Қазақстандық Арал өңірінің табиғи-климаттық сипаттамасы,
зерттеулерді жүргізу кезіндегі метеорологиялық жағдайлар мен тәжірибе учаскесі топырақтарының қасиеттері

Қазақстандық Арал өңірінің табиғи-климаттық сипаттамасы,
зерттеулерді жүргізу кезіндегі метеорологиялық жағдайлар мен тәжірибе учаскесі топырақтарының қасиеттері
Күріш негізінен тропикалық және субтропикалық аймақтарда өсіріледі, кей жерлерде климаттық жағдайларға байланысты бұл дақылдан жылына екі-үш өнім жинауға мүмкіндік болады. Күріш егіншілігі Қазақстанда Сырдария, Іле және Қаратал өзендерінің төменгі ағысындағы алаптарда, әкімшілік жағынан Қызылорда және Алматы облыстары аумақтарында дамыған. Елімізде жыл сайын 105-110 мың гектар күріш егілсе, оны 80-85 пайызы Сыр өңірінде, яғни Қызылорда облысы аумағында орналасқан. Бұл өңірдің теңіз деңгейінен төмен жатуы, топырақ-мелиоративтік және агроклиматтық жағдайы осыдан жартығасыр бұрын арнайы күріш ирригациялық инженерлік жүйенің салынуына себеп болды [62].
Қазақстан – Жер шарындағы күріш өсіруші аймақтардың ішіндегі ең солтүстік аймағы. Сондықтан, Арал өңірі жағдайында дақылды өсу дәуірінің ұзақтығы күріш өнімділігін шектеуші факторлардың бірі. Республикадағы күріш өсіруші аймақтардың топырақ-климат, күн сәулесі радиациясы мен жылу ресурстарына бейімделіп, өсіп- жетілуіне байланысты сорттардың өнім құрау мерзімі әртүрлі болып келеді [3,9,45,58].
Ғалымдардың (М.К.Каюмов,1972) мәліметі бойынша, 40-500С ендікте егістерге түсетін фотосинтетикалық активті радиация (ФАР) мөлшері 3,2-2,5 млрд, ккал/га, ал биомасса өнімі гектарына 400-250 центнерге дейін жетеді. Осы ендікте Қазақстандағы күріш өсіруші ең үлкен аймақ – Сыр өңірі де (43460С) орналасқан [102,103].
Жалпы, облыстағы жер қорын топырақ пен климаттық және басқада шаруашылық жағдайларына байланысты үш табиғи-экономикалық ауданға бөліп қарастыруға болады. Бірінші аймаққа (оңтүстік) екі әкімшілік аудан (Жаңақорған және Шиелі), екінші (орталық) аймаққа төрт әкімшілік аудан (Жалағаш, Қармақшы, Сырдария және Қызылорда қаласы), ал үшінші аймаққа (солтүстік) екі әкімшілік аудан (Арал және Қазалы) кіреді [68].
Сыр өңірінің күріш өсіруші аймақтарының топырағы негізінен шөл далалық (сұр топырақ, тақыр және тақыр тәріздес) және гидроморфтық (аллювиальды-шалғынды, шалғынды-батпақты) түрлеріне жатады. Олардың ішіндегі құнарлысы – аллювиальды-шалғынды, шалғынды-батпақты топырақтар. Тұздану типі – хлоридті-сульфатты, бір метр топырақ қабатындағы тұздар мөлшері құрғақ қалдық бойынша 0,882-2,816% аралығында. Жер асты сулары жыл мезгілдеріне байланысты 2-5 м тереңдікте жатады. Атыз топырағына суаруға жіберілетін өзен суымен көп мөлшерде еріген тұздар келіп түседі [9,45].
Климаттың континенталдығы көптеген метеорологиялық элементтердің тәуліктік, айлық және жылдық өзгеруімен байқалады. Жазы ыстық және ұзақ мерзімді. Бұл кезеңде температурадағы күрт өзгеру сипаты байқалмайды. Кейбір жерлерде шілде айының орташа температурасы 36-39ºС. Облыс аумағының басым бөлігінде температураның абсолютты максимумы 44-48ºС құрайды. Қыс мезгілінде облыстың солтүстік және оңтүстік аймақтарынының арасында температурада айтарлықтай айырмашылықтары бар. Мысалы, ең салқын ай – қаңтардағы орташа температура – 35-36ºС градусты құрайды.
Қызылорда облысының климаты континетальды, жазы құрғақ, қысы суық, қарсыз. Жылдың орташа ауа температурасы –9,8ºС. Жылдық орташа жауыншашын мөлшері – 129 мм. Солтүстікке ашықтылық қасиеті облыс аумағына кедергісіз салқын ауа массасының енуіне мүмкіндік береді және нәтижесінде қыс айларында күрт салқындайды. Ауа температурасының абсолютты минимумы 42ºС градусқа дейін жетеді.
Құрғақшылық – облыс климатының ерекшелектерінің бірі. Жауын-шашын өте аз жауады. Орташа жылдық мөлшері 100-190 мм аспайды және жыл маусымдарында оның түсімі біркелкі емес, барлық жауын-шашынның 60%-ы көктемгі-қысқы кезеңдерге тиесілі.
Облыс аумағының барлық бөлігінде солтүстік-шығыс бағытындағы күшті және жиі желдер болып тұрады. Оның орташа жылдық жылдамдығы секундына 3,1 м-ден 6 м-ге дейін ауытқып отырады. Қыс мезгілдеріндегі күшті желдер төменгі температура жағдайында жер бедерлерінің биік беткейлеріндегі қар жамылғыларын ұшырып кетеді, нәтижесінде топырақтың беткі қабаттарының терең қатуына және жарылуына әкеліп соғады. Жазғы уақытта шаңды дауылдар байқалады. Жауын-шашынныңорташа мөлшері 100-115 мм. Арал теңізінің тартылуынан, Байқоңыр ғарыш алаңы тарататын улы заттары және экологиялық ортаның нашарлауына байланысты қышқыл жауын-шашын жауатын болды
[104].
Зерттеу жылдарындағы агрометеорологиялық жағдайлар
Күріш өсіруші аймақтардың ішінде Қазақстандық Арал өңірі ең солтүстік аймақ болғандықтан, дақылдың өсу дәуірінің ұзақтығы күріш өнімділігін шектеуші факторлардың бірі. Атап айтқанда, Жаңақорған-Шиелі алқабында +100С – тан жоғары температуралар жиынтығы 3800-4200ºС, Орталық
(Қызылорда) – 3500-3800ºС, ал Алматы облысы Балқаш ауданында – 3200-3600ºС. Сондықтан бұл аймақтарда өте ерте, ерте және орта мерзімде пісетін күріш сорттарын өсіруге болады.
Тәжірибе учаскесінен 15 км қашықтықта орналасқан Қызылорда метеостансаның мәліметтеріне сәйкес жүргізілген зерттеу жылдарында (2015-2017 ж.ж.) температуралық режим мен жауын шашын мөлшерінде айтарлықтай айырмашылықтар байқалған жоқ және қалыптасқан ауа райы Қазақстандық Арал өңірінің орталық экологиялық аймағы жағдайында күріш өсірудің сорттық агротехникасын бағалауға қолайлы болды (2,3 сурет, және қосымша А). Осы аймақта ауаның орташа көпжылдық температурасы 10,8ºC, жауын шашынның орташа көпжылдық мөлшері 151 мм құрайды.
2015 жылы ауа райы күріштің өсуі мен дамуына қолайлы деуге болады. Вегетация кезеңінің басында (сәуір-мамыр айлары) 56 мм жауын шашын түсті, бұл орташа көпжылдық жауын шашын мөлшерінен 28 мм-ге көп болды. Көктем айларында ауаның орташа температурасы 13,4ºC құрады (норма 12,1ºC). Жаз айларында ауа температурасы 2016-2017 ж.ж. салыстырғанда өте ыстық болды, шамамен 29,2-29,7ºC аралығында тіркеліп, орташа көп айлық көрсеткіштерге қарағанда 1,9-3,1ºC-қа жоғары болса, осы мезгілдегі жауын шашын мөлшері 16 мм болды, яғни көп жылдық көрсеткіштің тек 50% құрады.



Сурет 2 — Зерттеулерді жүргізу жылдарындағы ауаның орташа айлық және орташа көп жылдық температуралары, t,ºC (2015-2017 ж.ж. — орташа көп жылдық)

2016 жылдың қыс айлары жылы болды. Мұндай жағдай бұрын облысымызда байқалмаған еді. Қыс айларынының жылы болуына байланысты көктем ерте түсті, наурыз айының үшінші декадасында механикалық құрамы ауыр топырақтың өзі кеуіп кетті. Көктемгі егіс дала жұмыстары бір айға ерте басталды. Жоғарыдағы екінші кестеден көріп отырғанымыздай жаз айы өте ыстық болды, кей күндері ауа-температурасы 45ºС градустың үстіне шығып кетті, бұл әсіресе шілде айларында байқалды. Вегетациялық кезеңдегі ауа температурасының орташа айлық көрсеткіштері көп жылдық мәндерден 0,5-1,6ºC-қа жоғары болды. Сонымен қатар осы жылы 250 мм-лік атмосфералық жауын шашын тіркелді немесе 152,3%-ға нормадан тыс көп болды.
2017 жылы да зерттеу жүргізілген аймақта жылы және құрғақ ауамен ерекшеленді. Көктемгі айларда жауын шашын мөлшері әдеттегіден 12 мм-ге аз жауды, ал ауа температурасы 0,9-2,1ºC-қа нормадан жоғары болды. Жаз шамамен 3-ші мамырда басталды, яғни осы күннен бастап ауаның орташа тәуліктік температурасы тұрақты 15ºC және одан да жоғары болды. Күзде алғашқы жауын шашын тек 16-шы қазанда тіркелді және күріш шаруашылықтарына өнімді уақытылы, ысырапсыз жинап алуына мүмкіндік болды.



Сурет 3 — Зерттеулерді жүргізу жылдарындағы орташа айлық және орташа көп жылдық атмосфералық жауын шашын мөлшері,мм (2015-2017 ж.ж. — орташа көп жылдық)

