Тұқым арқылы көбею
Гүлдің шығу тегі туралы болжамдар. Псевдант (Веттштейін), Эвант (Арбер және Паркин) және телом (Циммерман) теориялары.
Гүл.Гүлдің морфологиялық алуантүрлілігі. Гүлдің құрылысы және қызметі. Гүлдің морфологиясы. Гүл серігі, оның құрылысы, дамуы және биологиялық маңызы. Тостағанша. Күлте. Гүл серігінің қызметі. Қарапайым және қосарлы гүл серігі. Гүл симметриясы.
Гүлшоғыры. Жалпы сипаттама. Гүлшоғырының морфологиялық белгілері, классификациясы. Қарапайым және күрделі гүлшоғырлары. Экологиялық типтері.
Андроцей. Аталықтардың гүлде орналасуы, олардың құрылысының әртүрлілігі, микроспорофилдермен ұқсастығы. Аталықтардың шығу тегі және эволюциясы. Тозаңқаптың құрылысы мен дамуы. Микроспорогенез, микроспораның және аталық гаметофиттің (тозаң дән) дамуы, оның ашық тұқымды өсімдіктер тозаң дәнінен айырмашылығы. Тозаң дәндердің морфологиялық әртүрлілігі. Тозаң дәндердің құрылымдық ерекшелігінің өсімдіктер систематикасы үшін маңызы.
Жеміс жапырақтарының мегаспорангийлермен біртектестігі. Гинецейдің құрылысы, шығу тегі, типтері: апокарпты, синкарпты, паракарпты, лизикарпты, олардың өзара байланысы. Гүлдегі жатынның пайда болуы, оның орналасуы және биологиялық маңызы. Аналық мойны және стилодий. Тұқымбүршігінің құрылысы мен орналасуы, оның мегаспорофилдермен біртектестігі, ашық тұқымдылар тұқымбүршігінен айырмашылығы. Планцентация (қағанақ) типтері. Мегаспорогенез. Аналық гаметофит — ұрық қапшығының құрылысы мен дамуы. Оның дамуының әртүрлі типтері.
Гүл диаграммасын және формуласын құрастырудың негіздері.
Гүлдеу және тозаңдану, тозаңдандырушылар типтері. Әртүрлі тозаңдану жолдарына бейімделу. Дихогамия және гетеростилия, олардың биологиялық маңызы. Ұрықтану және тұқымның дамуы, қосарлы ұрықтану. Ұрықтың және эндоспермнің дамуы. Тұқымның дамуы. Апомиксис.