«Молекулалық биология» пәні

«Молекулалық биология» пәні бойынша

1. Молекулалық биология пәні. Биология ғылымы саласында молекулалық биология пәнінің рөлі және оның алатын орны.
2. Белоктар. Белок компоненттері және олардағы химиялық байланыстар. Белоктардың пішіні және көлемі. Глобулярлы және фибрилярлы белоктар.
3. Нуклеин қышқылдары: ДНҚ, РНҚ. Олардың жалпы сипаттамасы. Нуклеин қышқылдарының құрылымы. Пуринді және пиримидинді негіздер. Көмірсулы компоненттер. Нуклеозидтер. Нуклеотидтер. ДНҚ-ның бірінші реттік құрылымы.
4. Әр түрлі организмдердегі ДНҚ-ның нуклеотидтік құрамы. ДНҚ-ның макромолекулярлы құрылымы. ДНҚ-ның қосспиралды құрылымының биологиялық маңызы. ДНҚ-ның В-, А- және Z-формалары. Сақиналы және суперспиральды ДНҚ молекуласы. ДНҚ денатурациясы және ренатурациясы.
Рибонуклеин қышқылы (РНҚ). РНҚ-ның құрылымы және қасиеттері: ақпараттық, рибосомдық және тасымалдаушы РНҚ. ДНҚ-ның нуклеотидтік тізбегін анықтау. Максам-Гильберт әдісі, Сенгер әдісі.
5. Тұқым қуалаудағы ДНҚ-ның рөлі. Генетикалық ақпараттың өзін-өзі өндіруі. Комплементарлық принцип және оның биологиялық рөлі. ДНҚ репликациясы. Репликацияның негізгі принциптері. ДНҚ репликациясының жартылай консервативтілігі механизмінің тәжірибелік дәлелдемесі. Мезельсон және Сталь тәжірибесі. Сақиналы ДНҚ репликациясы. Эукариот және прокариот репликациясының ерекшеліктері. Репликация инициациясы. Репликативті айырым, оның құрылымы және қызметі. Бір бағытты және екі бағытты репликация. Репликация энзимологиясы. ДНҚ-полимераза. Эукариоттардағы ДНҚ полимеразаның жіктелуі және қызметі. ДНҚ-лигаза. ДНҚ-топоизомераза. Топоизимераза –ІІ.
6. ДНҚ байланыстырушы белоктар олардың сипаттамасы және қызметі. Оказаки фрагменттері. Репликондар. Транскрипцияның инициациясы, элонгациясы және терминациясы. Промоторлы аймақ. ТАТА-тізбек (Прибнов-бокс). Транскрипцияның белоктық факторлары. Транскрипция терминаторы. Алғашқы транскриптер процессингі. тРНҚ және рРНҚ процессингі. Эукариоттарда мРНҚ-ның жетілуі және процессинг (сплайсинг). Жетілген мРНҚ-ның құрылымы. Моно– полицистронды мРНҚ. Сплайсинг механизмдері және оның түрлері.
7. Генетикалық код. Оның негізгі қасиеттері. Кодон құрылымы. Белок биосинтезі. Трансляция аппараты. Транспорттық РНҚ. тРНҚ-ның бірінші, екінші және үшінші реттік құрылымы. Антикодон. Аминоацил тРНҚ-синтетаза құрылымы. Про- және эукариоттардағы рибосома құрылымы. Рибосомды РНҚ және рибосомадағы негізгі бірлігінің белоктары. рРНҚ-ның процессингі. мРНҚ-ның прокариоттардағы трансляциясы, трансляция этаптары (инициация, элонгация, терминация), оның механизмдері, реттелуі.
мРНҚ-ның эукариоттағы трансляциясы. Трансляция элонгациясы. Элонгацияның белоктық факторлары. Трансляция процесінің терминациясы.
8. ДНҚ репарациясы. Репарация типтері. Мутациялық бұзылыстардың коррекциясы. Фоторективация. Алкилді зақымдаудың репарациясы. Эксцизионды репарация. Рекомбинациялық репарация. SOS-репарация. Клетканың генетикалық аппаратының тұрақтылығының сақталуындағы ДНҚ репарациясының рөлі.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *