Абайдың үшінші поэмасы «Масғұд» деп аталады. Бұл поэманың оқиғасы мен тақырыбы шығыс халықтарының аңызынан алынғаны байқалады.
Поэманың негізгі ойы — негізгі герой Масғұдты бірнеше ерекше халдерге, уақиғаларға ұшыратып барып, оған үлкен сапалы адамгершіліктің қасиеттерін бітіру. Және осы арқылы қай заманның адамына болса да, үлгі боларлық ұжданды адамды жарату.
Осы ойының аясында ақын Масғұдқа Қызырды кездестіріп, оған үш жеміст іұсындырады. Масғұд ақылдылықтан да, еңбексіз табылған байлықтан да қашып, әйел затын адамзаттың қақ жарымы деп түсініп, қызыл жемісті алады.
Масғұт ақылдан қашады. Байлықтан қашады. Соның екеуін де сынап, талғап отырып жиреніп шығады. Сол Масғұдтың ақылдан қашуы Абайдың өз басындағы, өз ортасындағы күйге аса жақын келеді