Ғылым…
Әйгілі ғұлама Ибнул-Жаузи былай деп толғайды.
«Мынаны біліп қой! Жадыңнан шығарма! Ғылым деңгейі төмен, нашардың мәртебесін көтереді. Қаншама ғалымдардың мақтанып айтарлықтай тегі немесе көзге көрінерлік көркі жоқ болатын. (Бірақ ғылым солардың атын шығарды).
Табиғин ғұлама Ата ибн Әбу Рабах қара түсті, көріксіз жан болатын. Бірде халифа Сүлеймен ибн Абдулмәлік екі шаһзадасымен бірге қажылыққа келеді.
Қажылыққа қатысты үкімдерді сұрамақшы болып ғұламаның алдына келеді. Ғұлама халифаның сауалдарына теріс қарап отырып жауап береді.
Халифаның келгендігіне жүрдім-бардым қарайды. Халифа екі шаһзадасына қарап: «Тұрыңдар! Кетейік бұл жерден.
Ешқашан білім ізденуде жалқаулық жасамаңдар. Бүгінгі мына қара құлдың алдында көрген қорлығымызды еш уақытта ұмытпаймын» деген екен.
Білім ізденуде жалқаулық көрсетпеңіздер! Себебі дүниенің жақсылығы да, ақыреттің жақсылығы да тек ғылым арқылы бұйырады. Алла Тағала сіз бен бізге пайдалы ғылым нәсіп етсін!
Бауыржан Әлиұлы.