КазНИИР-5 сорты – орташа мерзімде піседі, алғашқы өну кезеңінде төменгі температураға төзімді және ерте ерзімде себуге ұсынады. Вегетациялық кезеңінде су қабатында жақсы өне алады және түптену біркелкі жүреді. Сорт тұздылыққа, жығылуға, төгілуге төзімді.
Өсімдік орташадан жоғары бойлы (85-90см), масақтары орташа ұзындықта (15-17 см). Дәні ақ, орташа ірі дәнді, жартылай шеңберлі. Сорт 2009 жылдан сортсынаудан өткен, күріш өсіретін барлық аймақта егуге рұқсат етілген