Зерттеу жүргізу әдістемелері
2.2.1 Танаптық тәжірибе сызбасы
Сорттық технология – дақыл сортын өсіру кезінде осы сорттың биологиялық және морфофизиологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, танапта атқарылатын агротехникалық жұмыстар тізбегін жасап, оны бұлжытпай орындау. Сорттық технология элементтеріне дақылдың ауыспалы егістегі орны, яғни алғы дақылы, инженерлік-техникалық жағдайлар, негізгі және себу алдындағы топырақ өңдеу, тұқым дайындау және оны себуге байланысты операциялар, тыңайтқыш қолдану жүйесі, егісті күтіп-баптау, өсімдік қорғау шаралары, өнімді жинау және т.б. жатады [52].
Аталған технологиялық элементтердің ішінде маңыздылары жоғары өнімді (оптимальды тығыз) күріш егісі параметрлерін анықтау, яғни сорттың тұқым себу нормасын нақтылау, сорт өсімдіктерінің биіктігіне, архитектоникасына және биологиялық ерекшеліктеріне қарай минералды тыңайтқыш енгізу мөлшері мен әдістерін оңтайластыру жатады.
2015-2017 жылдары экологиялық сортсынау зерттеулеріне күріштің жеті сорты алынды, олар: Ресей селекциясының Янтарь, Анаит және отандық селекцияның КазЕр-6, Ару, КазНИИР-5, АйСауле, Маржан сорттары зерттеу әдістемесіне сәйкес жан-жақты зерттелді. Осы сорттар арасынан орталықэкологиялық аймақ үшін өсіруге қолайлы сорттар ретінде сорттық технологияның негізгі элементтері болып есептелетін минералды тыңайтқыштар мөлшері мен тұқым себу нормаларын зерттеуге күріштің инновациялық Янтарь, АйСауле және Маржан сорттары таңдалды.
Далалық тәжірибе Ы.Жақаев атындағы Қазақ күріш шаруашылығы ҒЗИдің тәжірибе алаңдарында жүргізілді. Күріш тұқымын себу мерзімінен бастап бүкіл өніп-өсу дәуірінде күрішті күтіп-баптау жұмыстарында күріш сорттарының ерекшеліктері ескеріле отырып, алдын-ала жасалған жоспар бойынша жүргізілді.
Танаптық тәжірибелер төмендегі бағыттар бойынша жүргізілді:
№1–Тәжірибе. Қызылорда облысының орталық-экологиялық аймағында күріштің инновациялық сорттарын сынау.
Тәжірибе мақсаты: Арал өңірінің орталық-экологиялық аймағында күріш сорттарын экологиялық сортсынаудан өткізіп, өнімділігі және өнім сапасы жоғары, шаруашылық-құнды белгілері бар, аймақ табиғи-климат жағдайына бейімделген сорттарды іріктеп алу.
Тәжірибе нысандары: отандық және шетелдік сорттар тізілімінен рұқсат етілген және келешегі бар күріш сорттары:
1. Маржан (бақылау)
2. Ару
3. Янтарь
4. Анаит
5. КазНИИР-5
6. КазЕр-6
7. АйСауле
Тәжірибе үш қайталаным бойынша, мөлдектердің ауданы – 10 м2, мөлдек аралары 0,5 м-ден, қайталаным арасы 1 м, тұқым қолмен себіліп, артынша тырмаланды.
№2-Тәжірибе. Күріштің инновациялық сорттары және өсіру технологиясының элементтері.
Тәжірибе мақсаты: Күріштің Янтарь және АйСауле инновациялық сорттарының оңтайлы тұқым себу нормасын және қолайлы минералды тыңайтқыш енгізу мөлшерін жергілікті Маржан сортымен салыстыра отырып анықтау.
Тәжірибе нұсқалары:
Тыңайтқыш беру мөлшері:
1. N0 P0(бақылау) 2. N90 P90 ә.з.
3. N90+30 P90 ә.з.
4. N120 P90 K60 ә.з. Тұқым себу нормасы:
1. 6,5 млн/га өнгіш дән
2. 7,0 млн/га өнгіш дән
3. 7,5 млн/га өнгіш дән
Зерттеу нысандарына күріштің –Маржан (бақылау), АйСауле және Янтарь сорттары алынды. Тәжірибе үш қайталаным бойынша, мөлдектердің ауданы –
2 -ден, қайталаным арасы 2 м, тыңайтқыш беру
50 м , мөлдек аралары 0,5 м мөлшері бойынша мөлдек арасы 1 м, тұқым СС-11 маркалы селекциялық тұқым сепкішпен 2-3 см тереңдікке сіңіріліп егілді. Минералды тыңайтқыштар тәжірибе сызбасы бойынша берілді, үстеп қоректендіру нұсқаларға күріштің түптену кезеңінде берілді.
Әр аймақта күріштен жоғары, әрі сапалы өнім алу үшін сол аймақта өзінің потенциальды мүмкіндігін толық көрсете алатын және сол аймақтың қоршаған ортасына бейімделген, яғни ауруларға, зиянкестерге төзімді сорттарын таңдап алынуы қажет.