Қазіргі фильмдер

Егер сізге қазіргі фильмдер ақымақ болып кеткендей көрінсе – сізге олай көрінген жоқ. Солай жоспарланған.

​Мэтт Дэймон Джо Роганның подкастына Бен Аффлекпен бірге түскен жаңа фильмін жарнамалау үшін келген еді. Сөз арасында ол Netflix-тің ішкі асханасы туралы қызықты ақпаратты ашып қалды.

​Белгілі болғандай, платформа сценаристерден сюжетті диалогтар арқылы үш-төрт рет қайталап айтуды талап етеді. Себебі: көрермендер фильммен қатар телефонға телміріп отырады және экранда не болып жатқанын түсінбей қалады. Сонымен қатар – соңында кульминациясы бар баяу дамитын оқиғаларға тыйым салынған. Барлық қызықты дүниені алғашқы бес минутқа сыйғызу керек. Әйтпесе, адам жай ғана өшіріп тастайды.

​Киноның классикалық Show, don’t tell (Көрсет, бірақ айтпа) ережесін Netflix төңкеріп тастады. Ендігі ереже – рилс көріп алаңдап отырған адам оқиға желісін жоғалтып алмауы үшін бәрін айтып бер, түсіндір және қайтала. Және мұны кейіпкерлердің аузымен, анық көрініп тұрған нәрсені дауыстап айтқызу арқылы жасау керек:

— Шыны керек, Джеймс, бұл керемет пейзаждар мен романтикалық жаңбырға толы тамаша күн болды, бірақ бұл саған менің таңдауыма күмән келтіруге құқық бермейді. Ертең мен Полға тұрмысқа шығамын.

​Шын мәнінде, бұл жаңалық тек кино туралы емес, жалпы бәріміз өмір сүріп жатқан «жаңа ғажайып әлем» туралы.

​Мен бұған дейін адамзаттың ақымақтанып бара жатқаны туралы жазған болатынмын. Ақымақтану – мәселенің бергі жағы ғана. Сонымен қатар, зейіннің шоғырлануы (концентрация) бір рилстің ұзындығына дейін қысқарып кетті.

​Біз үшін бұл қандай қорытынды береді? Қатал қорытынды: сіздің бизнесіңіздің аудиториясы да бәріне жартылай ғана көз қырымен қарайды. Мәтінді сөз аралатып оқиды. Және зейіні басқа жаққа ауғанша ғана тыңдайды. Ал зейін тез ауады.

​Сондықтан кез келген бизнес-коммуникацияда (клиенттер, серіктестер немесе қызметкерлер болсын):

  • Ең бастысын барынша ықшамдап және алғашқы минуттарда айту керек. Сөзді алыстан немесе контекстен бастамай, бірден мәні мен пайдасына көшіңіз.
  • Негізгі ойды әртүрлі сөздермен бірнеше рет қайталаңыз. Бұл енді занудтық емес, қажеттілік.
  • Аяусыз жеңілдетіңіз. Күрделілік — тек тар шеңберлі (нишевая) аудиторияға арналған сән-салтанат.

​Мұңды ма? Мүмкін. Бірақ бизнес — прагматикалық дүние. Зейіннің деградациясына налып отыра беруге болады немесе оны бар нәрсе ретінде қабылдап, соған бейімделуге болады.

​Ойын-сауық индустриясы мұны түсініп қойды. Ал сіз ше?

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *