Гүлді немесе жабық тұқымды өсімдіктер бөлімі

Гүлді немесе жабық тұқымды өсімдіктер бөлімі
Жалпы сипаттама. Гүлді өсімдіктердің морфологиялық эволюциясының негізгі бағыттары. Гүлдің пайда болуы. Арбер мен Паркиннің стробилдік теориясы, Веттштейн мен Карстеннің псевдоанттық теориясы, гүл бөліктерінің пайда болуы туралы теория және оларға енгізілген қазіргі кездегі түзетулер.
Аталық және аналық гаметофиттің дамуы. Тозаңдану. Қосарынан ұрықтану.
Тұқымның дамуы. Жеміс. Жемістердің және тұқымдардың таралуы.
Гүлді өсімдіктердің шығу тегі. Олардың Жер тарихында пайда болған орны және уақыты. Гүлді өсімдіктердің болжамды ата тегі. Жабықтұқымды өсімдіктердің таралуы, олардың табиғаттағы және шаруашылықтағы мәні.
Жоғары сатыдағы өсімдіктер систематикасының бастамасы. Сипаттамалық немесе практикалық классификациялар кезеңі. Ботаниканың дамуындағы Аристотель, Теофраст, Диоскорид, Аға Плиний еңбектерінің маңызы.
Систематиканың дамуына ботаникалық бақтардың қосқан үлесі. А.Чезальпиноның, Ж.Турнефордың, Маньольдің және басқалардың жасанды системалар құрудағы принциптері. К.Линней жұмыстарының ботаниканың дамуындағы маңызы. К.Линнейдің жасанды системасы. Табиғи системалар кезеңі. А.Л.Жуссьенің, А.П. Декандольдің,Дж. Бентамның, Дж.Д.Гукердің табиғи системалар құрудағы принциптері. Филогенетикалық системалар кезеңі. А.Энглердің, Р.Веттштейіннің «Өрлеуші» (восходящий) типтегі филогенетикалық системалар құрудағы принциптері. Г.Галлирдің, Ч.Бэссидің, Б.М.Козо- Полянскийдің, А.А.Тахтаджянның және басқалардың «Төмендеуші» (нисходящий) типтегі системалар құрудағы принциптері. Гүлді өсімдіктердің филогенетикалық системасын құрудағы проблемалар.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *