Биология пәні бойынша 11 сынып оқушысының өзіндік жұмысының жоспары

Биология пәні бойынша 11 сынып оқушысының өзіндік жұмысының жоспары
IV тоқсан
Сабақтың нөмірі: ___10_____
Сабақтың тақырыбы: Фотосинтездің жылдамдығына әсер ететін факторлар. Фотосинтездің шектеуші факторлары: жарықтолқынының ұзындығы немесе жарық интенсивтілігі, көмірқышқыл газының концентрациясы, температура.
Мақсаты 11.1.2.4 — фотосинтездің шектеуші факторларын зерттеу және түсіндіру
Қысқаша конспект
Жарықтың фотосинтезге әсері. Көміртегінің ассимиляциялануы үшін өсімдікке жарық керек. Мұны байқау үшін ішінде суы бар элодея өсімдігі салынған стаканды күн түскен жерге қойып, біраз уақыт бақылау керек. Бір минутта осы элодея бүтағының жапырақ-тарынан қанша көпіршік шыққанын санауға болады. Егер ішінде өсімдігі бар стаканды ол жерден алып, көлеңкелі жерге қойса, одан шығатын газ көпіршіктерінің саны азаяды, стаканды күн түскен жерге қайтадан қойғанда, газ көпіршіктері тағы жиі шыға бастайды. Бүл, әрине, жапырақта фотосинтез процесі тек жарық бар жерде ғана жүріп, көлеңкелі жерде не саябырсығанын, не мүлде жүрмейтіндігін көрсетеді. Жарықтың әсеріне бейімделу нәтижесінде барлық өсімдіктер тіршілік ету бейімділігіне байланысты түрліше болады.
Көмірқышқыл газының әсері. Фотосинтез процесінің жүруіне керекті болатын негізгі шарттың бірі -көмірқышқыл газының болуы. Ауа қүрамының 0,02-0,03%-ы көлемі жағынан алғанда көмірқышқыл газынан түрады. Егер біз кез-келген бір органикалық затты алып қарастырсақ, оның құрамында міндетті түрде көміртегі кездесетіндігін байқауға болады. Көміртегі табиғатта тыныс алу, жану және ашу процесінде үнемі өзгеріп отырады. Жер планетасындағы көміртегінің айналымы — өз алдына үлкен, өте күрделі процестердің бірі.
Температураның әсері. Өсімдіктердің фотосинтез процесі үшін температураның алатын орны ерекше. Температураның өзгеруі фотосинтезге өте үлкен әсер етеді. Фотосинтезге температураның әсері фотохимиялық және биохимиялықреакциялардың болуына байланысты. Фотосинтездің биохимиялық реакциялары 25-30° С-ге дейінгі шекте Вант-Гофф заңына бағынады. Бүл осы шекте температураның әрбір 10 градусқа артуы реакцияны 2-3 есе тездетеді деген сөз. Фотосинтездің бүл реакциялары үшін температура коэффициенті (310= 2-3-ке тең болады. Температураның бүл шектен артуы фотосинтез реакцияларын тездетпестен, керісінше, оны тежейді, одан соң ферменттік жүйелердің инактивациясы салдарынан фотосинтезді толық тоқтатады. Фотохимиялық реакциялар температураға тәуелді емес деуге болады. Олардың температура коэффициенті 1,1-ден 1,4-ке дейін.
Судың әсері. Фотосинтездің суға тәуелділігі — өте күрделі процесс. Фотосинтез үшін су реакцияға тікелей қатысушы ретінде және жанама фактор ретінде де керек. Судың құрамындағы сутегі фотолиз кезінде тотығады да, көмірқышқыл газын тотықсыздандыруға пайдаланылады. Мұндай қажеттіліктер үшін өсімдіктерде су әрқашан да жеткілікті түрде болады. Хлоропластың құрамында қалыпты жағдайда 75%-дай су болады. Судың бұл шамасының сәл кемуі хлоропластардың қоллоидтық-химиялық күйінің күрт өзгеруіне әкеп соқтырады, яғни бүкіл процестің барысына әсер етеді.
Оқушыларға арналған тапсырмалар
1. сілтеме https://infourok.ru/prezentaciya-fotosintezdi-zhrui-shin-azhetti-zhadaylar-2924842.html осы видеоны көре отырып қандай ой түйдіңіз,ойыңызды қысқа хабарлама түрінде жазыңыз.
Тақырып бойынша сұрақтар
Сұрақтарға жауап беріңдер ,талдаңдар.
1. Фотосинтез қарқындылығын қалай түсінесің ?
2. «Қазақстанда егіншілікке шектеуші факторлардың әсері»
тақырыбында реферат жазыңдар.
3. Кестені толтырыңдар.

Фотосинтездің жылдамдығына әсер ететін факторлар. иә жоқ
1 жарық
2 қараңғы
3 су
4 темперетура
5 қысым
6 рн –мәні
7 құрғақшылық
8 топырақ

Кері байланыс: орындалған тапсырманы оқушы электронды пошта немесе WhatsApp» мобильді қосымшасы арқылы жібереді.

Ескерту: Сабақтың ұзақтығы – 10-15 минуттан аспауы тиіс.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *