ТӨЛЕН ӘБДІКТІҢ «ЖАТ ПЕРЗЕНТ» ШЫҒАРМАСЫНДАҒЫ
КЕЙІПКЕР БОЛМЫСЫ

ТӨЛЕН ӘБДІКТІҢ «ЖАТ ПЕРЗЕНТ» ШЫҒАРМАСЫНДАҒЫ
КЕЙІПКЕР БОЛМЫСЫ

Боранбаева Ж.Қ., Мазиева Ж.А.
Астана қ., «Астана» университеті boranbaeva_zhamal@mail.ru

Көркем бейне, яки әдеби қаһарман дейік, я болмаса шығарма геройы не кейіпкері немесе персонажы дейік, бәрібір, осылардың бәрі – бір-ақ ұғым – образ. Бейнелеу – образдылық болса, бейне – образ. Әдебиеттегі адам, сөздегі сурет, шығармада өмір шындығын жинақтау, адам мінезін даралау, сайып келгенде, осылардың бәрінің сарқып құяр сағасы біреу, ол – образ. Ал «образ – эстетикалық мәні бар, ойдан шығару арқылы әрі нақты, әрі жинақты жасалған адам өмірінің әсем суреті». Образ жасау – тек таланттыға ғана тән әрекет. Ал «талантты жазушының әр образы – тип» дейді Белинский. Демек, біз тип туралы толғаймыз. Зейнолла Қабдолов «сөз өнері» [1.106 б.]. Зейнолла Қабдоловтың образ жайындағы анықтамасын тірек ете отырып, прозашы, дрмаматург, аудармашы Төлен Әбдіктің «Жат перзент» шығармасындағы Кәрімнің образын жасау үстіндегі, қаламгерлік ерекшелігіне назар аударайық. Мәтіннен: Мен өте кекшіл адаммын, дұшпандарымды кешіре алмаймын. Бұл мінезімнің дұрыс, бұрысын таразылап көргенім жоқ. Әйтеуір кісіден көрген қысастық әлдебір табиғи кері қысастыққа, есе қайғыруға итермелейді. Өзімен бір мекемеде істейтін Рүстемнің маған жасаған қиянатынан кейін үнемі осы өшпенділік сезімнің жетегінде жүрдім. Рүстем бізге жақында ауысқанмен, өзін бұрыннан білетінмін. Сәлеміміз түзу болатын. Бірақ сол Рүстем біздің бөлімнің жұмысын жиналыс үстінде қатты сынап, қызметінің артықшылығын пайдаланып, маған сөгіс бергізді де, содан кейін барып, оның бітіспейтін жау екенін және ашық жау емес, ең мерез, іштен кірген жасырын жау екенін ұқтым. [2,333 б] «Адамның мінезін сен оның бастығың болған кезде шын қырынан танисың». [5,105 б] Ремарк айтқандай Рүстем секілді бетіңе күле қарап, артыңнан сөз айтатын, адамдар бүгінгі қоғамымызда кенде емес. Ұлы Абай:
«Кей адам бүгін тату, ертең қату.
Тілеуі, туыстығы бәрі сату» [5,5 б.] — деп айтқандай. Сәлемі түзу болған Рүстем Кәрімге жиналыста сөгіс жариялауы.Мұны көңіліне алған Кәрімді ыза кек бейлей бастайды. Енді одан кек алуды ойлаған Кәрім, кек алудың амал – тәсілдерін ойластыра бастайды. Рүстемді бір жек көргеннен оны көрген сайын кек алуды ойлаған Кәрім оның бүкіл болмысы – сіңір денесі, сыздаған жұқа, әдеміше бет – пішіні (әдемішілерді жаным жек көреді), киген киімі, іші тар, қытымыр адамдарға тән тұқжиған жүрісі – бәрі – бәрі жүйкемді тырыстырып, шайтанымды ұстатады [2,333] деп оның бүкіл болмысы көз алдынан кетпей қояды. Ақұштап Бақтегереева «Жеңем деп ақымақпен таласпаймын, ол менің осалдығым емес шығар» өзінің өлең шумағынан, бір күнгі сөгісті ұмытып, кек алуды мақсат тұтпай Рүстемнің жақсы қасиеттерін ойлағанда арты өкінішке апармас па еді?
Адам баласы өмірге келгенде, бәрі бірдей жаман болып дүниеге келмейді, яки болмаса бәрі бірдей жақсы болып дүние есігін ашпайды. Дүниеге келген әр адамның жақсы мен жамандық, мейіріммен қаталдық, ашушаңдық, жайсаң мінездері әрбір адамның бойында әрқалай сипат алады. Ашушаңдық, бәлеқорлық, күншілдік, ынсапсыздық, кекшілдік, өшпенділік секілді қасиеттер адамды төрге сүйремесі хақ. Кекшілдік, кек сақтау соңында өзің опық жеу, әрине сайып келгенде кектеніп жүріп, кегімді алам деу бос бейбастық емес пе? Өмірдің сансыз сынақтарынан тек ақыл – парасатпен, шыдамдылықпен, төзімділікпен ғана сүрінбей өмір өткелінен өтуге болады. Осы тұрғыда «кекшіл болма, көпшіл бол» деген дана халқымыздың асыл сөз маржаны кекшіл,өшпенділік дегенді, көпшіл, кішіпейіл, кеңдікке айырбастап кеңпейілді болуды үндейді. Бүгінгі таңда қоғамымызда белең алған келеңсіз жайттар көптеп кездеседі.Бергісі есеппен жүретін махаббат, байлықпен, мансаппен өлшенетін махаббат мұндайды махаббат деуге де болады ма? Кек аламын деп есепке құрылған махаббат,өз балаңның өзгенің баласы атанып, өзге бір жанды әке деп атауы. Ал арғысы Әкесі бауыр еті баласын айуандықпен өлімге итермелеу, анасы тоғыз ай көтерген перзентін қоқысқа тастау,айта берсен жіпке тізердей. Төлен Әбдіктің жат перзент әңгімесі оқырманды бүгінгі қоғамдағы мәселелердің бірін жазушы өзі бейнелеп, суреттеп отырған өмір құбылыстары арқылы оқырман назарын аударады. Мәтіннен үзіндіге зер салсақ: Рүстем бір тығыз шаруамен ел жағына жүріп кетіпті, — деп түсіндірді Санжар. – Ал мынау отырған – сол кісінің жұбайы Зәуреш. Мен тоқыма қызыл көйлек киген, жанары кең, әлденеге қабағын түйіп алған аққұба келіншекке қарадым. «Иә, — деп ойладым – безбүйрек болғанмен, ауызының салымы мол жігіт.Өзіне ыңғай сәті келе кетеді. Тіпті, әйелі де сұлу, көрдің бе…» [2,335 б.] Бойындағы бар ашу мен ыза тек Рүстемнен кек алуды ойлаған Кәрім дастарқан үстінде, Зәурештен көз алмай, қараумен болды. Кек алудың сәттері енді басталғанды, Кәрім дастарқан басында сол Зәурештен көз алмады, санасында Рүстемнен кек алу, кек деген сөздер бейне бір жатталып қалғандай. Дастархан басына Кәрімді сан ойлар мазалай бастады. Рүстемнің сұлу әйелін көріп, жыны қайта қозғандай болды. Ол кек алудың сан түрлерін де ойластырып келген болатын. Осылайша Кәрім қызу үстінде сұлу әйелге қараумен болды.Осылайша Кәрім ендігі кегін әйелінен алуды көздегенді. Адам тағдыры – жазушы үшін шығарма арқауы ғана емес, өмірді танудың өзгеше тәсілі де: өмірде көрген тірі адамдар туралы, олардың хал – күйі, кескін – кейпі туралы тебірене, толғана ойланудан көбіне суреткердің сол адамдар өмір сүрген қоғам туралы көзқарасы қалыптасады, нәтижесінде сол қоғамдық шындықты көркем жинақтау мақсатындағы творчестволық әрекеті басталып кетеді. [1,87 б.] Мысал мәтіннен: Әлден уақытта әлдекім ән айтайық деген ұсыныс жасады. Көршілердің біреуінен домбыра әкелінді. Әуелі шеттен жағалауға ұйыған келісім тым ретсіз қыстау болып табылған соң, домбыра өнері бар адамдарға таңдап беріле бастады.Мен де айтатынымды алдын – ала ойластырып қойғам. Жұрттың дабырын пайдаланып, ішімнен ыңылдап, ең жоғарғы дауысымды белгілеп алдым да, операдағы артистерше құшырланып, «Алтыбасарды» бастадым. Бұл ән менің ішкі көңілімнің ешбір әуен дарымайтын түпкірлеріне бойлаушы еді. Сондықтан мен әлде жан ашуы, әлде күйініш айқайы – ашынған ащы үннен басталатын «Ей, қалқаны» созғанда дрижерлық еткелі тұрғандай, қолымды жайып орнымнан тұрдым. Шығармадағы кейіпкердің бұндай талантына тәнті боласын, бірақ ол ән арқылы да бүкіл ыза – кегін бойнан шығарғандай күй кешеді. Әрі қарай мәтіннен: Шынында да мен бұл әннің көп жерлерін өзімше орындаушы едім.Мұңды сазбен астасып келетін, жұлқынған айбат сезімді… «сенен сәулем қайтқан түні» деген жерде одан сайын ширықтырып, «әніне бір басайын Алтыбасар» тұсында екпінді азайтып, зарға ауысамын. «О-о-о» деген ырғақта өзек өртеген өкінішті әбден шыңына шығару үшін, итальяндық арияларды орындап тұрғандай дауысыма әдейі мұңды жарықшақ енгізіп, қайырмасынан бұрынғы «хала-ла-ны» ашынған күйде шапшаңдатып әкетемін. Өйткені әннің мінезін беруді бірінші мақсат тұтамын. Әдемілік содан кейін Ал қайырма тұсында менің отырған жұртты өзіме қосып алатын әдетім бар-тын. Бірінші шумағының қалай шыққанын толық айта алмаймын, ал екінші шумағы басталғанда өзімнің әнді тәп – тәуір айтып тұрғанымды сездім. Сездім де мүлде еркінсіп кеттім. Өйткені бұдан кейін көзіңді қалай ашып жұмсаң да, өзіңе жарасары хақ. [2,337 б.] Иә құлақтан кіріп бойды алар тәтті ән мен тәтті күй демекші өзінің орындау шеберлігімен, әуезді әнімен шуылдаған қошеметтерге ие болды. Кейіпкер әнін орындау үстінде танымайтын Зәуреште оның әніне ризашылық білдіріп отырғандай. Осылайша таныстығы әрі қарай өрлей түсіп, әңгімесі жараса бастайды. Өз жарың бола тұра өзгенің әйеліне көз салу күнә болып табылады емес пе? Алайда өшпенділік адамды неге сүйремейді дейсіз? Бірақ осы ретте нәпсіңді тыя біліп, ертеңінді ойлағанда шалыс басқан қадамыңа өкінбес пе еді? Өшпенділігі өзінен тағдыры бөтен, түтіні бөлек жаралған жаннан бала сүйді. Төлен Әбдіктің: Туысымда балажан едім. Ұлымның өмір бойы мені танымай өтетіні, танығысы келмейтіні, мәңгі жаттығы жаныма батты. «жат перзент» мәтінінен. [2,345 б.] «Біреуге ор қазба, өзің түсесің» кек аламын деп жүріп өзі өмірін өкінішпен өткізуде. Бұл өмірде өз қаныңнан жаралған балаңның өзгені әке деуі, мен әкеңмін деп айта алмауыңнан асқан қандай ауырлық бар?
Мен өмірімнің ұзын ырғасына көз жібердім. Бұл өмірде қатеміз қайсы, дұрысымыз қайсы – адам біліп болған ба?! Осыдан біраз жыл бұрын Зәурешпен арамыздағы жастықтың желігінен туған бұра жүрісті таразының бір басына, қалған ғұмырымды екінші басына шығарып, жалғастырғым келеді. Анықтауға зердем жетпейді. Бар білгенім – Зәурешті шын көңілімен ұнатыппын. Бірақ мен алғашында мұны мойындағым келмеді. Өйткені мұның бәрі өзімді қоршаған ортаның қағидасына мүлде қайшы еді. Сондықтан мен де көңілімдегі шынайы сезімді жалған деп тануға мәжбүр болдым. Сонда менің жіберген ең үлкен қателігім қайсы? Зәуреш пе? Жоқ, бүкіл ғұмырым ба? [2,345 б.] Санасын сан соқтырған, сан сауалдар жанын жегідей жеп,өткен ісіне өкінгеннен пайда жоғын сезгендей. Қазіргі қоғамда алынған жағымсыз қылық Төлен Әбіктің «Жат перзент» әңгімесінде айқын сипатталған. Кекшілдік, іштарлық деген бәлелерді, кешірімділік пен кеңдікке жеңгізе алмай, соның кесірінен бір – бірімізбен ерегісіп, нәтижесінде ертеңімізді болжамақ тұрмақ, бүгініміздің ақ – қарасын ажырата алмай қаңғып қаламыз. Күншілдік деген бар, содан сақтан,
Кекшілдік деген бар, содан сақтан.
Астамшылық деген бар, одан алыс жүр.
Сараңдық деген бар, одан қалыс жүр.
Қараулық деген бар, одан таза бол,
Бәлеқорлық деген бар, одан ада бол,
Ынсапсыздық деген бар, содан аман бол! Бөлтірік Әлменұлы [3,9 б.] деген өлең жолдары арқылы қалың көпшіліктің жанының осы жеті жаманнан аман болуын өсиет етеді.
Өмір – ылғи жұпарлы жеміс гүл ме? Ой – жырасы болады тегістің де. Адал,мөлдір қалпында қалу деген,
Оңай емес құбылған жер үстінде. [4,92 б.] Фариза Оңғарсынова.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Зейнолла Қабдолов. Сөз өнері. – Алматы: «Санат», 2002 –106-87 б.
2. Төлен Әбдікұлы. Оң қол. Повестер мен әңгімелер. – Алматы: Атамұра, 2002. – 352 бет.
3. Немат Келімбетов. Күншілдік. Сұхбат – диалог. Алматы: Атамұра, 2009. 320–9 бет.
4. Ақыл ақылдан қуат алады. Астана: Аударма, 2003. – 176 бет. 92-5 бет.


Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *