АСҚАРОВ Асанбай (15.9. 1922, Жамбыл обл. Мерке ауд. Тәті а.) — мемлекет қайраткері, Социалистік Еңбек Ері, соғыс ардагері, ақын. СОКП ОК жанындағы Жоғары партия мектебін бітірген (1954). Ұлы Отан соғысы жылдарында майданда әскери-саяси қызметкер, 1946 — 51 ж. Жамбыл обл-да ауд., обл. комсомол к-ттерінің хатшысы, 1954 — 58 ж. Красногор, Мерке ауд. партия к-ттерінің бірінші хатшысы, Жамбыл обл. атқару к- тінің төрағасы, 1959 — 85 ж. Қазақстан компартиясы Жамбыл, Алматы, Оңт. Қазақстан обл-тары к-ттерінің бірінші хатшысы қызметтерін атқарды. 23 жыл бойы КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты болды. А. Қазақстанның әлеум,- экон. және мәдени дамуына елеулі үлес қосты. 80-жылдардың орта кезінен қуғындалып, “парақорлығы және мемл. мүлкін талан-таражға салғандығы” үшін деген айыппен қамауға алынды. 1987 ж. сәуір айынан 1991 жылғы тамызға дейін абақтыда отырды. А-ка тағылған жала 80-жылдары белең алған қазақ зиялыларын қуғындаудың құрамдас бөлігі еді. Тергеу кезінде оған Желтоқсан көтерілісін (1986) ұйымдастыруға қатыстылығы, ұлтшылдығы сияқты “кінәлар” тағылды. А-қа тағылған айыптың мүлдем негізсіздігі анықталып, Қырғыз Респ. Жоғарғы соты төралқасының шешімімен ол толық ақталды және азаматтық құқықтары калпына келтірілді. А. бірнеше көркем және публицист. шығармалардың авторы, Мұхаммед Хайдар Дулати атынд. қордың президенті, Шымкент және Тараз қ-ның құрметті азаматы