазір газет, интернет материалдарында өте жиі кездесетін, жинақтау мәні бар сөздер қатарына төмендегілерді жатқызуға болады: терроризм, діни экстремизм, фундаментализм, ислам пуританизмі, радикализм, сепаратизм. Бұларға қосымша эмоционалды-экспрессивті бояуы айқын содыр, лаңкес, лаңкестік, кері ағымдағылар, теріс пиғылдылар, қысқабалақтар, уахабилер, мақсаты бөтен ағымдар, жиһад, жиһадшылар т.б. атауға болады.
Келтірілген сөздердің арасында кірме элементтер, қазақтың семантикасы жаңарған байырғы сөздері, синтетикалық және аналитикалық тәсілмен жасалған номинативтер байқалады. Осы сөздердің жағымсыз бояуы грамматикалық семантика арқылы берілетіні де көрінеді, мысалы, қанды қырғын жасады, қысым жасады, терроршы жойылды т.б.
Бұл ұғымды вербалдайтын перифериялық аймақта діни ахуал, діни жағдай, діни сана, діни бағыт, авторитарлық, тоталитарлық және теократиялық басқару жүйесі, толеранттық, діни қақтығыстар мен соғыстар, дүрдараздық, шовинизм, фанатизм, өзара құрмет көрсету мен түсінісу, ұлтаралық келісім мен діни төзімділік, конфессияаралық диалог пен діни құқықтық саясат, діни төзімсіздік, діни мәдениет, діни төңкеріс пен қантөгіс, бірін-бірі кәпір, пасық санау, сәләфилер, уаһһабшылар, хизбшілер, ахмадия, таблиғшылар және кейінгі құраншылар, дәстүрлі діни жолдан тайғандар, діни сенімі мен ұстанымына құлшылық-ғибадатына күмән келтіріп, кінәләу, шетелдегі ислам орталықтары миссионерлері, астыртын ұйым құру, шетелдік «Таблиғи Жамағат» радикалды қозғалысының үгіт-насихат әрекеттері, өздері киім кию үлгісі мен құлшылық ғибадаттағы өзгешеліктермен, ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрімізді толық мойындамауымен ерекшелену, жалпы қоғам арасында іріткі салу, дау-жанжал шығаруға бейім, мемлекеттік шекараны мойындамау, мұсылмандарды бір-біріне айдап салу, діни топтарға бөліп, іштей іріткі салып, елдегі ішкі татулықты бұзу, жас ұрпақты өздеріне тарту, араларында ұрыстартыс шығару, радикалданған «Ислам мемлекетінен» туатын қатер, қарқыны да, ниеті де қатты, шектен шығып барады, адамға жасаған айуандық әрекеттері, жазықсыз жандарды ату, асу, басын кесу, қанды судай ағызу т.б. сияқты теріс бағалауға негізделген тілдік бірліктерді байқауға болады.
Келтірілген тілдік құралдардың басым бөлігі номинативтік және атрибуттық мағынада бұқаралық ақпарат құралдарында соңғы 5-10 жылдың шамасында үнемі қолданылады, сондықтан біртіндеп стереотипке айналып бара жатыр деуге болады. Бұл мысалдар талдамалық және ақпараттық жанрдағы газет мәтіндерінде жиі кездеседі.
Орыс тілінде бұл ұғымды периферияда көбіне мынадай тілдік құралдармен сипаттаған:
религиозная ненависть, кровавыми и многочисленными взрывами, организаторы бойни, всплеск религиозной вражды, жестокость религиозных террористов, террористические ячейки, потенциальная мишень для ударов со стороны остального мира в ответ, боевики, атака на христианские церкви, массовая, организованная и жесткая атака, кровавые отголоски своих крутых виражей, яркая антизападная ориентация, пропитана столь сильной ненавистью, зашкаливает т.б.
Байқалып отырғанындай, қазақ және орыс тілдерінде «Ислам қатері» ұғымының тілдік өзегі бірдей, ал перифериясының эмоционалдық, стилистикалық бояуы жағымсыз бағалауға негізделген.
Осы ұғымды вербалдайтын семантикалық өзекті сөздерді лексикографиялық тұрғыдан нақтылап көрейік.
«Терроризм» – латынның terror сөзінен шыққан. Қазақша баламасы «қорқыныш, үрей» деген мағынаны береді.
“Экстремизм” термині ХХ ғасырдың екінші жартысынан бастап қолданысқа енген. Экстремизм латынның extremus – крайний деген сөзіен шыққан. Яғни, «ең соңғы, төтенше» деген мағынаны береді. Бірақ баспасөз беттерінде лаңкестік деп аударылып жүр. Лаңкестік ұғымы ылаң салу, бүлік шығару, бұзақылық жасау деген ұғымға жақын келеді. Ал экстремизм ұғымы кеңірек мағынада. Экстремизмнің түрлерінің бәрі – терроризм, расизм, этноцид, геноцид – күш қолдануға сүйенген.
Діни экстремизм: Ислам құндылықтарын сақтау жолында үндеу тастаған өздерінің пікірлестерін діни принциптерді бұзушылар деген айыптаулармен кінәлайды. Діни-саяси экстремизм болса, әртүрлі діни пікірлерге негізделгеніне қарамай, олардың іс-әрекеттері Қылмыстық істер кодексінің баптарына сәйкес келеді. Яғни, діни-саяси экстремизм – діттеген саяси мақсаттарына қол жеткізу үшін, дінді қалқан ете отырып әрекет етуші, дінге ешқандай қатысы жоқ іс-қимыл. Басқаша атағанда – терроризм (лаңкестік). Мұндай әрекеттер көбіне мемлекеттің құрамын күшпен өзгертуге немесе үкіметті басып алуға бағытталады. Қауіпті жағдайға айналған осындай әрекеттерді іске асыру, көбіне қарулы топтар құрып, өзара өшіктіру әдістерін қолдану арқылы дін және ұлттық қайшылықтарды қоздырумен, сондай-ақ адам құқын жаппай бұзумен қатар жүреді.
Радикализм – жанама түрде, мейлі дінде, мінез-құлықта, пікірде болсын, қалыпты, дұрыс деп қабылданған деңгейден ауытқу.
СЕПАРАТИЗМ саяс. Бөлінушілікке, оқшаулыққа бой ұратын саяси ағым [3].
«Джиһад» сөзі «күрес, күш жұмсау, соғыс» мағыналарын береді. «Қазіргі заманның араб тілінің сөздігіндегі» «джиһад»: «Келісімге отырмаған кәпірлермен соғыс немесе Аллаһтың жолындағы соғыс. Дінді немесе отанды қорғау үшін соғысу. Бірақ бұл сөз тек жаулармен соғысу мағынасында ғана емес, нәпсімен, шайтанмен күресу мағынасында да қолданылады».
Лаңкестік. Саяси-әлеуметтік себептерге байланысты жеке адамға, көпшілікке немесе мемлекетке қысым жасау, үрей туғызу мақсатында қасақана жасалатын қылмыстық іс-әрекет. Ал орыс тіліндегі лексикографиялық деректерде бұл сөздер төмендегіше түсіндірілген:
ТЕРРОР, -а, м. 1. Устрашение своих политических противников, выражающееся в физическом насилии, вплоть до уничтожения. Политический т. Индивидуальный т. (единичные акты политических убийств).; 2. Жесткое запугивание, насилие. Г. само-1 дура. || прил. террористический, -ая, -ое (к 1 знач.). Г. акт. [5].
Терроризм (Terrorism) – один из вариантов тактики политической борьбы, связанный с применением идеологически мотивированного насилия [6].
«Экстремизм (от лат.extremus – крайний) — приверженность к крайним взглядам, мерам (обычно в политике)» деп түсіндірілген Фундаментализм.
Исламский пуританизм. Бұл тіркестегі «пуританизм» сөзі қазақ, орыс тілдерінің түсіндірме сөздіктерінде тіркелмеген. С.И. Ожеговтің сөздігінде «Пуританин» вокабуласында берілген анықтама төмендегідей:
«1. Одно из направлений протестантизма в Англии, требующее освобождения его от остатков католицизма.
2. Человек, в своих религиозных взглядах придерживающийся такого направления.
3. Человек, придерживающийся очень строгого образа жизни» [5].
Ал Д.Н. Ушаков бұл сөзді «1. Участник религиозно-политического движения английской буржуазии в 16-17 вв., направленного против феодализма и ставившего целью очищение английской церкви от остатков католицизма (истор. религ.) [6].
Вообще – последователь какой-н. из разновидностей протестантизма, проповедующих аскетическую строгость нравов, быта (книжн.).
2. перен. Человек, являющийся сторонником чрезвычайно строгого, аскетического уклада жизни (книжн. устар)» деп түсіндіреді.
СЕПАРАТИЗМ, -а, м. (книжн.). Стремление к отделению, обособлению [5].
СЕПАРАТИЗМ, (от лат. separatus – отделенный). Стремление к отделению, обособлению от большинства с той или иной целью (книжн.). || Политическое движение, направленное к отделению какой-нибудь области от государства (полит.) [6].
Байқалып отырғанындай, бұл тілдік бірліктер сөздіктерге кейіннен енгізілгені байқалады және бұл қоғамдық, әлеуметтік, тарихи, саяси, мәдени, діни трансформация нәтижесінде адам санасында, дүниені танып-білуінде, қабылдауында болып жатқан өзгерістерді вербалдау, тіркеу талабынан туындаған. Алайда фундаментализм және пуританизм лексемаларынан басқаларының бәрі дерлік саяси деген стилистикалық белгіге ие, соған қарамастан барлық жанрдағы медиамәтіндерде шектеусіз қолданылуда.
Медиамәтіндерде бағалау екі түрде көрінеді: 1) абсолюттік бағалау; 2) салыстырмалы бағалау. Бірінші, абсолюттік бағалау барысында «жақсы/жаман» нұсқалары қолданылса, екінші, салыстырмалы бағалауда «артығырақ/нашарлау» сияқты модель жұмсалады әрі ашық немесе жасырын түрде беріледі. Жасырын бағалау не имплицитті түрде, яғни сөз мағынасы арқылы беріледі (бағалауыштық метафоралар, эвфемизмдер т.б.), я болмаса эксплицитті түрде (нақты сөз арқылы емес, контекст арқылы) беріледі.
Мәселен, «Егемен Қазақстан» газетінің сайтындағы мына мақалалардың вербалды қабатына назар аударалық:
«Ислам мемлекеті» тобының содырлары Ирактың «Анбар» елді мекенде қанды қырғын жасады, деп хабарлайды. Ирак үкіметі 50 адамның қаза тапқанын хабарлады. Қаза тапқандар болжаммен Албу Нимр қауымының өкілі. Ел билігінің ойынша, бұл жиһадшыларға көрсетілген қарсылық үшін жасалды. Қоса кету керек, қауым өкілдері «Ислам мемлекетіне» бірнеше апта бойында қарсылық көрсеткен еді, бірақ соңғы уақытта олардың қару-жарағы мен азық-түлігі таусылып, жүздеген адам жасырынып үлгерді, ал қалғандары қоршауға алынып, қаза тапты. Бұған дейін Иракта сүннеттер тайпасының 150 адамның жаппай қорымы табылғаны хабарланған еді. Олар «Ислам мемлекеті» тобының жауынгерлеріне қарсылық көрсеткен болатын. Содырлар, болжам бойынша, Анбар елді мекенінің әкімшілік орталығы Эр-Рамади қаласының ауданындағы бірнеше ауылдың ер адамдарын өлтірген. Анбар елді мекені Бағдад қаласынан 100 шақырым қашықтықта орналасқан. «Ислам мемлекеті» жауынгерлері ер адамдарды белгісіз бағытқа қарай күштеп әкетіп, сонда жазалаған.
Мәтінде оқырман интерпретациясына қызмет ететін тұрақты образ содыр, жиһадшы, «Ислам мемлекеті» жауынгерлері сөздерімен вербалданған.
Мақаладағы эмоционалды бояуы айқын қанды қырғын, содыр, жаппай қорым, күштеп әкету, жазалау сөздерінің экспресиясы да жоғары. Сонымен қатар автордың субъективті көзарасын білдіретін сөздердің қатарында жасырынып үлгерді, қаза тапты бірліктерін атауға болады, яғни мәтіндегі бағалау ашық және абсолютті.
Ал келесі мақалада Ислам қатері ұғымының тұрақты образы ретінде содыр және «АшШабаб» тобыры, терроршы тілдік бірліктері алынған, жағымсыз бояуы ашық және қанық сөздер автордың субьективті көзқарасын білдіреді: Кенияның Гарисса қаласындағы университетке «Аш-Шабаб» тобырының шабуылы кезінде кем дегенде 70 адам қаза тауып, 79 адам жарақат алды. Бұл туралы Reuters мәліметіне сүйенген РИА «Новости» хабарлады. Бұдан алдын 15 адамның опат болып, 65 адамның зардап шеккендері айтылып еді. Кенияның апаттар зардаптарын жою жөніндегі орталығы өзінің Twitter-дегі ресми аккаунтында арнайы қызметтің шабуыл кезінде кепілге алынған 500-ден астам студентті құтқара алғанын мәлімдеді. Сондай-ақ биліктің елдің Сомалимен шектес Тана, Гарисса, Ваджира және Мандера деп аталатын 4 округінде коменданттық сағат енгізу туралы шешім қабылдағаны айтылып отыр. Коменданттық сағат сәуірдің 16-сына дейін 18:30-дан 6:30-ға дейін күшінде болады. Кения ішкі істер министрі бұдан бұрын арнайы қызмет орындарының университетке шабуыл жасаған екі терроршыны жойғанын мәлімдеген болатын. Кения билігі Гарисса қаласындағы университетке шабуыл жасаудағы басты күдікті болып саналып отырған Мохамед Мохамуд (Mohamed Mohamud) жөнінде ақпар үшін 215 мың доллар көлемінде сыйақы белгіледі. Билік оны көргендердің бәріне бұл туралы құқық қорғау органдарына хабарлауды өтінеді. Жергілікті Daily Nation басылымы Кения ішкі істер министрлігіне сілтеме жасай отырып, күдікті содырлардың бірінің оқиға болған жерден қашып кетпек болған кезінде қолға түскенін жеткізді. БАҚ-тардың мәліметі бойынша, содырлар студенттерді діни ерекшеліктеріне қарай бөліп, кепілдікке алған да, соңынан 15 мұсылманды босатып қоя берген.
Газет мақаласы оқырман ойындағы содырлар туралы стереотипті орнықтыруға бағытталған десе де болады.
Орыс тілінде аталған ұғым ақпараттық, талдамалық, сыни-талдамалық медиамәтіндерде жиі кездеседі және көп жағдайда демонизация қағидатымен сипатталады.
Автор Антон Михайлюк: «с Первой мировой войны излюбленный прием пропаганды в «цивилизованных» странах это демонизация противника путем приписывания ему всевозможных «зверств» (при этом «нехорошие» эксцессы, совершенные своими, «забываются» или оправдываются как месть за «жестокость» противника)» дей келіп, ойын «Ислам не может нанести Западу решительного военного поражения. Но он просто бесконечно втягивает его в вялотекущие конфликты, в которых Запад победить не может, но при этом несет огромные расходы, и американский долговой пузырь еще больше набухает» деп түйіндейді. Авторлық көзқарас, интенция мұсылмандардың іс-әрекетін әлемдік геосаяси тұрғыдан түсіндіру болғанымен, әскери салаға қатысты лексиканың басым болуы (враг, нанести, военное поражение, вялотекущие конфликты) кері әсер тудырады.
Осы автор Ислам әлеміндегі қайшылықты аңмен метафоралайды. Сөздік деректері бойынша: зверь – 1. Дикое, хищное животное (книжн.). 2. перен. Лютое, свирепое существо. Ол мұсылман әлемінің жаһандану үдерісіне кірігуін жыртқышқа тән белгілермен бейнелейді, яғни бұл бейнеден де қауіп күту керектігін еске салады: «Что такое «зверь»? Это воля к власти, которая, хотя и может вдохновляться какими-то ценностями, идеалами и святынями, будучи выпущенной из клетки, уже стремится победить и господствовать любой ценой. Как правило, именно она творит политику на протяжении большей части человеческой истории, в том числе и в Исламском мире, определяя характер власти как таковой».
«Ислам, Россия и Запад» мақаласында автор Ислам канондарына жоғары баға бере отырып (что это устойчивая и жесткая система, совершенно не вписывающаяся в тот интеллектуальный и культурный хаос, который царит в современном западном мире), оны «Для Запада Ислам это враг идеологический» деп тікелей, ашық және абсолюттік түрде бағалайды (http://www.nb-info.ru/antipotkin/280115.htm).
Ал аналитик Х. Сидоровтың «Ислам и будущее мира» мақаласында «Ислам қатері» ұғымы бейтарап бояулы жалпыхалықтық қолданыстағы және теріс бағалауға негізделген қоғамдық-саяси лексикамен берілген: «В свою очередь во внешнем по отношению к Исламу мире родилось представление о стратегии исламизации двойных стандартов, при которой мусульмане, стремясь к объединению и закрытию своих пространств, рассчитывают на освоение новых – сперва мирным путем, а впоследствии, присоединив их к Исламскому миру» (http://www.harunsidorov.info/2014/09/blog-post.html).
Орыс тіліндегі тағы бір мақалада «Ислам қатері» «чума ХХІ века» деп аталған. ЯН Гордеев «Ислам и мигранты» мақаласында ресейлік БАҚ-та жарияланып жатқан материалдардың барлығы қоғамда исламофобияны тудырып, ислам апокалипсисі сияқты тағы бір жаңа номинативке негіз болып отырғанын көрсетеді және өзінің бұл бағамен келіспейтінін жазады: «Меня поражает, с каким энтузиазмом в эту свару включились масс-медиа. Простой и совсем даже неинтересный людям других конфессий вопрос о строительстве мечети превратили в жуткий скандал. Обсуждение его загнали в рамки традиционного для СМИ исламофобского дискурса, вынуждая мусульман нелепо оправдываться, зачем им нужно строить мечеть (ребята, да вам какая разница). Исламофобы же получили возможность поистерить на всю страну и попугать москвичей «исламским апокалипсисом» (http://www.nb-info.ru/antipotkin/migrant301110.htm)
Сонымен, қазақ және орыс тілдерінде «Ислам қатері» ұғымын вербалдайтын сөздер қатарының өзегін бұрын бұл тілдерде қолданылу жиілігі төмен лексемалар құрайды деп санауға болады. Сонымен қатар бұл ұғымды беретін перифериялық аймақта көптеген жаңа қолданыстар пайда болып, олар қолдану жиілігіне, өзектілігіне байланысты штамп сөздерге айналып отыр. Айта кетерлік бір жайт, «Ислам қатері» ұғымының өзек репрезенттері екі тілде бірдей, саяси дискурсқа тән лексемалар болса, перифериясындағы метафоралар әскери және зоология саласына қатысты лексика арқылы берілген. Сонымен бірге қазақ тіліндегі материалдарда өзек лексемалардың қолданылу жиілігі төмен және көбіне эвфемистік сипатқа ие, мәселен, радикалды бағыт дегенді теріс, жат, кері, шетелдік ағымдар деп жұмсартып береді, ал содыр сөзі террорист сөзінің бүкіл мағыналық реңктерін толық бере алмайды.
Қорыта айтқанда, дін саласының әсіре медиалануы қоғамдық келісім мақсаттарына нұқсан келтіреді деген пікірдеміз.


Пайдаланылған әдебиеттер
1 Федоров А.В. Словарь терминов по медиаобразованию, медиапедагогике, медиаграмотности, медиакомпетентности. – Таганрог: Изд-во Таганрогского государственного педагогического института, 2010. 64 с. [Электронный ресурс]. URL: http://evartist.narod.ru (дата обращения: 30.10.2017).
2 В.М. Хруль. СМИ и религия: в поисках интегрального подхода //Вестник Московского университета. Серия журналистика. 2012, №5 – С. 60-75.
3 Қазақ тілінің сөздігі. – Алматы: Дайк-Пресс, 1999. – 776 б. 4 Қазақша-орысша сөздік. – Алматы: Дайк-Пресс, 2008. – 962 б.
5 http://tolkslovar.ru/f3184.html
6 http://ushakovdictionary.ru/

А.С. Адилова
РЕЛИГИОЗНЫЕ СТЕРЕОТИПЫ В МЕДИАТЕКСТАХ
В статье А.С. Адиловой «Религиозные стереотипы в медиатекстах»раскрываются особенности текстов средств массовых коммуникаций, рассматривающих и формирующих различные отношения, новости, цели-задачи, изменения в политико-идеологической, финансово-экономической, культурно-социальной сферах общественной жизни, которые в процессе своей эволюции номинировались по-разному. Одна из сфер, воспринимающихся в настоящее время по медиатекстам, – это религиозная сфера. Члены любого лингвосообщества получают информацию, данные о какой-либо конфессии через средства массовой информации и в соответствии с этим формируют о ней свое мнение. Именно медиатизация стала причиной появления понятия «исламская угроза», часто встречающегося в медиатекстах последних 15-20 лет. Средства массовой информации не только дают информацию о том или ином событии, явлении, но и способствуют формированию определенного их стереотипа в сознании адресата. В статье уточнено, что в результате этого появились стереотипы восприятия ислама, которые постоянно используются в медиатекстах, и ядро репрезентов этого понятия одинаково в казахском и русском языках. Выявлено, что периферия данного понятия вербализована военной и зоолексикой.

А.S. Adilova
RELIGIOUS STEREOTYPES IN MEDIA TEXTS
In A.S. Adilova’s article «Religious stereotypes in media texts» features of texts of means of the mass communications considering and forming various relations, news, the task purposes, changes in political and ideological, financial and economic, cultural and social spheres of public life which in the course of the evolution were nominated differently are revealed. One of the spheres which are perceived now in media texts is a religious sphere. Members of any lingvosoobshchestvo obtain information, data on any faith through mass media and according to it form about her the opinion. The mediatization became the reason of emergence of the concept «Islamic threat» which is often found in media texts of the last 15-20 years. Mass media not only give information on this or that event, the phenomenon, but also promote formation of a certain their stereotype in consciousness of the addressee. In article it is specified that as a result of it there were stereotypes of perception of Islam which are constantly used in media texts, and the kernel of reprezent of this concept is identical in the Kazakh and Russian languages. It is revealed that the periphery of this concept of a verbalizovan military and zoolexicon.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *