АСҚАРОВ Әлібек (24.1.1951, Шығыс Қазақстан обл. Қатонқарағай ауд. Чернов а.) — жазушы, баспа ісін ұйымдастырушы. Алматы көркем сурет уч-щесін (1975), ҚазМУ-дің журналистика ф-тін бітірген (1982). “Білім және еңбек” журналында әдеби қызметкер, бөлім меңгеруші, жауапты хатшы (1975 — 86), респ. “Өнер” баспасының бас редакторы (1986 — 91), ҚР Президенті мен Министрлер Кабинетінің аппаратында аға референт (1991 — 93), Бұқаралық ақпарат және баспа ісі жөніндегі ұлттық агентік төрағасының орынбасары (1996) қызметтерін атқарған. 1997 жылдан ҚР Ақпарат және қоғамдық келісім мин. баспа және полиграфия департаментінің директоры. А-тың “Құтмекен”, “Тайга толғауы”, “Жасыл әлемге саяхат”, “Ерте түскен бозқырау”, “Өр Алтай, мен қайтейін биігіңді”, т.б. повестер мен әңгімелер жинағы жарық көрді. “Астана” медалімен марапатталған.