Қазақ әдебиеті пәнінен мемлекеттік емтихан билеттері

Қазақ әдебиеті пәнінен мемлекеттік емтихан билеттері
11-сынып
(оқу мемлекеттік тілде жүретін жалпы білім беретін мектептер үшін)


1-билет
1.Халық ауыз әдебиеті және оның түрлеріне тоқтал.
2.Ш.Қанайұлының ақындық қуаты мен өзіндік сарыны жайлы айт.
3.Абайдың «Отыз бірінші сөзін» жатқа оқы.

2-билет
1. Ауыз әдебиеті мен жазба әдебиетінің айырмашылығы туралы айт.
2.Махамбет жырларындағы романтикалық сарын мен ерлік пафос туралы айт.
3.І.Жансүгіровтің «Күйші» поэмасына жоспар құр.

3- билет
1.Тұрмыс-салт жырлары және оның түрлеріне тоқтал.
2.Махамбет өлеңдеріндегі Исатай бейнесі туралы айт.
3. «Ежелгі дәуір әдебиеті-ұлы мұрамыз» тақырыбына шағын ой толғау жаз.

4-билет
1.Мақал-мәтелдер, олардың тақырыптары туралы айт.
2.Махамбеттің ақындық, азаматтық бейнесіне тоқтал.
3.Типтік бейне, лирикалық кейіпкер дегеніміз не? Мысал келтір.

5-билет
1.Мақал мен мәтелдің айырмашылығын айт.
2.Ы.Алтынсарин өмірі мен ағартушылық қызметі туралы айт.
3.І.Жансүгіровтің «Күйші» поэмасындағы күй құдіреті жайлы шағын ой толғау жаз.Оған ат қой.
6-билет
1. Жұмбақтар жайлы не білесің?
2. Ы. Алтынсарин әңгімелері, оның тәрбиелік мәні туралы айт.
3. М. Әуезовтің «Абай жолы» романынан жатқа үзінді оқы.
7-билет
1. Ертегілер және олардың түрлері туралы айт.
2. А. Құнанбаев өмірі мен шығармашылығына тоқтал.
3. Эссе дегеніміз не? Мысал келтір.

8-билет
1. Аңыз-әңгімелер оның ертегіден айырмашылығын айт.
2. Абайдың қара сөдеріне тоқтал.
3. Бұқар жыраудың «Бірінші тілек тілеңіз» өлеңін жатқа оқы.


9- билет
1. Батырлар жыры туралы айт.
2. Абайдың «Ескендір» поэмасының идеясы мен тақырыбына тоқтал.
3. Жыр, толғау, терме ұғымдары туралы айт. Мысал келтір.

10-билет
1. «Ер Тарғын» жырының идеясы мен тақырыбына тоқтал.
2. Ж. Жабаевтың Ұлы Отан соғысы жайлы өлеңдері мен сатиралық өлеңдері туралы айт.
3. Аллегория, кейіптеу дегеніміз не? Мысал келтір.

11-билет
1. «Ер Тарғын» жырындағы Ақжүніс бейнесі туралы айт.
2.С.Торайғыровтың «Қамар сұлу» романына тоқтал.
3.М.Әуезовтің «Абай жолы» романындағы ұлы Абайдың азаматтық, ақындық тұлғасы жайлы не айтар едің?

12-билет
1.Лиро-эпостық жырларға тоқтал.
2.С.Торайғыровтың «Қамар сұлу» романындағы Қамар бейнесі туралы айт.
3.Эпитет, теңеу, метафора туралы не білесің? Мысал келтіріп дәлелде.
13-билет
1. «Қыз Жібек» жырындағы тұрмыс-салт, сұлулық, адамгершілік көрінісі жайлы айт.
2.Ж.Аймауытовтың «Әнші» әңгімесі туралы айт.
3.С.Торайғыровтың «Шығамын тірі болсам адам болып» өлеңін жатқа оқы.
14-билет
1.Шешендік сөздер және олардың өзіндік ерекшелігі туралы айт.
2.М.Жұмабаевтың лирикалық өлеңдері жайлы не айтар едің?
3.Абайдың өнер-білім жайлы немесе өлең өнері жайлы бір өлеңін жатқа оқы.
15- билет
1.Шешендік сөздердің жанрлық түрлеріне тоқтал.
2. І. Жансүгіровтің «Күйші» поэмасы туралы айт.
3. Ы. Алтынсариннің табиғат лирикасы жайлы бір өлеңін жатқа айт.
16-билет
1. Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би есімдеріне байланысты айтылған шешендік сөздерге тоқтал.
2. І. Жансүгіровтің «Күйші» поэмасындағы күй құдіретінің көрініс табуы жайлы не айтар едің?
3. Махамбеттің «Ереуіл атқа ер салмай», «Мұнар күн» өлеңдерінен жатқа үзінді оқы.

17-билет
1. Айтыс және оның түрлеріне тоқтал.
2. М. Әуезовтің шығармашылығы мен «Еңлік-Кебек» пьесасы туралы айт.
3. Бұқар жыраудың ел бірлігі жайлы өлеңдеріне тоқтал.

18-билет
1. Осы күнгі айтыстар туралы айт.
2. М. Әуезовтің «Абай жолы» романының эпопеялық сипатын аш.
3. Үмбетей жыраудың «Бөгенбай өлімін Абылай ханға естірту» өлеңін жатқа оқы.

19-билет
1.Біржан мен Сара айтысының өзіндік ерекшелігіне тоқтал.
2.М.Әуезовтің әңгімелері мен повестеріне тоқтал.
3.Қорқыттың нақыл сөздерінен жатқа оқы.

20-билет
1.Ежелгі дәуір әдебиеті, «Күлтегін» жыры туралы айт.
2.Ғ.Мүсірепов шығармаларындағы ананы дәріптеу идеясына тоқтал.
3.Өзің білетін бір шешендік толғауды жатқа оқы.

21-билет
1. «Қорқыт ата» кітабы туралы айт.
2.Ғ.Мүсіреповтің «Ұлпан» романына шолу жаса.
3. «Қыз Жібек» жырындағы Жібек пен Төлеген бейнесіне тоқтал.

22-билет
1. «Оғыз нама» шығармасы туралы айт.
2.І.Есенберлин «Көшпенділер» трилогиясы туралы не айтар едің?
3. «Ер Тарғын» жырындағы Тарғын бейнесіне тоқтал.


23-билет
1. XV-XVIII ғасырлардағы жыраулар поэзиясына тоқтал.
2. Ш. Айтматов «Шынарым менің шырайлым» хикаяты туралы айт.
3. Жиренше мен Қарашаш сұлу жайлы білетін аңыз-әңгіменді мазмұнда.

 

24-билет
1. Бұқар жырау Қалқаманұлының өмір жайлы толғауларына тоқтал.
2. М. Фраги шығармалары туралы айт.
3. Өзің білетін 15 мақал-мәтелді жатқа айт.

25-билет
1. Д. Бабатайұлының шығармашылық өмірбаяны мен «Аягөз», «Ей, Ақтан жас» өлеңдері туралы айт.
2. М. Мақатаев «Райымбек, Райымбек» поэмасына тоқтал.
3. Төрт түлік туралы жырлардан жатқа оқы.

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *