Янтарь сорты – орташа мерзімде піседі, өсу дәуірі – 114-117 күн. Дәні ұзынша, ірі, 1000 дәнінің массасы 32-33 г. Қауыздылығы 16-18%. Дәнінің ұзындығы мен енінің қатынасы (L/b) – 2,4-2,5. Жармасы ақ түсті, шынытүстілігі – 92-96%; жарма шығымы – 67-69%; жармадағы бүтін дән шығымы – 78-80%. Сорт пирикуляриоз ауруына, күріштің жапырақ нематодасына орташа төзімді, тұзға төзімділігі жоғары.
Янтарь сорты
Өсіру технологиясы дұрыс сақталмаған жағдайда сорт пирикуляриозға төзімсіз. Әлеуетті өнімділігі – 10 т/га. Сорттың өну дәуірінде өскіндері терең суда тез өсіп шығады, сондықтан арам шөптерге қарсы гербицидтер қолданбаса да болады