АСАР

АСАР — көпшіліктің жәрдемін пайдалану дәстүрі. Бұрын шөп шабу, егін жинау науқандарына, сондай-ақ үй салу сияқты ауыр жұмысқа А. жасайтын болған. А. жасаушы адам алдымен жұмыс түрін, уақытын айтып, ағайын-туған, жора-жолдастарын А-ға шақырады. А-ды Қазақстанның кей жерлерінде “үме” дейді. А-ға ұқсас көмектесу дәстүрі орыс (помощь), украин (толока), белорус (талака), т.б. көптеген халықтарда бар. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *