Найман, кереит, жалаирлардың ерте мемлекеттік бірлестіктері Орталық Азияның шығысында пайда болған еді. VІІІ ғасырдың ортасында жоғарғы Ертіс пен Орхон аралығында «Сегіз-оғыз» немесе «Сегіз тайпа одағы» деп аталатын найман тайпа одағы қалыптасты. Ляо патшалығы, яғни қидандар оларды монғол тілдес найман атауымен атап кетті, ол түріктің сегіз оғыз атына пара-пар келетін мағынаны білдіреді.
Христиан дінін қабылдауына байланысты кереит туралы алғашқы мәлімет ХІ ғасырдың соңғы ширегіне жатады. 1007 жылы найман мен кереиттердің несториан бағытындағы христиан дінін қабылдаған туралы белгілі көрініс бар. Олардың мекен құрған аумағы Онгин өзенінің алабы мен Орхон өзенінің ортаңғы ағысы.
Орхон өзенінің жоғарғы алабында жалаир тайпалары жайлады. Мал бағумен айналысқан көшпелі тайпалар болды. Мемлекеттік бірлестіктер ұлыс түрінде ұйымдасқан. Ұлыс белгілі бір территорияны иелік етіп, өзінің анықталған шекарасы болды. Ұлыс билеушісі Ханда – басқару әкімшілігі, әскері және хан қосыны Ордасы болды.
1190-1206 жылдары монғолдармен күрес барысында қазіргі моңғол жерінен Қазақстан территориясына көптеген талқандалған наймандардың, кереиттердің, жалаирлардың топтары жайласа бастады. Олардың бір бөлігі қалып монғолдарға бағынды, бір бөлігі болса Алтайдан асып, Қазақстанның кең аймақтарына қоныс теуіп түрік халқымен сіңісіп, кейін қазақ халқының құрамына қосылады. 1211жылы наймандардың көсемі Күшлік хан қарақытайларды жеңіп, Жетісуда өз билігін орнатты. Наймандар орта жүздің құрамына кіреді. Кереиттердің бір бөлігі Солтүстік Қазақстанда қалып, орта жүздің құрамына керей атымен кіреді.