Алтын  күз

«Алтын  күз»
 
«Құлыншақ» тобы
Дайындаған тәрбиеші: Нусупова Улжан
 
Мақсаты: Балаларды күз әлемімен таныстыру. Күз мезгілінде болатын ерекшеліктерді сахналандыру. Балаларды күз байлықтарымен, күзгі еңбекпен таныстыру. Табиғатты сүю, қорғауға тәрбиелеу..
Жүргізуші:«Алтын  күз» ертеңгілігімізді бастау үшін ортамызға «Құлыншақ» тобын қарсы алайық.
(Музыкамен балалар залға кіреді)                                
Жүргізуші:
Шоғы толған гүлдей жайнап,
Шақырады жарқын жүз.
Сайрандаған күліп-ойнап,
Келді, міне, Алтын күз!
Ал енді балалар сіздерге  тақпақтарын айтып берсің.
Әміржан
Көрініп еліме
Күндері мереке.
Келді ғой жеріме
Күз дейтін мереке.
 
Асылайым
Алтын, сары, қызыл, көк,
Алуан – алуан жапырақ.
Күзгі бақта күлімдеп,
Көз тартады атырап.
 
Аблайхан
Күзде дала жаурайды,
Көкте бұлттар аунайды.
Бұтағынан үзіліп,
Жапырақтар саулайды.
 
Айзере
Алақай! Алақай!
Шаттанды балақай!
Күз түсті, дән пісті.
Айтамыз алғысты.
 
Каусар
Жапырақ ұшты,
Суықта түсті.
Сонда да бізге,
Қызық көп күзде.
 
Жүргізуші: Балалар, сендер білесіңдер ме бізге қонаққа Күз ханшасы келмекші.Бірақ Күз ханшасы қазір  демалып, ұйықтап жатыр. Ендеше табиғатқа керемет сұлулықты сыйлаған алтын күзімізге арнап әсем ән шырқап берейікші. Сонда ол оянып осында келер.
 
Ән : «Күзгі вальс»
Жүргізуші:Балалар, күзіміз оянбады ғой. Енді не істейміз?
 
(Музыка ойналып,  аю келеді)
 
Аю:  Сәлеметсіңдер ме балалар?
 
Жүргізуші:Сәлеметсің бе аю аға!
 
Аю:  Сендердің көңіл-күйлерің жоқ қой, не болды сендерге?
 
Жүргізуші: Біз алтын күзді оята алмай, не істерімізді білмей отырмыз.
 
Аю:  Қазір мен оятып көрейін. (есікті тоқылдатады) Мына аяқтарыммен топылдатайын.
 
Алтын күз! Тәтті ұйқыдан ояншы
 
Бізбен бірге мерекені тойлашы.  (аяқтарымен топылдатады)
 
Жүргізуші: Балалар, алтын күз оянар емес. Енді не істейміз?
 
Аю: Менде әдемі қыздарым бар солармен бірігіп оятып көрейік.
Ортаға Қолшатырмен қыздар шығады.
 
Би  «Қолшатыр»би
 
Жүргізуші: Аюжан, күзіміз оянар емес. Енді не істейміз?
 
(Музыка ойналып, қоян келеді)
 
Қоян: Сендер неге мұңайып кеткенсіңдер?
 
Жүргізуші:Біз алтын күзді ояту үшін не істеу керектігін білмей отырмыз.
 
Қоян:  Мен білем. Қазір мен оятып көрейін.
 
Алтын күз! Тәтті ұйқыдан ояншы
 
Бізбен бірге мерекені тойлашы.  (Қол шапалақтайды)
 
Жүргізуші:Қоянжан, алтын күз оянбады ғой.
 
Қоян: Олай болса бәріміз асыр салып ән айтайық.Сонда ол оянатын шығар.
 
   Ән: «Алтын күз»
 
Қоян:  Балалар, алтын күз оянбады ғой, қатты ұйықтап жатқан секілді.
 
Жүргізуші: Енді не істейміз? Күзді қалай оятамыз? Қоян сен ойланып көрші мүмкін күз ханшасын оята алатын шығарсын.
Қоян:  Әрине қазір оятамын. Тек мен сендерге айтпаймын. Себебі, алтын күздің әлі бір  айдан аса уақыты бар. Оған дейін ол тынығып алу керек.
 
Жүргізуші: Өтінемін, қоян, алтын күзді ояту үшін не істеуіміз керектігін айтшы, мына балалар күз ханшасын көргісі келеді.
 
Қоян:  Жарайды, айтайын. Тек алдымен сендер маған би билеп беріңдерші
Жүргізуші: Балалар, оның көңілін көтеріп би билеп беріңдерші.
Би: «Саңырауқұлақтар»
Қоян:  Сендердің өнерлеріңді көріп, менің көңілім көтеріліп кетті. Аю кел екеуміз  сендерге күзді қалай ояту керектігін айтайық. Ол үшін сендер сиқырлы сөз айтуларың керек. Ол сиқырлы сөз мына саңырауқұлақтардың біреуінде  жасырылған. Ал, балалар біз кеттім, сау болыңдар. 
 
Жүргізуші:Кәне балалар, сиқырлы сөзді тауып айтайықшы. (тауып алып айтады)
 
 
Алтын күз! Келіңіз!
Бізге қонақ болыңыз!
 
(Музыкамен Алтын күз шығады)
 
Күз:  Сәлем өрен достарым! Мен сендерді көргеніме өте қуаныштымын. Мені оятқандарың дұрыс  болды, әйтпесе қысқа дейін ұйықтап қалар едім.
 
Жүргізуші: Алтын күз! Мінеки, сенің дидарыңды көріп біз де қуанып қалдық. Саған арнап балалар тақпақтар айтып берсін.
 
Асылым
Қуандырып біздерді
Кел жемісті алтын күз,
Өлкеізге күз келді
Кемелдеисін халқымыз.
 
Алима
Жеміс мол теретін
Күз дос екен бізбенен
Бәрін тауып беретін
Жомарт екен күз деген
 
Батыр: Алтын күз бірде шуақ,бірде салқын.
Жермен көк жалтыраған сап-сары алтын.
 
Саят Алиби
Берекесі сыйлауға
Өлкемізге күз келді
Жемістерін жинауға
Шақырады біздерді
 
 
 
Мейіржан
Ақтарады мырза күз
Уылжыған жемісті
Күзге бізде ризамыз
Аянбаған ел үшін
 
Күз:.  Қане балалар сендер менімен ойнағыларын келеді ме?«Жемістер мен көкөністер» ойынын ойнайық.
Шарты:Ортаға 2 бала шығады да 1 бала жемістерді жинайды 1 бала көкөністерді жинайды.
 
Ойын «Жемістер мен көкөністер»
  (жердегі көкөніс пен жемістерді жинап береді.)
 
Жүргізуші:Балалар, ойын ойнап, көңіліміз көтерілді.Рахмет саған Алтын күз
Алтын күз:Балалар мен сендерге құр қол келген жоқпын мен сендерге алып келген сыйлықтарым бар.Қабыл алындар. Балаларға алма таратып береді.Ал енді мен басқа балаларға барайын,сау болыңдар.
 
Жүргізуші:Сонымен біздің ертеңгілігіміз өз мәресіне жетті.Ортаға:«Зүбән апа» балабақшасының директоры А.Өмірсадыққызына сөз кезегін берейік.
 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *