Биақпараттандыру және Сингернетика

 «Биақпараттандыру және Сингернетика» Республикалық жоба бойынша орта білім беру мектептерінде сапаны басқару технологиясы
Білім беру процесін ұйымдастыруда іскерлік жол тауып, оқушының функционалдық сауаттылығын дамыту үшін қазақ тілі сабағында жеке тұлғаның құзыреттілігін қалыптастырудағы сауаттылықты жетілдіру қажетті жағдай жасау мақсатында мұғалімдерге көмекші құрал ретінде дайындалған сабақ жоспары, мұғалім, оқушы шығармашылығы. Нәтижеге жету жолдарындағы шығармашылық ізденіс жұмыстары.
Белсенді оқытуда жаңа ақпарат технологиясы бойынша оқушылардың оқылым, тыңдалым, айтылым, жазылым дағдыларын дамытудағы топтық жұмыс қарым-қатынас мәдениетін нығайтады.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнін дұрыс жүргізе білудің маңызы зор. Ұстаздың шеберлігі, шығармашылықпен жауапкершілікті ұштастырып сабақ өткізуі, заман талабынан туындап отыр.
Оқушыны тұлға ретінде өз жолын адаспай табуда көркем әдебиеттің алар орны да ерекше. Қазіргі жастарға тек білім беріп қана қоймай, сонымен бірге әлеуметтік бейімделу үдерісінде алған білімдерін пайдалана білуге үйретіп келеміз.
Осы мақстта «Биопараттандыру және синергетика» технологиясы –сапалы білім берудің кепілі. Оқу сапасын көтеру- техникасы қарыштап дамыған өркениетті заманның өзекті мәселесі.
Мұғалім кәсіби шеберлік деңгейін үздіксіз жетілдіріп, білім сапасын көтеру мақсатындағы жаңалықты меңгеруі отыруы керек. Ғалым Ф.Я.Вассерман көптеген қазақстандық және халықаралық педагогтардың тәжірибесін оқып зерттеп, «Биоақпараттандыру және синергетика» (БиС) білім беру технологиясын тамаша қарастырып, оқыту сапасының нормативтік көрсеткішін құрды. Технологиялық карталар арқылы оқушылардың қабылдауы, есте сақтау қабілеті өседі, ойлау–сөйлеу дағдысы қалыптасады, танымдық көзқарасы жетіледі, ең құнды, пайдалы материалды тауып, өз бетінше ізденіспен еңбек етуге талпындырады. Оқушы уақытты үнемді пайдаланып, шығармашылық ізденіске жол ашады.
(БжС) білім беру технологиясында мұғалім тек басқарушылық рөл атқарады, көп түсіндіре бермейді, қажетті мәліметтерді қайдан табуға болатынын және қалай оқып-үйренетінін айтып отырады.
Оқушылар белсенді болып, тапсырмаларды орындайды. Өз білетінін басқаға үйретеді. Бағалаудың түрлі формаларын пайдаланады. Оқушылардың еске сақтау қабілетін, зейінін, ойлау қабілетін, жылдамдығын дамытуға септігін тигізеді.
«БжС» технологиясы бойынша өткізілген сабақ жоспарымды көмекші құрал ретінде ұстаздарға ұсынып отырмын. «БжС» технологиясы бойынша өткізілген сабақтың дәстүрлі сабақтардан айырмашылықтары: Сабақ сергіту жаттығуларымен басталады. Жаңа сабақ оқу әрекетінің жалпыланған әдісі (ОӘЖӘ) арқылы түсіндіріледі. Тапсырма деңгейлеп беріледі. Тапсырманы орындауға уақытты шектеп көрсетеді. Сыныптағы 5 оқушы тапсырманы орындап болғаннан кейін, қалған оқушыларға тапсырманы орындап бітіруіне 30 секунд уақыт беріледі.
Ғалым-практик Ф.Я.Вассерман жүргізген зерттеу тәжірибелік-эксперименттік жұмыстарының нәтижиесінде оқыту сапасының нормативтік көрсеткішін құрды. Ол көрсеткіш 63% төмен емес. Әр сабақтағы оқушылардың білім сапасын есептеп, 63% салыстырып отыру керек. «БжС»технологиясындағы технологиялық карталардың мақсаттары: «Ауызша сабақ» – 1,2,3, және «Әмбебап» картасы – гуманитарлық пәндер саласында оқу материалдарын меңгеруге арналған.
Қорыта айтқанда, материалды жоғары деңгейде меңгертуде, жылдамдықты, есте сақтауды, зейінді жаттықтыруда, оқылатын материалға, жалпы оқу үрдісіне деген қызығушылықты қалыптастыруда, ұжымдық шығармашылықты тұрақтандыруда «БжС» технологиясының ықпалы бар.
«БжС»технологиясы бойынша жүргізілетін сабақ жоспарының үлгісі
Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Зат есімнен өткенді қайталау
Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: зат есімнен алған білімдерін жинақтау, зат есімнің құрамын,жасалу жолын қайталау, оқушылардың білімдерін бекіту, жаттығу жұмыстары арқылы алған білімдерін бекіту,
2. Тәрбиелік: оқушылардың қазақ тіліне деген қызығушылықтарын арттыру, ана тілінің қадір – қасиетін жете түсінуге, ойларын еркін жеткізе білуге тәрбиелеу.
3. Дамытушылық: өтілген тақырыпты жүйелі түрде, ғылыми негізде меңгере білу дағдыларын жетілдіру, тапсырмалар арқылы оқушылардың білімдерін практикалық дағдымен ұштастыру.
Сабақтың типі: өтілген тақырыптарды пысықтау.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, ой қозғау, топпен жұмыс, т.б.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, карточкалар,тест парағы, слайдтар.
Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, математика, тіл дамыту т.б.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: 1. Оқушылармен сәлемдесу, сабаққа қатысын тексеру, зейіндерін сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: «Берекелі күз» мәтін құрау.
ІІІ. Өткен тақырыптар бойынша «Кері байланыс кезеңі»
І топ. Сөз таптарын топтастырып, ережесін айту
ІІ топ. Зат есімді топтастырып, ережесін айтып, мысал келтіру.
ІІІ топ. Зат есімнің құрамын топтастырып, мысал келтіру.
ІҮ топ. Зат есімнің мағыналық ерекшелігін топтастырып, мысал келтіру.
Топпен жұмыс.
І топ. Мамандыққа, кәсіпке байланысты қолданылатын сөздер қатарын анықтап, сәйкес бағанға жаз.
Ине, қайшы, балға, төс, айыр, күрек, жүген, құрық, бор, тақта, дәптер, тырма, орақ, қайрақ, қалып, жіп, шылбыр, ер, мата, мектеп, пышақ, ұстаз, таспа, шеге,оқушы, білім, тарамыс, үзеңгі, дәріс, сабақ , оймақ, тыс, жаға, мақта, астар, тарамыс, біз, қоңырау, үзіліс, кетпен, шот, шалғы, соқа, тартпа, таға.
Егін шаруашылығы Ұста кәсібіне Тігінші кәсібіне Жылқы кәсібіне Ұстаз мамандығы

ІІ топ.
Ақбілек, аспан, нағашы, күзет, бақташы, демалыс, үй, бала, өнерпаз, некен-саяқ, ұрыншақ, ой, тәлім –тәрбие, астан-кестен, Жезқазған, ашудас, Абай театры, сөз таптары, жаздыгүні, жетіқарақшы, биыл, әлдекім, құлагер, Айғыз,қала, ел, қант қызылшасы, апасы, Ертіс өзені, көксай.
Дара, түбір сөз Туынды сөз Қос сөз Біріккен сөз Тіркескен сөз



ІІІ топ. Берілген зат есімдерді лайықты бағанға белгіле.
Зат есім Туынды зат есім Деректі зат есім, Дерексіз зат есім Жалпы есім Жалқы есім Күрделі зат есім
Кісі
Аспан
Бауыржан
Белбеу
Күйші
Сезім
Ақыл
Ағаш
Қайың
Ауыл-аймақ
Сапарлас
Арал теңізі
ІҮ топ. Ана тілінің күші мен құдіретін танытатын мақал –мәтелдерді аяқтап жаз, жатқа оқы. «…. , тас жармаса, бас жарады», «Түгел сөздің түбі бір, түп атасы- …», «… тобықтай түйіні бар», «Аңдамай сөйлеген …», « Ердің құнын … сөзбен бітірген».
Оқулықпен жұмыс.
Туынды зат есімдерді қатыстырып, сөйлем құрап, тақтаға жаз, синтаксистік талдау жаса.
• Сөздерге сатылай кешенді математикалық талдау жасау. азамат, елім, атамекен.
• Сөздерге марфологиялық талдау жаса. Дәріхана, білім, күйші, Көкшетау.
• Адасқан сөздерді жинау.
• Ребус шешу.
• Сурет бойынша әңгіме құрау.
• Тест тапсырмасын орындау.
Берілгені: Азамат
І — 6; Ә — 6
-3
— 3
ДД -3 т.қ.қ жуан (а 3 )
жіңішке Ø
ДД- 3 ж.қ.қ ашық ( а 3 )
қысаң Ø
ДД-3 е.е.қ.қ . еріндік ( а 3 )
езулік Ø
ІІ. Д/сыз -5 қатаң ( т 1)
Ұяң (з 1) + үнді (м 1)
ІІІ. Буын. А а.б — за а.б -мат б.б
ІҮ. Тасымал. 1 жағдайда тасымалданады. аза–мат
Ү. Екпін. азама/т (сөз екпіні- бір сөздің ішіндегі бір буынның көтеріңкі айтылуы)
ҮІ.Үндестік заңы.
1. Буын үдестігі бар. азамат+ тың.
2. Дыбыс үндестігі бар. Ілгерінді ықпал. Сөздің соңғы дыбысы (т) қатаң дауыссыз дыбыс қосымша қатаң дауыссыз дыбыстан басталады.
Берілгені: Елім
І. — 4
Ә — 4
-2
— 2
ДД -3 т.қ.қ жуан Ø
жіңішке(е1+ і1)
ДД- 3 ж.қ.қ ашық (е1)
қысаң( і1 )
ДД-3 е.е.қ.қ . еріндік ( е1 )
езулік ( і1 )
ІІ. Д/сыз -5 қатаң Ø
Ұяң Ø үнді (л 1+м 1)
ІІІ. Буын. Е а.б — лім б.б
ІҮ. Тасымал. 1 жағдайда тасымалданады. ел–ім,
Ү. Екпін. елі/м (сөз екпіні-бір сөздің ішіндегі бір буынның көтеріңкі айтылуы)
ҮІ.Үндестік заңы.
1. Буын үдестігі бар. елім+ нің.
2. Дыбыс үндестігі бар. Ілгерінді ықпал. Сөздің соңғы дыбысы дауысты, не үнді дауыссыз дыбыс болса, қосымша ұяң не үнді дауыссыз дыбыстан басталады.
Морфологиялық талдау.
Дәрі-хана
1. 2 құрамды сөз: дәрі-хана
2. Тұлғасына қарай – туынды сөз
3. Құрамына қарай – дара сөз
4. Мағынасына қарай – жалпы, деректі
Күйші
1. 2 құрамды сөз: күй-ші
2. Тұлғасына қарай – туынды сөз
3. Құрамына қарай –дара сөз
4. Мағынасына қарай – жалпы, деректі
Көкшетау
1. 2 құрамды сөз: көкше-тау
2. Тұлғасына қарай – біріккен сөз
3. Құрамына қарай – күрделі сөз
4. Мағынасына қарай – жалқы, деректі
ІV. Сабақты бекіту Сөзжұмбақ. Тест алу.
V. Үй тапсырмасын беру: Шығармашылық жұмыс. «Білім- таусылмас байлық»
VI. Оқушылардың жауаптарын бағалау.
VII. Сабақтың аяқталуы.
Әдебиет
Сабақтың тақырыбы: М.Әуезов «Көксерек» әңгімесі
Сабақтың білімдік мақсаты: М. Әуезовтың «Көксерек» әңгімесі арқылы аң мен адам арасындағы тартысты, кейіпкер мінезін жан-жақты талдап, оқушыларға толық мағлұмат беру. Адамдармен көк бөрінің іс-әрекеттерін саралай отырып, адамзаттың табиғаттағы тепе-теңдікті сақтау керектігін түсіндіру. Қасқырдың тағылық жолға түсу жолдарын суреттеудегі жазушының шеберлігін таныту.
Дамытушылық: Оқушылардың тақырыпқа қызығушылықтарын ояту, мағынаны танып білуге, өз пікірін қорғай білуге, ой толғауға дағдыландырып, іскерлік, біліктілік қасиеттерін арттырып, қосымша деректер арқылы әдеби дүниетанымдарын кеңейту.
Тәрбиелік: Оқушыларды табиғатты қорғауға, тіршілік үшін күрестің өте күрделі де қиын әрекет екенін бағалауға, қоршаған ортаны аялауға тәрбиелеу.
Сабақтың әдістемелік мақсаты: Заман талабына сәйкестендіріп тұлғаға бағытталған ақпараттық оқыту технологиясын пайдалану.
Сабақтың түрі: Бекіту
Сабақтың типі: Аралас
Оқыту әдісі: АКТ, СТО, кубизм, диологтік оқыту, талдау, дәлелдеу, әңгімелеу.
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, тіршіліктану.
Көрнекілік: Суреттер, тақырыпқа байланысты слайд, қосымша деректер.
І. Ұйымдастыру кезеңі.Амандасу. Оқушылардың сабаққа қатысуын, қызығушылығын, зейінін аудару.
ІІ. Үй тапсырмасы.
— Қасқырларға байланысты айтылған аңыздар тауып келу, «Көксерек» фильміндегі актерлер туралы дерек жинау.
ІІІ. Қызығушылықты ояту. М.Әуезов мұражайына саяхат.
Бүгінгі сабағымызды Алматы қаласындағы Абай даңғылының бойында орналасқан М.Әуезов атындағы мұражайынан бастайық. (слайд)
Мұражайға кіру үшін М. Әуезов туралы жатқа, мәнерлеп өлең оқу.
(М. Шаханов «Менің есімімді неге Мұхтар қойған?» С. Мәуленов «Мұхтар асуы»)
ІҮ. Жаңа сабақ. Тіршілік үшін, оның тыныштығы үшін әлем әдебиетінің ең көрнекті өкілдері қалам тартқан. Олар кімдер, шығарма атауы? Дұрыс жауапты таңда.
А Б
Ш. Айтматов «Жан пида» романы. Ш. Айтматов «Ерте келген тырналар»
Джек Лондон «Ақ азу» повесі. Джек Лондон «Мексика ұлы»
О. Сүлейменов «Бөлтіріктер» өлеңі. О. Сүлейменов «Махамбетке»
Ой қозғау. Қай жазушының шығармасын алып қарасақ табиғат назардан тыс қалған емес.
«Табиғат — күллі тіршілік атаулының құтты қоныс мекені, алтын ұя, тал бесігі.»
— Қалай түсінесіздер? Табиғат дегеніміз не? Топтастыру.
— Ал табиғатқа шабуыл жасап, тыныштығын бұзуға қалай қарайсыздар?
— Балалар, біз М.Әуезовтің «Көксерек» әңгімесінің мазмұнымен танысып, талдағанбыз. Сабағымызда тақырыпты қорытындылаймыз. Әңгіме мазмұнын қаншалықты меңгеріп, түсінгендеріңді байқайық.
— Қазір «Көксерек» фильмінен үзіндіні көріп, соны оқулықтан тауып оқимыз. (Экраннан «Көксерек» киносынан үзінді көрсетіледі, оқушылар мәтінді тауып оқиды)
— Балалар, өздерің көріп тұрғандай суреттегі бала кім, ол туралы не білесіңдер?
— Суреттегі бала «Көксеректегі» Құрмаш ролінде ойнаған -Қамбар Уалиев.
Әңгіме кейіпкерінің пікірін тыңдайық.
Тыңдалым:
Қамбар Уәлиев 1963 жылдың 7 қарашасы күні Алматы облысы Жамбыл ауданы Үңгіртас ауылының жанындағы Көкқайнар деген ауылда дүниеге келген.
Ол былай дейді: «Маған алғаш Мұхтар Әуезовтің «Көксерегін» әкем оқып берген. «Бөлтірік көзін ауылға келген соң екі күннен кейін ашты. Кішкене Құрмаш оған Көксерек деп ат қойды. Ертелі-кеш айналасынан шықпайды. Бауырын көтеріп, тырбанып жүруге айналған соң, мойнына жіп тағылды. Түн баласына Құрмаш қасына алып жатады. Сол үшін кәрі әжесінің қойнынан да шығып кетті. Бөлек жатады. Қасында, не аяқ жағында, көрпенің астында Көксерек жатады…» деп суреттелген жерлері менің есімде.
Кейде сценарий бойынша жыламақ болып, шын жылаған кездерім болды. Ата-анамды, ауылымды бір жыл бойы көргем жоқ. Оларды сағынам. Кейде күні бойғы артыс-тартыстан қалжырап, әбден діңкелеймін де, қас қарая тіпті үстімдегі «Құрмаштың» киімдерін шешуге мұршам келмей, ұйқыға кетем. Кейде ұйқымыздан оятып алып, түсіретін. Сенесіз бе, кей күндері шырт ұйқымнан оянып кетіп, жан-жағыма қарап: «Мен осы шынымен Құрмашпын-ау деймін?» Кейін кино біткен соң, онша көргім келмеді. Бәрі еске түседі ғой. Сенсеңіз, осы фильмді мен 1996 жылы Мұхтар Әуезовтің 90 жылдығында алғаш рет көрдім.»
ІІІ. Мағынаны тану. а) шығарманың композициялық құрылысына талдау жасау.
1. Оқиғаның басталуы — Қасқырлар мекені.
2. Байланысы — Бөлтіріктерге жасалған қиянат.
3. Дамуы — Көксерек және оның басынан кешкендері.
4. Шарықтау шегі – Көксерек және Құрмаштың мейірімі
5. Шиеленісуі — Ұяластарымен табысу.
1. Шешімі – Құрмаштың қазасы. Көксерек және Аққасқа
ІҮ. Ой шақыру. «Ойлы болсаң, озып көр» интерактивті тақтаның қаламымен түртіп, таңдаған ұяшықтағы сұраққа жауап береді.
Сол жақтағы 20
— М.Әуезовтің “Көксерек” әңгімесінің тақырыбын таңдап алуын Валентина Әуезова қалай деп еске алады?
Оң жақтағы 20
— 1-бөлімде Қараадыр сайы суреттеледі. Қарағанның ортасында терең құз жар бар. Соның бас жағында, итмұрынды қалың жыныстың арасында қасқыр іні бар. Ол қандай ін?
Сол жақтағы 30
Ертеңінде түсте жат иіс шықты. Алыста дабырлаған дауыстар естілді. Ін үстіне дүбірлетіп келді, айқай молайды. Көргіш көздер ін түбіне қадалды. Бұл дүбір кімдердікі, олар не істеді?
Оң жақтағы 30
— Күздің қара суығында Көксерек тағы да жоқ болып кетті. Бұл жолғысы шын болды. Енді қайтып оралмады. Не себепті оралмады? Ол алғаш өзінің түз тағысы екенін қайдан сезді?
Сол жақтағы 40
— Бір күні Көксерек қара ала төбетке майдан берді. Қара ала төбеттің иесі кім ед? Ол жаз бойы Құрмаштың не деп мазасын алды?
Оң жақтағы 40
— Қасеннің Аққасқа иті бар. Оны баптап қасқырға, түлкіге қоспақ ниеті бар болатын. Сол Аққасқаның дене бітімі қалай суреттелген?
Ү.Топтастыру стратегиясы. Дәптермен жұмыс. «Қасқыр» сөзінің ерекшелігін (жыртқыш, қомағай, ашқарақ, ызақор, долы) оқушылар интертақтада жазып, морфологиялық талдау жасайды.
«Қасқыр»
Сөз табы- зат есім
Сұрағы – не?
Тұлғасы — негізгі, дара
Мағынасы – деректі, жалпы
Синоним — бөрі, көкжал, түз тағысы
VІ. Шығармашылық жұмыс. Білімді мыңды жығар» интертақтадан суреттер көрсетіледі. Сурет мазмұны бойынша мақал –мәтелдер айтады.
Қасқырды қанша асырасаң да, орманға қарап ұлыйды.
Қасқырдың аузы жесе де қан, жемесе де қан.
Ауыл иті, бөрі келгенде бірігеді.
«Кубизм» оқушылар кубик қырындағы тапсырманы таңдап орындайды.
1. Салыстырыңыз.
Көксеректің ауылдағы мінез-құлқы мен даладағы, еркіндіктегі мінез-құлқын салыстырыңыз.
2. Елестетіңіз. Егер адамдар бөлтіріктерді өлтірмегенде оқиға әрі қарай қалай дамуы мүмкін еді? Көз алдыңызға елестетіңіз.
3. Суреттеңіз. Ауыл адамдарының Көксеректен көрген зардаптарын суреттеңіз.
Қорытынды: Ойтолғау.
Құрмаштың өліміне Көксерек кінәлі ме?
Құрмаштың өлімі – табиғаттың адамға берген жауабы. Адам мен табиғат арасында тығыз байланыс бар. Табиғатты зорлықпен, күшпен бағындыру мүмкін еместігін ескертеді. Табиғат заңдылығын бұзуға біздің хақымыз жоқ!
Тест жұмысы
1) М.Әуезовтің туған күні
А) 20 қазан В) 14 наурыз С) 28 қыркүйек Д) 19 тамыз Е) 30 қаңтар
2) Абай дүниеден өткенде Мұхтар неше жаста болды?
А) он үште В) жетіде С) сегізде Д) алтыда Е) тоғызда
3) «Көксерек» қандай жанр?
А) әңгіме В) драма С) роман Д) комедия Е) жыр
4) «Көксерек» әңгімесі нешінші жылы жазылған?
А) 1925 В) 1928 С) 1926 Д) 1929 Е) 1927
5) «Тұкымын сезген екен жүзіқара, қой балам, бұны өлтіріп терісін алу керек» кімнің сөзі?
А) Әжесінің В) досының С) ауыл адамдарының Д) ешкімнің Е) Қасеннің
6) Мұхтардың Қазақстанға еңбек сіңірген қайраткер ұлы кім?
А) Оспан В) Тұрар С) Әбіш Д) Абай Е) Мұрат
7. Құрмаш Көксерекпен ең соңғы рет қай жерде кездесті?
А) ауылда В) қой бағып жүргенде С) серуендегенде Д) далада Е) ауыл маңында
Түйінді сөз. Хайуанатқа жасаған қиянатың,
Адамзатқа жасаған опасыздық. (Қ. Мырзалиев)
VI. Үйге тапсырма: Эссе жазу «Қиянат»
VII. Білімді бағалау: Оқушылардың бірін-бірі смайликтер арқылы бағалау.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *