
Б. ТОБАЯҚОВ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ПАТРИОТИЗМ
Боранбаева Ж.Қ., Аманқұл Б.Б.
Астана қ., «Астана» университеті boranbaeva_zhamal@mail.ru
«Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас» -дейді дана халқымыз, әрбір жан кіндік қаны тамған жерін жырлап өтетіні анық, сонымен қоса жүректен шыққан туған жерге деген адал махаббаты, сағынышы, аңсары, құмары, қадірі, қасиеті өлең жырлары арқылы беріледі. Б. Тобаяқов өз жырын, отанға, елге деген сүйіпеншілік бағытын ең алдымен өз туған жерін жырлаудан бастайды.
Ауылым менің Қотырқай етегінде, Өрлегендей биікке өте мүлде.
Бостан атын ауылдың
Тұмарымдай сақтап бір өтемін де. Арғынсайдың алқабы оттай ыстық, Қияларға, қиянға топтай ұштық.
Сіміріп ап ауасын жұпар қандай,
Бұлақ суын шырындай-соктай іштік [1.15 бет] Өз туған жеріңе ешнәрседе жетпейтіні рас. Б. Тобаяқов жырында кейіптеу құбылысын пайдалану арқылы ауылын сипаттап қана қоймай, мақтанышпен бар қызығын мен қуанышын жеткізеді. Адамзат баласының жұдырықтай жүрегінде отанға деген ыстық махаббаттың болатыны сөзсіз. И.С.Тургенев « Россия менсіз-ақ күн көрер-ал менің Россиясыз күнім қараң» [2. 88] деген екен. Ия отансыз өмірдің мәні де, сәні де болмайды. Халқымыздың «Отансыз-адам, ормансыз-бұлбұл» дегеніде осыдан шыққан болар. Осындай отанға деген сүйіспеншілігінің арқасында талай қазақ баласы отаны мен жері, елі үшін күресті, алдарына қойған басты мақсаттары жері мен елі үшін жауды жеңу болды. Б. Тобаяқов өз жырына елім, жерімдеп құрбан болған қазақтың жаужүрек ерлерінде қосады.
Қайран ерлер,
Сәкен, Мағжан-серкелер,
Алашымның төріндегі еркелер,
Құрбан болды азаттықтың жолында,
Ұрпақтары жоқтатпайтын тер төгер [1.19 бет] деп жырлап өтеді. Барлық адамзат бойында отанға деген ыстық махаббаты қайнап тұрса, еліміздің яғни отанымыздың гүлдене беретіні анық. Достаевский «Өзінің бауырларың мен өзіңнің Отаныңды қорғап немесе тіпті өз отаныңның мүддесін қорғап, өміріңді құрбан етуден асыл мұрат жоқ» [1.23] дейді. Бұндай түсінік қазіргі жастардың бойынан аса табыла бермейді.Оның себебі жастар бойын еліктеушілік пен бағаламаушылық сонымен қоса менмендік билеуде. Бұндай жағымсыз қасиеттерді барлық қазақ ақындары, жазушылары айтуда, жырлауда. Тіпті Ғ. Есім «Ақ өлең аққулы мекен»роман эссесінде «Менмендік түптің түбінде бәрін жеңіп, патшалық құрмақ. Сонда ақыры мәселе немен тынбақ? Менмендік жеңгенде адамзат іштей эрозияға түспек. Ол заман қашан орнамақ? «Адам мың жас жасайтын заман болады» дейді кейбір ғалымдар. Онда эгоизм өз әмірін әбден құрмақ. Адамзаттың әлсіздігі де, шексіз қуаты да оның ғұмыр жасының ұзақ қысқалығында емес пе? Адамзат мың жасайтын заманда жаңа дерт пайда болмақ, ол Жалығу. Мұндай дертке ұшырағандар өз өтініштерімен жойылып отыратын дәстүр қалыптастырмақ. Адамды адам еткен санасы болса, келе келе сол сана адамзатты жоюшы күшке айналмақ.»[1,85бет] дейді бұл ащы да болса бұл шындық.Алайда осы жастарды адамгершілікке,ізгілікке бойларында отанға деген сүйіспеншілікті тудырыру үшін ақын-жазушылардың тигізер пайдасы мол.
Зер салсаңшы достым-ау, Өткеніме үңілде. Жолда қанша тосқын-ау, Қалай жеттік бүгінге.
Қорқыт баба күйінен, Ұқтым заман захіметін.
Алла берген сыйымен
Алдық сауап-рахметін. [1.22]. Отанға деген махаббаттың оянуына ең басты тарихты білу және барды бағалау басты себептер бола алады. Өз отанының тарихын білмеген адам ол елдің азаматымын деп сезінуге мүлде қақысы жоқ. Б. Тобаяқов бірде ассонанс бірде аллитерация құбылысын пайдаланып яғни дауысты дыбыстардың және дауыссыз дыбыстардың қайталануы арқылы отан тарихына үңілдіруге ұқтырды. Біз жастар сондай сұрапыл шайқасқа қатысу міндеті емес,сондай шайқаста өз өмірлерін құрбан еткен ата-баба үмітін ақтау. Біздің Отанымыз ол Қазақстан, И.С. Тургенев секілді « Менсіз Қазақ өмір сүреді, ал бірақ мен Қазақсыз өмір сүре алмаймын» деген ой барлығымыздың санамызда, жүрегімізде болғаны дұрыс. Тәуелсіздік! Тәттісің ғой сен балдай, Еркіндікте елім қандай, жер қандай!
Азаттықтың арқасында бостан боп, Келемін де өз жолымды мен таңдай. Тәуелсіздік! Осы сөзде сиқыр бар, Естігенде көңіл-күйім қиқулар.
Артта қалды қиямет пен қиянат,
Алаңдау мен уайым-қайғы ұйқы ұрлар. [1.25]. Деп шумақтайды
Б.Тобаяқов. Шыныменде тәуелсіздік біз үшін үлкен бақыт, өз елім, өз жерім, өз отаным, өз халқым, өз тілім кереметтей тәуелсіздік қуанышын осылай тізбектей аламыз. Әр қазақ жастары осындай қадірлі, қастерлі тәуелсіздікті бағалап, құрметтеп одан әрі қазақ жерін көркейтуге ат салысу басты міндет. «Қазақстан – дүниедегі әр қазақтың қастерлі құбыласы! Қазақстан – әлемдегі барша қазақтың құтты қарашаңырағы! Қазақ баласы дүниенің қай түкпірінде жүрсе де, тұтас қазақ халқының бір бөлшегі екенін біз еш уақытта ұмытпауымыз керек», дейді елбасымыз Н. Ә. Назарбаев. Расыменде, қай жерде жүрсекте, өз отанымыз үшін барымызды аямай, еліміздің гүлденуіне титтейде болса қол ұшын тигізу басты парыз. Сондықтан барша қазақ жастары отанымызды қорғап, құрметтеп, бағалау керектігін Б. Тобаяқов жырларынан одан әрі ұғына, біле түстік.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Б.Тобаяқов «Жерұйығым» өлеңдер, поэма, терме. Алматы, 2013. -152 б.
2. Ақылдың кені/құрастырған Қ. Жарықбаев- Алматы: А 38 Қазақстан,
1991. — 256 б.
3. Ғ.Есім «Ақ өлең-аққулы мекен» роман-эссе. Алматы: Атамұра, 2012. — 224 б.
4. Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Қызмет хроникасы. 2011 жыл, Қаріп «New Gothic BT». Шартты б.т. 30.