Күріш егіншілігі Сырдария мен Іле мен Қаратал өзендерінің бойындағы алқаптарда орналасқан. Бұл өлкелердің топырағы-мелиоративтік жағдайы және агроэкологиялық жағдайы күріш егісінен мол өнім алуға қолайлы [9].
Қызылорда облысы топырақтарының едәуір көлемі сортаңданған топыраққа жатады. Мұндай жерлерге ауылшаруашылығы дақылдарын егу үшін игеру кезінде топырақ бетін шаю жұмыстары жүргізілуі керек. Бұл жұмыстарды атқаруда күріш теңдесі жоқ дақыл болып табылады. Күріш егілген жерлер 90-100 күн бойы судың астында жататын болғандықтан, сортаң жерлер тұздарынан арылып, тұщыланып, өзінен кейін егілетін құрғақта өсетін дақылдар үшін бірден-бір жарамды жерге айналады [95].
Сыр өзенінің төменгі ағысындағы күріштік алқап – Қызылорда облысының үлесіне тиеді. Мұнда шалғынды батпақты, батпақты, шалғынды-сортаңды және тақырлау жерлер жиі кездеседі. Бұл топырақтың сульфатты қосылысы көбірек, механикалық құрамы жағынан 4-6 м тереңдікте ерте заманғы атыраулық қиыршық құмы бар саздақ және саз топырақтар [69]. Ғалымдардың зерттеулері бойынша күріш егетін Ақдала массивінде қара шірінді мөлшері бастапқы көрсеткішінен 19,3-24,7%-ға кемісе, соңғы 30 жыл ішінде Қызылорда облысының күріштік топырағында 30-40%-ға азайған. Сонымен қатар, ғалымдардың айтуы бойынша Қазақстанның күріш егетін массивтерінің топырағы улы элементтерімен, ауыр металдар мен пестицидтер қалдықтарымен ластануда [71].
Қызылорданың күріш өсіретін аймақтары топырағының сипаты
Қазақстаннның оңтүстігіндегі басқа да суармалы жерлерінің топырағына ұқсас. Атап айтқанда, топырағы өте тұзды келеді, бірақ күрішті суға бастырғанда топырақтың тұзы жақсы шайылады. Онан соң өсімдіктің өсіп-өну кезеңдерінде жауын-шашын болмайды, қатты ыстықтар мен күшті желдерге байланысты өте құрғақ болады [72].
Тәжірибе жүргізілген жердің топырағы шалғынды-батпақты, облыстың күріш өсіруші аймақтарына тән. Бұл топырақтар аймақтың күріш өсіру шаруашылықтарының негізгі жер қоры болып табылады.
Тәжірибе учаскесінің топырақтары механикалық құрамы бойынша А.А.Качинскийдің әдістемесіне сәйкес шалғынды-батпақты, ауырсазды, жұқакеуекті және сәлтүйіршікті. Топырақ гранулометриялық құрамы бойынша лайлы ауыр саздақ және саздарға жатады, себебі онда қабаттар бойынша майда шаңға қарағанда ірі шаң (диаметрі 0,05-0,01 мм) фракциялары басым (1 кесте).

Кесте 1 — Тәжірибе учаскесіндегі шалғынды-батпақты топырақтың гранулометрикалық құрамы, (2015-2017 ж.ж.)

Үлгіні алу тереңдігі, см Фракциялар (мм) және оның мөлшері (%)
0,5-0,25 0,25-0,05 0,05-
0,01 0,01-0,005 0,005-
0,001 <0,001
0-22 1,69 10,45 36,24 13,75 19,78 18,09
23-43 1,48 9,24 40,31 14,17 17,82 16,98
44-61 0,84 2,58 48,38 15,56 12,45 14,19

Аймақтың шалғынды-батпақты топырақтарының агрохимиялық көрсеткіштері 6 кестеде берілген.

Кесте 2 — Аймақтың шалғынды-батпақты топырағының агрохимиялық көрсеткіштері (0-20см ), 2015 -2017 ж.ж. бойынша орташа

Гумус,% pH су
сығын дысы Тығыз қалдық,
% Жалпы мөлшері,% Жеңіл гидролиз-
денетін азот Жылжы- малы фосфор Алмас- палы калий
азот фосфор
мг/кг топырақта
0,7-0,8 7,71 0,9 0,05 0,08 28 16 360

2-кестеде көрсетілгендей, аймақтың шалғынды-батпақты, механикалық құрамы ауыр саздақ топырақтарының құнарлылығы өте төмен, топырақтың жырту қабатындағы гумус мөлшері – 0,7-0,8%, топырақ ерітіндісі реакциясы орташа сілтілі, су сығындысы pH-7,71, топырақ орташа тұзданған, тұздану түрі хлоридті-сульфатты. Топырақтың 0-20 см қабатындағы жалпы азот мөлшері 0,05%, жалпы фосфор мөлшері -0,08%, ал қоректік элементтердің жылжымалы түрлері бойынша жүргізілген талдаулар жеңіл гидролизденетін азоттың мөлшерінің төмен екенін, жылжымалы фосфордың-орташа, ал алмаспалы калийдің мөлшерінің көтеріңкі екендігін көрсетті.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *