Оқжетпес

Оқжетпес Көкшетау қыратының ең биік жері Көкше жанында орналасқан. Төңірегінің табиғаты көрікті. Гранитті жартастан түзілген, беткейі тік, қарағай, қайың өседі. Әулиекөлдің тұнық айдынында тұрған Оқжетпес жартасы туралы ел ішінде көптеген аңыз-әңгімелер тараған. Шоқан Уәлиханов 15-тен аса аңыз-әңгіме жинақтаған. Сәкен Сейфуллин «Көкшетау» атты лирикалық поэмасында тұтқынға түскен қалмақ қызының қайғылы тағдырын Оқжетпес арқылы суреттейді.

Әулиекөл (Бурабай көлі) жағасында орналасқан Оқжетпес тауы Бурабайдағы ең танымал жерлердің бірі. Биіктігі 300 метрдей ғана болса да, ол – оқ жетпейтіндей алып, әрі Әулиекөлдің сәні. Бұл тау жайында халық аузында көптеген аңыз әңгімелер айтылып жүреді. Осы аңыздардың біріне сүйенсек, зорлықпен үйленуге көнбеген тұтқын қыз осы таудың үстіне шығып, кімде-кім садағының оғын сол жерге тигізсе, соның жары болуға дайын екенін айтады. Таудың басына ешкімнің оғы жетпеген соң, біреудің күңі болып, не зорлықпен тұрмысқа берілетінін білген қыз таудан төмен секіріп, мерт болады. Қыздың құлаған жерінде Жұмбақтас пайда болады.

1) ….Жарық дүниенің көзін көріп, Бурабайда ертеректе Оқжетпес деген батыр өмір сүрген. Бала кезінен ақылы мен күшінің зорлығымен айналасына танылған. Күн санап емес, сағат санап өсіп, он жасында бойының ұзын болып өскендігі сонша, өзінің қатар құрдастарының көкке атқан жебесі кеудесіне де жетпейді. Кейін ол батырды жұрттар Оқжетпес деп атап кетеді. Тірі кезінде аңызға айналып, марапат алады. Бойы соншалықты ұзын болғанмен, күші де сондай жойқын еді.Қанша жерден атқа да, есекке де, түйеге де мінсе өзін мен қару жарағын көтере алмайтын. Ол алып пілге мініп жүретін.
Жау атаулы жаулар бейбіт халыққа құдды аш қасқырлардай үйір үйірімен қанталап, маза бермейтін. Оқжетпес олармен теріскей шекарада шайқасып, жауларды әр кезде жеңіп, қуып тастап отыратын. Кезекті шапқыншылық кезде жаулардың көп болғандығы сонша, тіпті санау мүмкін емес еді. Бірнеше күн тынымсыз айқасса да, жау сарбаздарының қатары азаймады, қайта көбейе берді. Мерт болған сарбаздардың екеу, үшеудің орнына төртеулеп, бесеулеп пайда болып жатты. Жерден өніп өсіп жатқандай болды. Қайткенменде Оқжетпес жауды түгін қалдырмай талқандарын шығарды. Олар аяушылық етуді сұрап, қашып жөнелді. Әбден шаршаған Оқжетпес, қанша күн ұйықтамаса да, шаршаса да, соңынан қуалап ұстамады да. Аспан күркіреткен зор дауысымен жаудың соңынан бірнеше рет айғайлап жіберіп, демалып жатты.
Күміс көлдің жағасына отырып, киім сауыттарын шешіп, толқындарға қарап жайғасып отырды. Шипалы суға түсіп, жарақаттарын емдейтін осы көлдің маңайында батырлар.
Бірнеше күн өткен соң жаулар Оқжетпеспен қайтадан шайқасқа түсті. Олар айла тауып шайқасты. Өздерінің жансыздарын жіберіп, алпамсадай Оқжетпесті аңдытып қойды. Тау етегінде ұйықтап жатқаны туралы жауларға хабар келді. Жау сарбаздары ұйықтап жатқан жерге барып, арқанмен байламақшы болып, сол кезде оянып кетіп қолында қаруы болмағанмен, жерден қарағай, қайыңдарды тамырларымен жұлып, жауды ағаштармен ұрып, жайратып жатты.
Жаулар бұрынғысынан 5 есе көп еді. Олар қырылғанына қарамастан үсті үстіне шабуылдай берді. Оқжетпес өзінің ажалын сезіп, өйткені ол таусылмас жау мен толастамас шайқастардан шаршаған еді. Аяғы тасқа сүрінген ол, жерге құлап, жаулар құмырсқадай жабылып, аяқтарын кезекпен кезек жіппен байлай берді. Ол бар таусымен аспанға қарай айғайлап: «Уа,Құдіретті Көк Тәңірі, мені жауларыма қор ете көрме! Өлгенше, жаулардан есемді жібергенше, қарабет болғанымша, ұят! Одан да мені тасқа айналдырсаңшы!» деп айғай салды. Күн күркіреп, лезде жаңбыр жауып, оны шыңға айналдырып жіберді.
Пілі иесінің шайқаста қаза тапқанын көріп, шыңға келіп, төбесіне шығып жатты да, ол да тасқа айналып кетті.
2)….Қалмақ қызына Абылай ханның әскерлері «мен аламын» деп таласады. Сонда Абылай жауынгерлерін ренжітіп алмас үшін “Бұйырдым тұтқын қыздың қалауына” дейді. Тұтқын қыз жігіттердің өнерін сынау үшін үш шарт қояды. Біріншісі – Көкшенің ең биік шыңының басындағы найза ағашқа байланған шәйі орамалды атып түсіруі еді. Қыздан дәмелі хан батырларының барлығы да “шіреніп садақтарын шыңға кезегенімен” ешқайсысы сыннан өте алмайды. Шың содан кейін Оқжетпес аталыпты.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *