Ару сорты

Ару сорты — Мемлекеттік сортсынаққа 2003 жылы беріліп, 2007 жылы Қызылорда облысында аудандастырылған.
Сорттың авторлары: Қ. Бәкірұлы, А.Н. Подольских, Т.Қ. Қарлыханов, Г.Т. Мейрман. 1000 дәнінің массасы — 30-32 г, қауыздылығы – 1819%.
Сорт өте ерте мерзімде піседі, сондықтан су пайдалану мерзімі қысқарып, суару нормасы азаяды. Өсу дәуірі 70-95 тәулік, бұл жергілікті стандартты Маржан сортымен салыстырғанда 17-20 күнге қысқа. Ауарайының қолайсыздығына төзімді, егілу мерзімі кешеуілдеген жағдайда да тұрақты өнім береді.
Тұздылыққа, суыққа төзімді, жығылуға, төзімділігі орташа және дәні төгілмейді. Түптеудің алғашқы және соңғы кезеңдерінде азот тыңайтқыштарын қолдану өнімділігін күрт арттырады. Өнімділік әлеуеті – 55-60 ц/га.
Өнімді жинау уақытылы және сапалы жүргізілген жағдайда стандарт Маржан сортымен шамалас өнім алуға болады. Дәндерінің шынытүстілігі 78%; жарықшақтылығы 9%; жалпы жарма шығымы — 67,5%; бүтін жарма шығымы — 83,6%. Жармадағы ақуыз мөлшері – 10-11 %.
Сортты Қазақстанның барлық күріш алқаптарында, әсіресе Қызылорда облысының солтүстік және Алматы облысының ауа-райының күрт өзгермелі, суы тапшы аймақтарында егуге болады

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *