ПЕРИФРАЗДЫҢ ЗЕРТТЕЛУ ТАРИХЫНАН МƏЛІМЕТ

ПЕРИФРАЗДЫҢ ЗЕРТТЕЛУ ТАРИХЫНАН МƏЛІМЕТ
Перифраз мəселесіне қызығушылар көп болғанымен, оны түбегейлі зерттеп, түйінді пікір айтқандар шамалы. Тіпті мұның өзін дəйекті саралап, талдап беретін салиқалы еңбек те жоқ. Көбіне-көп əр алуан тақырып бойынша жазылған зерттеу жұмыстарында жол-
жөнекей, жанамалай айтылып кететін пікір болмаса, бұл проблеманы тыңғылықты қарастырудың сəті түспеген.
Аздап болса да көзге ілінетін зерттеулерде ізденушілер перифразды лингвистиканың қай саласына жататынын анық білмейді. Қайсыбіреулер мұны фразеологияның объектісі деп қараса, екінші біреулер синтаксиске телігісі келеді. Кейде перифраз троптың жəне поэтикалық фигураның бір түрі деп те қарастырылып жүр. Яғни əңгіменің бұл жағы да əзірге айқын емес.
Перифраз – сөздердің бейнелі мағынада қолдану тəсіліне жататын көркем троптың бір түрі. Негізінде сөздерді перифраздық ыңғайда қолдану – бір нəрсенің, я құбылыстың атауын, оның өзіне сүйене отырып, басқа астарлы мағынада суреттеу. Басқаша айтқанда, күнделікті тұрмыс қажеттіліктерінен туындайтын жаңа ұғымдарға байланыты өмір шындықтарын, құбылыстың кейбір ерекше реңктерін айту тəсілі. Перифраз жалпы көркем шығармаларда сөздерге я сөз тіркестеріне бейнелілік сипат беру процесіне ғана емес, сол сияқты газет, журнал беттерінде де, техникалық жəне экономикалық əдебиеттерде де кеңінен қолданылады.
Жалпы алғанда, перифраз фразеологияның ерекше салаларының қатарына жатады. Себебі перифразда сөздерді бір-бірімен тіркестірудің өзіндік ерекшеліктері бар. «Поскольку любая (индивидуальная или группо-

вая) сочетаемость лексем является фактом языка, она должна быть предметом особого раздела языкознания изучающего закономерности сочетаемости лексем. Таким разделом мы считали фразеологию» [165]. Немесе: «Если имеет смысл провести порог, за пределами которого фразеосочетание становится собственно фразеологизмом, то таким порогом по нашему мнению, следует считать возникновение коннотативности. Фразеологизмами, таким образом, оказываются все сочетания, в которых хотя бы одна семена не является отражением экстралингвистической сущности» [146].
Перифраз əр уақытта тұрақты сөз тіркесінен тұрады, əрі мағынасы коннотативті, сондықтан оның фразеология объектісі екенінде дау жоқ.
Біз перифразды фразеологияның ерекше бір тобы деп отырмыз, енді осыны дəлелдеп көрелік.
Сонымен, перифраз өзінің лингвистикалық мəніне қарай фразеологизмге жақын болады.
1. Бұл екеуінің де мақсаты тілге көркемдік, образдық, əсерлілік сипат беру, демек олардың антологиялық табиғаты бір (перифраз да, фразеологизм де – көркемдеуші құралдар).
2. Перифраз да, фразеологизм де номинативтік қызмет атқарады, яғни олар заттың, құбылыстың атауы, не солардың белгілерінің, қасиеттерінің атаулары ретінде қолданылады.
3. Перифраз да, фразеологизм де заттың, құбылыстың атын атағанда, əртүрлі қарым-қатынастарды білдіргенде, белгілі бір сөздермен лексика-семантикалық байланысқа түседі. Бұл байланысты – метафоралық байланыс деп атауға болады. Метафоралық перифраздар əр түрлі жолдармен жасалынады:
a. заттың, процестің, құбылыстың түр-түсіне қарай жасалатын перифраздар. Мысалы: қар – ақ ұлпа (белый пух).
b. заттың, процестің, құбылыстың жасалынған материалына қарай болатын перифраздар. Мысалы: паровоз – от арба (огненная повозка).
c. заттың, процестің, құбылыстың сыртқы келбетіне қарай жасалынған перифраздар. Мысалы: шайтан – сары бала (рыжый подросток).
4. Перифраз да, фразеологизм де сөздің, сөз тіркесінің мағынасын толықтырып, кеңейтіп тұрады.
5. Перифраздың да, фразеологизмнің де құрылысы ұқсас болады. Екеуі де кем дегенде екі сөздің тіркесуінен жасалады. Екеуі де өздерінің лексика- грамматикалық сипатына қарай есім тіркестер, етістікті тіркестер болып жіктеледі, «сын есім + зат есім» моделі – перифраз бен фразеологизмдердің ең кең тараған құрылымдық түрі.
6. Перифраз бен фразеологизмнің стильдік қызметтері де бір-біріне жақын. Мысалы:
a. экспрессивтік орамдар;
b. эвфемистік орамдар;
c. ирониялық орамдар екеуіне де тəн.
7. Сөйлем мүшесі ретінде екеуінің де қызметі шектеулі.
8. Перифраздардың да, фразеологизмдердің де синонимдік варианттары көп болады. Мысалы: қар – ақ алтын, ақ ұлпа, ақ көрпе, ақ мамық.
Сонымен, перифраз да, фразеологизм де екі түрлі тілдік единица болғанымен, олардың антологиялық табиғаты бір, құрылымдық жəне семантикалық мінездемесі ұқсас. Сондықтан перифраз фразеология ғылымының объектісі болады деп есептейміз.
Тіл білімінде перифраз стилистика жəне фразеология тұрғысынан да зерттеліп жүр. Əлемдік тіл білімі тарихынан байқалатынындай антик заманнан бері қарастырылған. Перифраз – «сөздің көркі» («укращение речи») деген мағынаны білдіретін грек сөзі. Яғни ол тілдің айқындылығы, анықтылығы, дəлділігі, ықшамдылығы, əсерлілігі секілді қасиеттерін əңгімелейтін лексикалық қабат.
Ал канондар перифразды əсемдікті, əсерлілікті білдіретін образды көркемдеуші тəсілге жатқызып: «Никто, думаю, не станет сомневаться, что перифраза содействует возвышенности речи. Подовно тому, что в музыке основной тон звучит приятнее благодаря так называемым созвучием, так и перифраза часто вторит главным словом и весьма содействует общей красоте», – дейді И.В. Арнольд өзінің «Риторика к Гереннию» деген еңбегінде. Осы еңбегінде перифраздың басқаша да өзгешелігі айтылған: «Описательность есть способ изложения описывающий простую вещь посредством привлечения сложимых оборотов».
Осы сияқты пікірлерді басқа антик заманының авторларынан кездестіруге болады. Мəселен, Квинтилиан: «Когда то, что может быть выражено одним или во всяком случае немногими словами, выражается многими, это называют перифразой, чем-то вроде словесного обихода, иногда необходимо именно в тех случаях, когда им прикрывают то, что будущи высказано прямо, звучало не крова; иногда же перифразы служат только целям красоты… ».
Бұл авторлардың «заттың жай атауын күрделі тіркеспен атауды перифраздар дейміз» деген пікірлерін біз де қолдаймыз. Бірақ Квинтилиан оның стильдік қасиетін таратып айтпаған.
М.В. Ломоносов та перифраз туралы осы талдауға сəйкес өз анықтамасын береді: «Парафразис есть изображение одного или немногих слов через многие, например: разоритель Карфагены вместо Сципиона…
Сей троп служит к распространению идей и оных важному приятному преставлению, а особлибо, когда действие или страдание какого-нибудь свойства или обстоятельства, часто вида или предыдующие или последующие, подовные либо противные вещи самого действия или страдания положены будут…».
М.В. Ломоносов антик авторлар мен өз замандастарының еңбегінен мысал келтіре отырып, перифрастикалық тіркестердің жасалу жолдарын анықтады. Бірақ М.В. Ломоносов өз еңбегінде бұл жолдың тек сыртқы жағдайын ғана ескертеді. Ол перифрастикалық тіркесті зат атауының орнына қайталаумашылыққа ұмтылу үшін қолданылады деген, бірақ бұл тіркестің көркемдегіш, əсерлегіш қасиетін ескермеген. А.А. Потебня өзінің «Из записок по теории словесности» деген еңбегінде перифразға мағыналық жағынан көңіл бөледі. Перифраз заттың, құбылыстың ең жақсы қасиетін суреттей келіп, эпитетке жақындайды, бірақ оның айырмашылығы заттың, құбылыстың жай атауымен қатар тұрмай, өз құрамындағы логикалық мағынаны эмоционалдық мағынамен ауыстырып тұруына байланысты дегенді айтады.
Перифраздың эпитетке жақындығын, күрделі эпитеттен перифрастикалық ұғымға ауысуын В. И. Харциев байқаған.
Зерттеушілердің көзқарасы семантикалық белгілеріне келгенде ғана əралуандана бастайды. Антикалық теорияда перифразды тек қана тілдік фигураға жатқызбай, оны күрделі метафора деп те есептеген.
О.С. Ахманованың «Лингвистикалық терминдер сөздігінде» перифразға: «а) описательное выражение, б) троп, состоящий в замене обычного слова, описательным выражением» [117], – деген анықтама береді де, поэтикалық перифраз, перифраз-табу деп бөле қарайды.
Егер перифраз жоғарыда айтқандай, көркемдеуіш
құралға жатса, əрине, бұл стилистика саласынан алысқа кете қоймайды. Өйткені стилистика дегеніміз – тіл материалдарын мағынасына, əсеріне қарай пайдалана отырып, ойды дəл ашық жəне тартымды етіп жеткізе білу үшін қолданылатын құралдар тұралы ілім. Перифраз сөзге, ойға көркемдік қасиет берсе, оны стильдік мағына демей, не деуге болады. Сондықтан да стилистер бұған көңіл бөлмей тұра алмайды.
70-жылдардың ортасында стилистика жөніндегі еңбектерде «метафоралық перифраз» термині қолданыла бастайды. Онда заттың, құбылыстың образды белгісі (сипаты – обозначение), екі не бірнеше сөзден құралып, метафоралық мағына беріп тұратынына назар аударылады.
Жалпы перифраз жəне метафоралық перифраздың стильдік мүмкіндігін зерттеудің нəтижесі əлденеше зерттеу мақалалар (А.Р. Обердорфер, 1870, 1983; И.А. Аникина, 1974; Д.П. Вовчок, 1974; А.А. Брагина,
1977, 1986) жəне диссертациялық жұмыстарда
(И.З. Ильина, 1954; И.Л. Рапшите, 1973; Г.С. Розанова, 1973) қарастырылған. Зерттеушілер бұл еңбектерінде бірнеше мəселе көтереді.
Біріншіден, бұларда метафоралық перифраздың, көркем əдебиеттегі индивидуалдық поэтикалық метафорадан айырмашылығы көрсетіледі. Бұл айырмашылықтар А.А. Брагинаның ойынша, метафоралық, перифраздың шарттылығы, əдемілігі, үйлесімділігі, танымдылығына байланысты.
Екіншіден, перифраздың функциясы (С.Я. Макарова, 1972, 1973, 1976, 1977), аталған затты суреттеу қызметі; автордың процеске, затқа, құбылысқа, сонымен бірге, сатиралық жəне эвфемизмдік қызметі (Н.В. Романовская 1978), жайы қарастырылады.
60-70-жылдары орыс жазушыларының шығармаларындағы перифраздың көркемдегіш мүмкіндігі зерттеле бастайды (В.П. Уткина, 1959; Н.Н. Иванова, А.Д. Григорьевна, 1969; Л.Н. Синельникова, 1973, 1975;
О.С. Юрченко, 1983).
Бұл жылдары стилистермен бірге фразеологтар да перифразға көңіл бөле бастайды. Стилистер перифразды тек тексте ғана көркемдеуіштің басты құралы десе, фразеологтар оны басқа фразеологиялық единицалармен ұштастырады, мағынасының тұтастығы жəне бөлшектенбейтіндігіне мəн береді.
Фразеологтар перифраздану мəселесіне жəне перифраз деп нені түсінеміз дегенге көбірек көңіл бөлген.
Б.В. Томашевскийдің еңбегінде «в описательных формулах, заменяющих обычное слово, могут быть слова «прямого и переносного» значения, а для поэтической речи более употребительны перифразы метонимического или метафорического типа» [221] деп перифраздың қасиеттерін бөліп көрсетеді. Оның бұл ойын дамыта отырып, П.Р. Гальперин: «Это такой стилистический прием, который в форменного словосочетания или целого предложения заменяет называние соответствующего пердмета или явления. Перифраз обычно выделяется одно из черт явлений, которая представляется в данном конкретном случае характерной, существенной… Наиболее частой и одновременно наиболее характерной функцией перифраза является функция дополнительной характеристики описываемого явления или предмета действительности» [147], – дей келе, перифраздың 3 тобын – логикалық, метафоралық жəне метонимиялық деген түрлерін атап көрсетеді. И.Р. Гальпериннің ойынша, перифраз дегеніміз заттың, құбылыстың өз атын атамай, оның қасиетін ғана образды немесе анықтамалы түрде суреттеп көрсету. Бұл классификацияға тура мағыналы перифраз бен ауыспалы мағыналы перифраздар кіреді.
Ал профессор А.И. Ефимов перифразды образды синоним деп қарайды. Бұған оның «Для перифразы характерно переносно – иносказательное наименование лица или предмета употребления вместо обычных речевых средств, при помощи которых дается художественное описание и создается образная характеристика предмета или явления» [156], – дегені дəлел.
А.Д. Григорьева перифразға: «Причинами, стимулирующими перифрастиность речи, может быть и желание ввести запретные предметы в поэзию (перифраза как эвфемизм) и стремление к своеобразно понятой красивости, к речевому разнообразию, и желание создать особое настроение путем затушевывания предметности, вещественности, материальности» [151], – деген анықтама береді.
А.Д. Григорьева, П.Р. Гальперин мен А.И. Ефимовтың көзқарасын қолдай отырып, перифразды поэзияда қолданудың кейбір себептерін де ашуға тырысады. Оның ойынша, суреткердің тыйым салынған заттарды поэзияға кіргізгісі келуі, немесе əдемілікке, сөз қайталамаушылыққа ұмтылуы, оқушы сезіміне əсер ету мақсаты перифраздың тууына түрткі болады. Біздіңше, А.Д. Григорьеваның бұл байымдауы дəйекті. Неге десеңіз, əрбір ақын өз шығармасының əсерлі болуын көздейді. Ал əдемілік (көркемдік) пен сезімге əсер ету образдылықтың басты белгілері. Бұл зерттеулердің қай-қайсысын алсақ та, перифраздың толық жəне қайшылықсыз жүйесін анықтап бере алмайды.
Ол перифраздың структуралық-семантикалық екі типін бөліп көрсеткен. Ю.А. Гвоздаревтің топтастыруы өзінің логикалық жүйесімен ерекшеленеді. Дегенмен, бұл да толық деп айта алмаймыз, өйткені мұнда ол номинативтік мағынадағы перифраздар («город трех революции» [149] – Ленинград, «Родина великих живописцев» – Италия), яғни құрылымы сөз тіркестеріне ұқсас перифраздарды елемеген.
Осы шолудан байқалатынындай, зерттеушілер əр алуан пікір жетегінде болғанмен, бір түйінге келіп тірелетін сияқты. Осының өзінен-ақ бұл мəселені түбегейлі зерттеу қажеттігі көрінеді.
Жалпы А.А. Потебня мен В.П. Уткинаны қолдай отырып, біздің ойымызша, перифразға тек бейнелі көркем тіркестерді жатқызғанымыз жөн болар дейміз. Бұндай перифраздар фразеологиямен тығыз байланысты. Бұл жайында В.П. Уткина өте құнды пікір айтқан: «Иносказательное выражение понятия может представлять собой словосочетание чисто индивидуальное, независимое, принадлежащее определенной личности, но вполне возможен такой случай, когда перифраза выражается с помощью словосочетания привычного, употребительного, обработанного в речевой практике коллектива и существующего долгое время в языке. Следовательно, понятие перифрастического оборота перекрещивается с различного рода фразеологизмами» [227].
Перифраз – ерекше сөз тіркесі. Ол сөздің жай ғана эквиваленті емес, ол сөздің семантикасына бір жаңалық енгізе келе, затқа, құбылысқа қосымша түр, көрініс береді. Осы орайда Т.А. Прокудинаның берген анықтамасын да есте тұтқан жөн. «Перифраза – оригинальная комбинация слов, которая не имеет эквивалента среди свободных (переменных) словосочетаний обладающая целостным значением, соотнесенная с одним денотатом, являющая образным синонимом слов, но вносящая дополнительную информацию о предмете или явлении».
Ал Н.Н. Иванова перифраз туралы: « … вопрос о перифрастическом выражении какого-нибудь явления, …действия или процесса, является и вопросом о синонимических средствах», – дегенді айтады. Н.Н. Иванованың перифразды синонимдік тəсілмен байланыстыруын орынды пікір деп ойлаймыз. Соңғы 20 жыл ішінде осы пікірді қуаттайтын көптеген еңбектердің жазылуы (В.И. Зимин, 1963; И.И. Кирсанова, 1964; С.К. Бережан, 1973; И.В. Черкасская, 1976; А.А. Брагина, 1986; Т.Қоңыров, 1966) тіпті де тегін емес.
Перифраздың фразеологизмге негіз болатынын айта келіп, Л.Н. Синельникова А.И. Моложайды қолдайды. Ол атап айтқанда перифраз туралы: «Традиционных же перифраз в общелитературном языке т.е. перифраз единицы словаря не существует: возникнув в речи, так называемые традиционные перифразы, благодаря регулярности, частоте употребления, приобретают черты, свойственные фразеологизмами », – деп жазады.
Сөйтіп, Л.Н. Синельникова перифраз бен фразеологизм арасын айырып (перифраз – сөйлеу единицасы да, фразеологизм – тілдік единица), «дəстүрлі» (тұрақты) перифраз бен «индивидуалды-авторлық перифраз» дегенді түсіндіре келіп, перифраз бен сөз – денотат арасындағы синонимдік қатынасты талдай келе перифрразды 4 топқа бөліп қарастырады:
а) перифразы – логические синонимы («работник
полей» – колхозник):
б) перифразы – соотносимые с синекдохой («люди в
синих шинелях» – милиционеры):
в) перифразы – тождество («первооткрыватель
радио» – А.С. Попов).
г) перифразы, называющие и экспресивно характеризующие денотат («желтоволосый отрок» – месяц).
Л.Н. Синельникованың классификациясында тек есім (именные) перифраздар ғана қаралып, етістікті перифраздар (глагольные) ескерілмейді. Бұл – автордың кемшілігі. Шындығында, ондай перифраздар көп-ақ. Мəселен, етістіктің перифрастикалық формалары тюркологияда біраз зерттеушілердің назарына іліккен. М.С. Михайлов бірінші рет бұл формаға анықтама беріп, оның жасалу жолдарын жəне мағыналық типтерін ажыратып көрсеткен. Д.Г. Тумашева қандай тіркестерді перифрастикалық форма деп атау керек екенін жəне «бол» – көмекші етістігінің көмегімен жасалатын тіркестерді қарастырған. Ал К.Сулайманов пен К.А. Тұрсынқұлова етістіктің перифрастикалық формаларын, құрылымдық түрлерін ашып көрсеткен.
Белгілі бір жазушының тілін зерттей отыра, перифразға жанамалай тоқталып кеткен тілшілеріміз де жоқ емес. Мəселен, Т.Қоңыров Сəкен Сейфуллин тілін зерттегенде перифразды образды синонимдер деп, оған мынандай анықтама бере кетеді: «Перифраз дегеніміз – затты, процесті, құбылысты өз атымен атамай, басқаша атау əрі соның негізінде бір қасиетін келтірінді мағынада қолдана отырып, соны образды түрде сипаттау, анықтау» десе, Қ.Мұхамеджанов: «Қазіргі қазақ тіліндегі сөздердің ауыс мағынасына жатқызып, заттың, құбылыстың, процестің атауын оның өзіне тəн белгілерінен басқа астарлы мағынада суреттеу əдісі», – дейді.
Ал К.Шəменов С.Торайғыров тілін зерттей келе перифразды емеурін деп алып, оны символ, аллегориямен ұштастырады да, оны көбінесе сатиралық сипатта болады деп түйеді.
Тіл білімінде А.А. Потебня: «Перифраз дегеніміз суреттеп атау, қомсынып айтсақ, айналсоқтап сөйлеу» («Перифраз – описание хуже обиняк, речь околицею, окололичнословие») деп анықтама береді. Əйгілі ғалым Ш.Балли перифразға берген анықтамасында «қайта айтып беру» (повторение), «қайталап айтудың кеңейтілген түрі деген. Қазақ тіл білімінде осы ойды айтқан академик З.Қабдолов «қайта айтып беру» дейді. Проф. Ə.Болғанбаев өзінің «Синонимдер сөздігінде» жазған кіріспе сөзінде перифраздар синонимдерді қолданудың тағы бір тəсілі деп көрсетіп, жеке сөздің орнына оның түсінігін сыпаттап беру деп анықтама береді.
Қазақ тіл білімінде перифраз мəселесінде кеңірек тоқталған профессор Р.Сыздықова көріктеу құралдарының ішінде көп айтылмайтыны перифраз деп, оның себебі біртектес троптық категорияларды бір-бірінен дəл ажыратушылықтың жоқтығынан деп көрсетеді. Өзінің «Абай шығармаларының тілі» деген еңбегінде перифраздарға талдау жасай келе, ұлы ақынның тіліндегі перифразды қолданумен қатар (өмірді «бұлдыр заман» деуі: «қайта айналмас, жаңғырған бұлдыр заман», «сұм жалған», «қайран дəурен» деуі: Бір қызық ісім екен сұм жалғанда, Қалжыңдасып өткізген қайран дəурен), перифрастикалық тіркестердің небір ойға келмейтін түрлерін жасайтынын сөз етеді. Мысалы: «соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім» деп, Абай өзі өскен ортаны, өзін қоршаған сол кездегі əлеуметтік, қоғамдық ойпікірді айтып отырса, əбден қажыған кезін, өзінің бір жабырқау күйін ақынның «сұрғылт тартқан бейуақ» деп беруі тіпті əсерлі бейнелеу деп таниды. Проф. Р.Сыздықова, сонымен бірге Абайдың жаңаша жасалған перифраздарында Пушкин мен Лермонтовтың əсері байқалатынын дəлелдейді.
Шынында, Абай тіліндегі перифраздар өзіндік ерекшелігімен бой ұрып тұрған, бейнелі, көркем, жаңашыл – өте шебер жасалған жəне қисынымен

қолдауын тапқан тіркестер. Олардың эстетикалық құндылығы осында деп көрсеткен проф. Р. Сыздықова перифразға «құбылыстың, заттың, айрықша белгісін ерекшелеп, айқындап, оны сипаттап көрсету» [220] деп анықтама береді.
Сонымен, біз барлық тілшілеріміздің еңбектеріне, энциклопедия мен сөздіктерге сүйене отырып, перифраз туралы өзіміздің көзқарасымызды ортаға салып, бір анықтама беруге тырысып отырмыз. Яғни перифраз дегеніміз – затты, процесті, құбылысты өз атымен атамай, басқаша атау əрі соның негізінде сол заттың, процестің, құбылыстың ең негізгі бір қасиетін келтірінді мағынада қолдана отырып, соны образды түрде сипаттау, анықтау.

Өмірзақ Айтпайұлы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *