Ашықтұқымдылар бөлімі
Жалпы морфологиялық, анатомиялық сипаттамасы. Стробилдердің құрылысы. Тұқымбүрдің пайда болуы. Аталық және аналық гаметофиттер. Ұрықтану. Тұқымның дамуы және құрылысы. Ащықтұқымдылардың шығу тегі, классификациясы, филогениясы. Таралуы және экологиясы. Ашықтұқымдылардың табиғаттағы және шаруашылықтағы мәні.
Тұқымды папоротниктер (Лигиноптеридопсидтер) класы. Жалпы сипаттама. Лигиноптеристер, Медуллозалар, Кейтониялар, Глоссоптеристер қатарлары мен тұқымдастары. Өкілдері (Калиматотека, Медуллоза, Кейтония, Глоссоптерис). Тұқымды папоротниктердің филогенетикалық мәні.
Саговниктер (Цикадопсидтер) класы. Жалпы морфологиялық, анатомиялық сипаттама. Саговниктер қатары және тұқымдасы. Стробилдердің құрылысы. Аналық және аталық гаметофиттер. Ұрықтану. Тұқымның дамуы және құрылысы. Саговниктердің таралуы.
Беннетиттер (Беннеттитопсидтер) класы. Жалпы сипаттама. Беннеттиттер қатары және тұқымдасы. Саговниктерге ұқсастығы және олардан айырмашылықтары. Стробилдерінің құрылыс ерекшеліктері. Беннеттиттердің филогенетикалық мәні.
Гнеттер (Гнетопсидтер) класы. Жалпы сипаттама. Эфедралар, Вельвичиялар, Гнеттер қатарлары мен тұқымдастары. Эфедра, вельвичия, гнетум құрылыстарының және тіршілік циклдерінің ерекшеліктері. Кластың шығу тегі және филогентикалық мәні.
Гинкголар (Гинкгопсидтер) класы. Жалпы сипаттама. Гинкголар қатары және тұқымдасы. Осы кездегі өкілінің морфологиялық, анатомиялық сипаттамасы. Споралану органдарының құрылысы. Гинкгоның биологиялық ерекшеліктері. Аталық және аналық гаметофиттер, ұрықтану ерекшеліктері. Тұқымның құрылысы. Таралуы. Қазба өкілдері.
Қылқан жапырақтылар (Пинопсидтер) класы. Жалпы сипаттама. Кордаитидтер және Қылқан жапырақтылар (Пинидтер) класс тармақтары. Кордаиттер, Араукариялар, Қарағайлар, Кипаристер, Подокарптар және Тисстер қатарлары және тұқымдастары. Қатарлар мен тұқымдастардың қысқаша сипаттамасы. Морфологиялық, анатомиялық ерекшелектері. Стробилдер, спорангийлер, аталық және аналық гаметофиттер. Тозаңдану, ұрықтану. Тұқымның құрылысы. Жергілікті флорадағы негізгі өкілдері. Таралуы. Қылқан жапырақтылардың табиғаттағы және шаруашылықтағы мәні.