АСАНОВ  Сабырхан

АСАНОВ  Сабырхан (1937, Түркістан облысы Түркістан ауданы Иіркөл ауылы — 17.08.1996, Алматы) — ақын. ҚазМУ-ді бітірген (1960). Шығармашылық қызметін Түркістан облысы Киров ауданы “Кировшылар үні” газетінің жауапты хатшысы болып бастады. Ұзақ жылдар “Социалистік Қазақстан” газеті, “Жұлдыз” журналы, “Қазақ әдебиеті” газеті редакцияларында қызмет атқарды. Асановтың алғашқы өлеңдері “Оңтүстік Қазақстан” облысы газетінде жарық көрді. Ақынның “Тұңғыш кітап” (1963), “Алматым менің жас шағым” (1968), “Ленинге барғанда” (1970), “Шолпан” (1974), “Ақбота” (1976), “Қоштасқым келмейді” (1978), “Бақытымды жырлаймын” (1980), “Қызғалдақ күндер” (1981), “Сағындырған көктем” (1983), “Сағынамын” (1986), “Көктемнің шуақты күндері” (1987), “Елу көктем” (1990) жыр жинақтары жарық көрген. А. Байрон, Тоқтағұл, Я.Купала, Ф.А. ФайзС.ДаниловР.ҒамзатовИ.АбашидзеЕ.Евтушенко сынды ақындардың өлеңдерін қазақ тіліне аударды. Ақын өлеңдері орыс, неміс, латыш, татар, башқұрт, якут, қырғыз т.б. тілдерге аударылған. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *