АЙМАҚТЫҚ БАСПАСӨЗДІҢ БҮГІНГІ ТЫНЫСЫ

АЙМАҚТЫҚ БАСПАСӨЗДІҢ БҮГІНГІ ТЫНЫСЫ

Сәуірбаева Ә.Ж., Ержанова А.Ж.
Петропавл қ., М.Қозыбаев атындағы СҚМУ ai_95_01@mail.ru

Ұлы Қазан төңкерісі адамзат тарихында жаңа дәуір ашты. Кеңес өкіметі жылдарында Коммунистік партияның басшылығымен кеңес адамдары өз елін қуатты державаға айналдырды, дүниежүзінде бірінші болып социалистік қоғам құрды.
Халықтың қамын ойлаған болып, шын мәнінде өз жеке бастарының даңқын шығару үшін жаңа үкіметке ретті де, ретсіз де қызмет көрсетіп, жөнжосықсыз құлдық ұра бастаған азаматтар жайлы «Бірлік туы» газетінде жарияланған материалдар құнды. Оған Сұлтанбек Қожанұлының «Түркістанда орыс сьездері» атты мақаласы дәлел. Қазақтың ұлттық баспасөз тарихында елеулі орны бар, азаматтық ой-сананы ілгерлетуге септігі тиген газет – журналдардың ішінде «Жас азамат» атты басылымды ерекше атаған жөн. «Жас азамат» ұлт тәуелсіздігін жоқтап, отаршылдық езгіге қарсы тұрған қазақ жастарының тұңғыш қоғамдық — саяси газеті.
Бұл саяси-қоғамдық, экономикалық басылымның алғашқы нөмірі 1918 жылдың 30-шілдесінде Қызылжар қаласында жарық көрген. Алғашқы нөмірінде шыққан «Жас тілек» деген мақалада: «Жас азаматтың» алтын идеалы, әулие мақсұты, негізгі жолы – ұлт бостандығы, ұлт теңдігі». Қиын – қыстау кезеңіндегі қазақ қоғамының жағдайын, саясат сахнасындағы теңсіз күрес жайлы «Жас азаматтың» бетінде М. Жұмабаевтың «Мен жастарға сенемін» атты өлеңі, М. Дулатовтың «Алаш құрбаны», «Бір керекті нәрсе», «Біздің ұлтшылдар», «Жазушылар» деген сияқты түрлі жанрдағы материалдарда сол кездегі шындықты айна – қатесіз көрсететін бұлтартпас фактілер бар [1,36 б.].
Қазақстан тәуелсіздік алғалы бері баспасөз саласында үлкен өзгерістер жүзеге асуда. Қазір газет шығаруда ілгерішіл қадамдар жасалуда. Соның айғағындай, 1500-ге жуық баспасөз түрлері шығарылады. Республика бойынша да, тіптіаудан, облыстар бойынша да ондап, жүздеп газеттер шығарылуда. Мысалы, бірғана Шымкент облысында 200-дей газет шығарылады екен. Әрине оныңішіндеәкімдіктергеқарайтынмемлекеттікемескоммерциялық, жекеменшікгазеттер де бар.
“Қазір елімізде баспасөздің орны ерекшедеугеболады. Өйткені мемлекеттік, қоғамдық өмірде болсын баспасөздің әсер-ықпалы зор. Әсіресе, қоғамдық пікір туғызуда баспасөз ерекше көзге түседі. Күнделікті газетжурналдарда шығып жататын материалдар саналуан тақырыпта ой-пікір қозғайды. Ал олардың тиражы миллиондаған оқырмандарға жетеді. Мұның өзі үлкен идеялық та, идеологиялық рөл атқаратынын ескеруіміз керек. Демек баспасөз халыққа сөз арнаудың, ой-санаға әсер етудің күшті құралы. Бірде Президент Н.Назарбаев “Қазақстан” ұлттық телеарнасының ұжымымен кездескенде: “Бұқаралық ақпарат құралдарының күші – әскери Қарулы күштердің күшінен кем емес”,-дегенеді.”[2,58 б.].
Бұл расында да БАҚ-қа деген нақты, тауып айтылған тұжырым еді. Кезкелген мәселеде баспасөздің араласпайтын жері жоқ. Саясат, экономика, мәдениет, экология, әлеуметтік салалардың бәрін қамти береді. Және оған жайдан-жәй емес, ұсыныстармен, пікірлермен, қажет болса сын арқылы ой тастайды, қозғау салады.
Қазіргі таңда Солтүстік Қазақстан облысында 71 бұқаралық ақпарат құралдары бар. Соның 5-уі электронды ақпарат (Қазақстан-Петропавл, МТРК т.б.), екі облыстық («Северный Казакстан», «Солтүстік Қазақстан» газеттері), бір қалалық «Қызылжар нұры» газеті мен 15 аудандық тек қана қазақ тілді газет шығып тұрады. Атап айтқанда, Айыртау таңы, Аққайың, Ауыл арайы, Дала дидары, Ақжар хабары, Есіл өңірі, Есіл таңы, Көтерілген тың, Қызылжар, Мағжан жұлдызы, Парыз, Солтүстік жұлдызы, Тайынша таңы, Шұғыла, Ел тынысы және де әдеби, ғылыми ақпараттық журналдар бар.
Мысалы: «Айыртау таңы» газетінің тиражы 1800 болса, «Айыртауские зори» газетінің тиражы 5500-ді көрсетеді. «Ауыл арайы» газетінің тиражы 1500, ал «Сельская новь» газетінің таралымы 2900. «Тайынша таңы» басылымы 1530 таралыммен шығып тұрса, «Тайыншинский вести» газетінің тиражы одан 4 есеге көп, яғни 6100 данамен тарайды. Бұдан шығаратын қорытынды өңірімізде орыс тілді аудитория басым екендігінде. Таза ана тілінде шығатын басылым аз. Көбісі екі тілде жарық көреді. Жоғарыда айтылып өткен облысының саясаты осы болатын. Оқырманнның қатары аздығын жою мақсатында осы қадамға баруға мәжбүр болып отыр. Аудан газеттерінде аудан жаңалықтары мен облыстық газеттерінен көшірме материалдар басылады. Облыстық газеттің шеф редакторы Болат Қожахметовтің рұқсатын алған мақалалармен «Айыртау таңы» газеті беттерін толтыратыны зерттеу барысында көзіміз жетті. «Айыртау таңы» газетінде байқағанымыздай тарихи-этнографиялық материалдар мен эсселер орын алған. Олардың орналасулары кәсіби журналистерді қанағаттандырмайтыны белгілі. Олай болатын себебі тақырыптар жүйелі орналаспайды. Негізінде газеттердің 1 және 2 беттерін жұмыстың соңында толтыру баспасөз шығару процесіндегі қатаң қағида. Неге? Бұл беттер соңғы «свежый», маңызды жаңалықтарды тосады. Олар әкімшіліктен келетін және мәдениет, спорт, әлеуметтік салалардан түсетін соңғы жаңалық болу керек. Сондықтанда күнделікті көріп жүргеніміздей соңғы бет спорт, мәдениет, өнер саласынағы жаңалықтармен қамтылған. Тәжірибе көрсеткендей бұл заңдылық аудандық газеттерде сақтала қоймайды.
Белгілі редактор, публицист Қ.Бекхожин: «қоғамдағы әлеуметтік құбылыстарды тез байқап, оған үн қосу, қоғамдық пікір туғызу журналистке тән қасиет. Журналист өмір материалдарын зерттеп, оны көпшілік алдына тартқанда түрлі әдістер мен шұрайлы тіл арқылы жеткізсе ғана тартымды болмақ. Оған апарар жол – журналистік шеберлік, бейімділік» [3] десе, қазіргі журналистика алдығындағы өзекті проблемалардың бірі осы болмақ.
2005 жылдан бастап аудандық газеттер қазақ тілінде шығуда алғашқы қадамдарын жасады. Ең алдымен, орыс тіліндегі аудандық газеттердің бір, не екі беттік, кейде тіпті төрт беттік қосымшасы болып «Парыз» (Шал ақын ауданы), «Аққайың» (Аққайың ауданы), «Қызылжар мен қызылжарлықтар» «Қызылжар ауданы), «Есіл таңы» (Есіл таңы), «Есіл өңірі» (Ғ.Мүсірепов ауданы) деген аттармен жарыққа шығып өзіндік қалыптасу, даму процестерінен өтуде. Бүгінде олар басылым ретінде өз оқырмандарын тауып, бұқаралық ақпарат құралдарының міндеттері мен мақсаттарын орындап жатыр. Аталмыш газеттерге оқырмандар жазылып, пошта арқылы алып тұрады. Журналист мамандарының тапшылығына қарамастан қазақ тілінде шығуын тоқтатқан емес. Аудандық газеттердің редакцияларында кадрдың тапшылығынан да өзге, яғни техникалық, дизайн, терімші, программист, корректор мамандарының болмауы секілді проблемалар шаш етектен. Сонымен қатар директор, бас редактор, редактор орынбасары, секретариат, фототілші, бөлім редакторларынан құралған ұжым қызметін тек бір ғана журналист атқарады. Оның үстіне журналист қызметін атқарып отырғандар филолог, тарихшы, орыс тілінің маманы екені тағы зерттеу барысында анықталды. Сондықтан да аудандық газеттердің шикіліктеріне қатты өкпелеудің де орны болмас. Аудандық басылымдардың редакторларының өзі өзге маман иелері. Мәселен, бір ғана редакцияда бір журналист маман ғана. Немесе өзге маман иелері екенін зерттеу барысында көзімізді жеткіздік. «Парыз» газетінде тарих пәнінің мұғалімі, «Есіл өңірі» газеті редакциясында қазақ тілі мен әдебиетінің маманы т.б. жұмыс істейді. Бұл да болса кадр мәселесінің оң жолға қойылмағандығын көрсетіп қана қоймай газет шығарудағы түрлі мәселелердің шешілуін қиындататынына әкеледі. Сонау 1930 жылдардан бергі кадр мәселесінің оң жолға қойылмағандығын көрсетіп отыр. Оған айғақ, Ленин аудандық партия комитетінің хатшысы Айрапетян «аудандық газетке сегіз айдан бері редактор таба алмай отырғандығын» облыс партия комитетіне хабарлаған [4,181б.]. Сондықтан олар өзі басқарып отырған басылымды уақытылы шығарса болғаны деп те ойлауы мүмкін. Газет дизайыны, мақаланың өзектілігі, тақырыпты әсерлі беру, айдарлар мен қосымша, арнайы бет дегендердің оқырман үшін қаншалықты маңызды екендігін ұғынсада, жалғыз адамның қолынан келмейтін шаруа екендігін білсе керек. «Жаяудың шаңы шықпас, жалғыздың үні шықпас» деген осыдағы.
Облыстық баспаханада аудандық газеттердің редакторларымен немесе шығарушы өкілдерімен кездесіп қалғанда жағдайларын сұрастырсақ, журналист кадрлар жоқтығына шағынады. Ал, кейбір істі әжептәуір бастапүйрену кезеңін үмітті өткен жаңа қызметкерлердің «жалақы төмен, жұмыс көп, жалғыз кісіге қиын» деп кетіп қалғанына қынжылады.
Газет шаруасымен жалғыз жанталасып, арпалысқан адамның да өкпесі орынды. Ол бір қолын — екеу емес, үшеу, төртеу қыла алмай әуре болады. Ол материалдар жазып журналистің, одан кейін оларды макетке түсіріп макетшінің, оны тергізіп, компьютерді білсе, кейде өзі теріп, одан корректор болып — міне, осылай күні бойы, тіші түнді орталатып редакциядан шықпайды, әбден діңкесі де құриды, жүгіріп те шаршайды. Осындай жағдайда журналист қазақ тіліндегі аудандық газетті сапалы шығарады деп айту, алда газет түзеледі деп үміттену де қиън.
Осындай жанкешті әрекеттің салдары өсу, өрлеу, шыңдалу, шалқу жолына түсіре қоймайды. Оны жоғарыда атап өткен қазақ тілінде шыққан аудандық газеттердің алғашқы нөмірлерінен, қосымша беттерінен көруге болады.
Мен алғашқы қадам деп текке жұбаныш айтып отырған жоқпын. Алғашқы қадамды құптау, оның тәй-тәйіне қуану, қолдау, көмектесу, жетелеу жанашыр адамның парызы, міндеті. Ал, тәй-тәй көпке созылса кейіннық көтеріліс алмай төменшіктеп жүріп масылға айналып кететінін де ұмытпау ләзім. Бұл соңы үрейге, кауіпке ұшырататын, қанша төзімді адамның өзін қан жұтқызып, қынжылтатын кесел. Сондықтан да бұл мәселенің дешет-жағасын осы бастан ашып айтып, алдын алған абзал.
«Аудан жаңалықтары» хабарлар топтамасының «Есіл таңының» бетінен орын алуы газеттің өтімділігіне, оқырман қолына тез жетуіне септігі тиері сөзсіз. Бір қызығы Солтүстік Қазақстан облысының тарихында бұл шығып отырған үшінші аудандық басылым. Оқырман өзіне етене жақын, таныс мәдени мекемелердің жұмысы, діни адамдардың уағыздары, сондай-ақ туған топырақтың көрнекті тұлғалары туралы жазылған мақаланы кез келген аудан тұрғыны оқуға зор ықылас танытады.
Облысымыздағы бағыты айқын, арнасы нық, оқырманы тұрақты газеттердің бірі – Уәлиханов ауданының газеті «Шұғыла». Ол 1935 жылдан шығып келе жатқан басылым. Қазір оның меншік иесі «Ел тынысы баспасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, редакторы Ғалия Нұрышкина. Жоғары білімді, тәжірибесі мол журналист, полиграфия ісіне жетік, өтпелі кезеңнің арқаға аяздай батқан қиындықтарына қайыспай шыдап, газеттің үзіліссіз шығуын қамтамасыз еткен майталман маман.
Бұл ауданның да өзіндік ерекшеліктері бар. Облыс орталығынан алыс, қарым-қатынас қиын, ауданның өз шінде де жүріп-тұру қиыншылығы жеткілікті. Аудан орталығына кейбір ауылдар екі жүз километр алыста. Мұның өзі аудандық газет редакциясына көп қиындықтар келтіретін факторлар. Ал, редактор ұжымы соған қарамастан, газетті уақытында үзіліссіз шығарып, оқырмандарына уақытында жеткізіп отыр.
Алғашқы қадам талпыныстарының жобасын саралап сын тұрғысынан салмақтап көрсек, көңілге көп түйіткілдер оралатыны да жөн. Қысқа хабарлардың, кеңейтілген заметкалардың және басқа қомақтылау материалдардың тұзы жеңіл келетіні бар. Олардың кейбіреулерінің баяндап отырған оқиғасының, фактілерінің қоғамдық маңызы солғын келетіні кездеседі. Мәселен, жоғарыда өзіміз әжептәуір жылы лебіз арнаған «Есіл таңындағы» бірінші бетте жарияланатын «Аудан жаңалықтарында» аудан әкімінің әрбір қимылын хабар ете беру келісе қоймайды. Осы жаңалықтардың арасында «Аудан әкімі Еңбек шаруа қожалығына бүгін іссапармен жүріп кетті» деген тәрізді бір сөйлемнен тұратын да хабар кездеседі. Ойлап қарасақ, бұл хабарда соншалық қоғамдық маңызға ие болатын мән жоқ. Аудан орталығынан он километрдегі ауылға іссапармен кетті деп дабырайтып газетке жариялаудың жарасып тұрғаны шамалы. Бұл әкімнің күнделікті қызметінің бір барысы емес пе? Ол ауылға үлкен оқиғамен құттықтауға – мәселен шөп дайындауда жарыс озаты болғанда барса бір сәрі. Онда жазуға болар, ал жай барып келуді (мүмкін жай жағдайды білгісі келген шығар) жарнамалаудың реті бола қоймас, жарасын таппай тұр.
Сол себепті де нарық қиыншылықтарын жеңіп, жаңа қоғамның талаптарына сай еңбек етіп, өз күндерін өздері көріп, өз жөндерін өздері тауып жатқан қайсар жандар жайлы жақсы материалдар керек-ақ. Соларды оқып оқырмандар да үлгі алар еді, сонда газет қызметкерлері де жазу мектебінен өтіп, шыңдалары анық.

Әдебиеттер:

1. Бекниязов Т. “Демократиялық қоғам және бапасөз. – Алматы, 2005. – 325 б.
2. Тайшыбай З.С., Ахметжанова Т.Б. Баспасөз тарихы. – Петропавл ., 2003. -181 б.
3. Ғ.Майкотова.Қ.Бекхожин-публицист. – Алматы, Қазақ университеті. 2007. – 297 б.
4. Қозыбаев С. Әлем баспасөзінің тарихы. – Алматы, 2011. – 189 б.


Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *