И.Н. Касимова шет тілдер магистрі,
М. Ӛтемісов атындағы БҚМУ оқытушысы
МЕТАФОРА — ТІЛДІҢ ЛЕКСИКАЛЫҚ ҚАБАТЫН ДАМЫТУШЫ ҚҰРАЛ
(қазақ, ағылшын, орыс тілдерінің мысалдары негізінде)
Метафора – ӛмірдегі күрделі де маңызды құбылыстардың бірі. Метафора мәселесі ойшылдарды сонау ықылым заманнан бері мазалап келе жатыр. Бірақ XX ғасырдың орта шеніне дейін метафора жай ғана стилистикалық құрал немесе кӛркем шығарманы әсірелеуші, кӛркемдеуші әдіс ретінде қарастырылып келді. Тек соңғы онжылдықтарда тілтанушы ғалымдар метафораның кӛп- қырлылығына кӛңіл аударып, жан-жақты зерттеуді қолға алды. Мұндай ғалымдар қатарына метафора жайлы құнды еңбектер жазған Н.Д.Арутюнова, В.Н.Телия, Б.Блэк, Дж.Лакофф, М.Джонсон сияқты авторларды жатқызуға болады.
Метафора – грек тілінің сӛзі, «ауысу» дегенді білдіретін термин. Тіл – тілде сӛз мағынасының ауысуының бірнеше тәсілдері бар. Солардың ішінде ӛте жиі кездесетіні және ең бастысы метафора тәсілі. Белгілі бір ұқсастық белгілеріне қарай сӛз мағынасының ауысып қолданылуы метафора деп аталады. Сӛз метафоралармен түрленіп, ӛңделіп отырады. Метафора құбылысының сӛздің мағынасынан орын тепкені соншалық, метафораның негізінде туған қосымша мағынаның кӛп жағдайда ауыспалы мағына екені бірден аңғарыла бермейді. Сӛз мағыналарының метафоралық ауысуы тілдік семантиканы дамытудағы аса маңызды тәсіл ретінде танылады.
Адамдардың ӛз ара түсінісу, қатынас құралы тіл болса, оның лексикалық құрамының негізгі арқауы – сӛз. Ол – қоғам мен табиғат құбылыстарының, адамның рухани ӛмірінің айнасы. Сӛздердің мәнін, қолданылу сырын ашу, мағыналарына түсініктеме беру – қазақ лингвистикасының алдында тұрған елеулі міндеттерінің бірі. Осы ретте тілімізде сӛздердің метафоралы қолданылуы – ерекше назар аударуды талап ететін тақырып. Ӛйткені сӛз семантикасы, сӛздің қолданылу тәсілі, экспрессия қасиеті қазақ тіл білімінде әлі де болса басы ашық мәселе емес.
Тілшілеріміз де, әдебиетшілеріміз де метафора мәселесін ӛз алдына нысанаға алып, әңгімесіне арнайы арқау еткен емес. Бірақ мүлдем ауызға аларлықтай еңбектер жоқ деп айтуға да болмайды.
Ӛткен ғасырдың 60-шы жылдары жазылған Рахым Барлыбаевтың «Қазақ тілінде сӛз мағынасының кеңеюі мен тарылуы» (Алматы,1963) атты кандидаттық диссертациясы, Бақытжан Хасановтың «Қазақ тілінде сӛздердің метафоралы қолданылуы»(Алматы,1966) кітабы сол кездегі қазақ тілінің метафоралары жайлы зор мағлұмат беретін, әлі күнге құндылығын жоймаған іргелі еңбектер. Дегенмен, бұл еңбектердің жарық кӛргеніне жарты ғасырдай уақыт ӛтті. Елу жылда ел жаңа. Уақыт ӛткен сайын тіл дамуда, күрделенуде. Тілдің даму барысында сӛздің лексикалық мағынасында әртүрлі ӛзгерістер болып жатады. Тілмен бірге метафора да үнемі ӛсу, күрделену үстінде. Қазіргі уақытта қазақ тіл білімінде метафораның табиғатын, тілдегі қызметін, түрлерін жаңаша зерделеп, саралайтын ғылыми зерттеулер аса қажет-ақ. Соңғы онжылдықта жазылған бірлі-жарым диссертация тақырыптарын тізуге болады. Бірақ бұл метафора тәрізді күрделі, кӛпқырлы құбылысты зерттеуде теңіздегі тамшыдай ғана үлес деуге келеді.
Тілдік және әдеби тұрғыдан статикалық қалпында бӛліп қарағандықтан, метафораның тіл байытып, дамытудағы ролі еленбей келеді [1,19]. Сондықтан осы тақырыпқа аз-кем сӛз қозғауды жӛн кӛрдік. Метафора барлық тілде де кӛп мӛлшерде кездеседі. Қай тілде де ол лексикалық қабатты яғни сӛздік құрамды дамытуға елеулі үлес қосатынына біршама дәлелдер келтірсек дейміз.
«Тілдік метафораны зерттеудің жаңа бағыттары» деген мақаласында А.Сыбанбаева метафораның бірнеше қызметін атап кӛрседі. Метафора жаңа мағына тудырады, бейнелі образ жасайды, кӛркем сӛз стилінде бейнелеуші, мәнерлеуші тәсіл ретінде қолданылады, сӛзге эмоционалды-экспрессивті баға береді. Метафораның қызметі арқылы тілдің лексикалық және фразеологиялық қабаты, жалпы сӛздік құрылымы толыға түседі, белгілі бір ұғым аясы кеңи түседі [2,33]. Метафора — кӛптеген тіл қабаттарының шығу кӛзі. Мәселен, фразеологизмдер, мақал-мәтелдер, қанатты сӛздер метафораға негізделіп жасалады. Адам ӛмір сүрген ортадағы факторлардың ӛзгерістеріне қарай еркін сӛз тіркестерінен жасалған фразеологияның компоненттеріндегі тура мағынадағы сӛздер ауыс мағына алуы ондаған, жүздеген жылдардың ішінде болатын құбылыс. Ал кейбір реттерде идиома болған сӛздер метафоралы қолданыстың негізінде бірден ауыс мағына алуы мүмкін. Осыған орай профессор Б.А.Лариннің сӛзін келтірсек: «Самым существенным и решающим условием преобразования простого речения в идиоматиматическое было семантическое обогащение называемое метафоризацией сущность которого в расширении и обобщении значения в сторону образной типичности» [3,220]. Демек, фразеологизмдер сӛзді метафоралы қолданудан пайда болады. Мысалы, сӛз кӛтере алмау, ала кӛз болу, жылы сӛйлеу. Ағылшын тілінің фразеологимдерінен келтірсек: to kill time (убить время), to have one`s heart in one`s boots (душа в пятки ушла), to be in step with the times (шагать в ногу со временем), with an open heart (с открытой душой). Қазақ тілінде де, ағылшын тілінде де метафоралық ойға негізделген мақалдарды кӛптеп кездестіруге болады: піл кӛтермегенді тіл кӛтереді; тіл тас жарады, тас жармаса бас жарады; ашу — ақылдың дұшпаны; actions speak louder than words (поступки красноречивее чем слова); don`t teach a fish to swim (не учи плавать щуку, щука знает свою науку); love laughs at lockmiths (любовь на замок не закроешь).
Бір кӛңіл аударатын жайт, бір сӛз әр тілде әр түрлі метафоралық мағына беруі мүмкін. Бәріміз білетініміздей, «ит – адамның досы». Бұған ешкімнің дауы жоқ. Бірақ біреуді «Нағыз ит екенсің!» деп атаса, сол адам туралы ӛзгелерде жағымсыз әсер қалады, яғни «ит» сӛзі адамға қатысты қолданылса сӛзге негативті бағалауыштық реңк береді. Орыс тілінде де осындай жағдай (мысалға «Вот, собака!»). «Жылан» сӛзі де қазақ-орыс тілдерінде адамның жағымсыздығын кӛрсету үшін қолданылады. Кӛбінесе кейбір нәзік жандыларға қатысты айтылады: «Ол – сұр жыланның ӛзі!», «Змея подколодная!». Ал ағылшын тілінде, бір қызығы, dog, serpent сӛздері адамға қатысты теріс әсер беруші сӛздер ретінде қолданылмайды.
Тілдерде метафоралық қолданыстағы бірдей сӛздердің әр түрлі мағына беруі, біздің ойымызша, халықтың тарихымен, ӛмірлік тәжірбиесімен, таным-түсінігімен байланысты. Жалпы хайуанаттар әлемінің (зоосемия) метафоризация процесіне ұшырауы ӛте ертеден келе жатқан құбылыс. Жануарлар аттарының ауыспалы мағынада қолданылуы барлық тілде де кездеседі. Бірақ, кей жағдайларда жануарлар аттарының етістікті формаға ауысып, абсолютті метафоралық етістіктер тобын құрайтынын айта кету керек: қораз – қораздану, түлкі – түлкілену; петух – петушиться, ворона – проворонить, ёж –съёжиться; a dog – to dog (преследовать), a snake – to snake (змеиться: тропинка змеилась меж горных отрогов), a fox – to fox (перехитрить). Бұл етістіктерді абсолютті метафоралық дейтін себебіміз, оларды тіке немесе ауыспалы мағынада қолдану мүмкін еместігінде, бұларға тек бір ғана метафоралық мағына тән, яғни, бұл сӛздер тілдерде метафоралы қолданысқа ғана ие.
Сӛздердің мағыналық жақтан дамуы нәтижесінде омонимдер жасалады.Дәлірек айтсақ, ауысқан мағынаның ӛзінің метафоралануы кӛбіне оны полисемант жүйесінен әбден бӛлініп шығуға, басқа бір лексикалық единицаға, омонимге айналуына алып келеді [1,31]. Бұл құбылыс та тіл –тілде кездесе береді. Мысалы, көк сӛзі «кӛкке қарау» дегенде аспан мағынасында, ал «мал кӛкке тойынды» дегенде шӛп мағынасында қолданылып тұр. Мұнда сӛздер түсіне қарай метафоралану арқылы омонимдер қатарын құрауда. Орыс тілінде луна сӛзімен қатар месяц сӛзі де бірге жүреді, әрі мерзімді білдіру үшін де осы сӛз қолданылады (пять месяцев). Ағылшын тілінде kid сӛзі қазіргі кезде бала мағынасында қолданылып жүр. Бірақ оның негізгі мағынасы ешкінің лағы дегенді білдіреді.
Терминдердің жасалу табиғатына кӛз жүгіртсек, сӛздік құрамның бұл саласы да метафораның кӛмегіне кӛп жүгінетініне куә боламыз. Жалпы метафораның ғылымдағы ролі жайлы метафора теориясының негізін салушылардың бірі Эрл Маккормак былай деп жазады: «Ӛте ұзақ уақыт бойы метафоралар дәл анықтамаларды амалсыз ауыстырушылар деп есептелді және ғылыми теорияларда метафораларды қолданудан аулақ болу керек делінді. Олар теориялық түсініктемелер беруге қабілетсіз, тек қоршаған ортаны жырлау үшін ақындарға ғана керек деген пікір кең таралып келді. Бірақ ғалымдарға ескі теориялардан жаңа теорияларға ӛту үшін кӛпір ретінде метафора аса қажет. Тек метафора тәсілі арқылы ғана жаңа теорияға жаңа мағына беріп, түсінуге болады. Белгісіздікті суреттеу үшін ғалымға белгілі сӛздерді қолдануға тура келеді» (Ауд. автор)[5, 150-151]. Ғылымда метафораны қолданудың қажеттілігін Э.Хаттен былай деп дәлелдейді: «Метафоры используются, чтобы придать более точный смысл нашим выражениям или выделить в них важный нюанс; когда слова, обычно употребляемые в данном контексте, не передают необходимого значения, мы прибегаем к помощи слов, которые обычно встречаются в другом контексте. Именно таким способом мы расширяем сферу использования наших обычных выражений; и это необходимо, если требуется построить специальный язык для описания некоторого эксперимента, проведенного искусственным образом в лаборатории. В физике мы говорим о «силовом поле» (a field of force) или «тепловом потоке» (the flow of heat) и т.п. В самом деле, в научном изложении нельзя обойтись без метафорического языка…» [6, 53]. Ағылшын тілінде field сӛзі кӛптеген математикалық, физикалық терминдердің құрамында жиі кездеседі; бұл терминдердің барлығы метафораға құрылған, бірақ ғылыми терминологияда ұзақ қолданылуларына байланысты олар метафора ретінде қабылданбайды: electric field-электрическое поле-электрлік өріс, magnetic field-магнетическое поле-магниттік өріс, radiation field-радиационное поле-радиациялық өріс.Терминдердің үш тілдегі варианттарын салыстыра отырып, field, поле, өріс сӛздері тіке мағыналарынан (green field, зеленое поле, малдың өрісі) метафоралану процесінің нәтижесінде терминденіп ауыспалы мағынаға ӛткенін кӛреміз. Кейбір сӛздер метафора арқылы жаңа мазмұн, терминологиялық мағына алады. Мысалы, шӛптің түбірі дегеннен, ұқсастығына қарай, математикадағы «түбір» мен грамматикадағы «түбір» туған, сол сияқты егін «егуден» дәрі егу (укол) шыққан. Әрине, мұндай мысалдар тізімін жалғастыра беруге болады, бірақ біздің басты мақсатымыз бұл емес. Біздің мақсатымыз — метафораның сӛздік құрамды дамытуда, тілдің лексикалық қабатын байытуда негізгі роль атқаратын процестердің бірі екенін дәлелдеу.
Тілдің байлығы мен даму дәрежесі лексикалық единицалардың сандық мӛлшеріне ғана байланысты емес, мағына молшылығы, сапасына да байланысты. Ал метафора – мағына масштабын кеңейтетін тәсіл. Бұған жоғарыда тілдің әртүрлі лексикалық қабаттарынан келтірілген мысалдар дәлел.
Сӛз туғызудың басқа тәсілдерінен метафораның негізгі айырмашылығы – сӛз мағынасын ғана жаңартып, сырт тұлғасына фонетикалық, морфологиялық ӛзгеріс енгізбейтіндігінде. Тілдің сӛздік құрамын байытудағы метафораның орнын анықтауда бұл айырмашылықты әрдайым есте сақтау керек.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. Хасанов Б. Қазақ тілінде сӛздердің метафоралы қолданылуы.//Алматы, Мектеп, 1966, (19, 31 бб).
2. Сыбанбаева А. Тілдік метафораны зерттеудің жаңа бағыттары.//Вестник КазГУ, Алматы, 1997, серия филологическая, №15, (33 б).
3. Ларин Б.А. Очерки по фразеологии.// Учѐные записки ЛГУ, серия филологических наук, вып.24,(220 б)
4. Кузьмин С.С. Идиоматический перевод с русского на английский. (Теория и практика) // М., Флинта, Наука, 2006, (137-138 бб)
5. MacCormac,E.R. Meaning Variance and Metaphor.// The British Journal for the Philosophy of Science, May, 1970, №2 (150-151 бб).
6. Hutten, E.N. The Language of Modern Physics.// London, 1956, (53 б).
* * *
В статье метафора рассматривается как средство обогащения лексического слоя языка.
* * *
The article deals with the derivation function of metaphor. Metaphor is considered as a means of enlarging vocabulary.