Тіл сабақтарындағы жобалық жұмыс: студенттердің шығармашылық әлеуетін дамыту
Автордың Т.А.Ә.: Жағупар Даниал Қуанышбекұлы
Ғылыми жетекші: Иманбаев Куаныш Кожабаййұлы
Ақмола облысы білім басқармасы жанындағы
«Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі» МКҚК
Аннотация
Бұл мақалада тіл сабақтарында жобалық жұмыс жүргізудің студенттердің шығармашылық әлеуетін дамытудағы маңызы қарастырылады. Жобалық әдістің білім алушының жеке қабілеттерін ашуға, тілдік құзыреттілікті жетілдіруге, белсенді ойлау мен шығармашылыққа ынталандыруға әсері талданады. Сонымен қатар нақты мысалдар арқылы жобалық жұмыстың тиімділігі мен білім берудегі рөлі көрсетіледі.
Аннотация
В данной статье рассматривается значение проектной деятельности на языковых занятиях в развитии творческого потенциала студентов. Анализируется влияние проектного метода на раскрытие индивидуальных способностей учащихся, совершенствование языковой компетенции и стимулирование к активному мышлению и творчеству. Также представлены конкретные примеры эффективности проектной работы в образовательном процессе.
Abstract
This article explores the significance of project-based learning in language classes for enhancing students’ creative potential. It analyzes how the project method fosters individual abilities, improves language competence, and encourages critical thinking and creativity. The article also provides practical examples illustrating the effectiveness and educational value of project-based work.
Қазіргі жаһандану жағдайында тілдік білім беру жүйесіне қойылатын талаптар түбегейлі өзгерді. Бүгінгі студент тек тілдік нормаларды меңгеруші ғана емес, оны шығармашылық тұрғыда қолдана алатын, коммуникативтік жағдаяттарға бейімделген, зерттеушілік мәдениеті қалыптасқан тұлға болуы тиіс. Демек, осы талаптарды жүзеге асыруда тіл сабақтарындағы жобалық жұмыс технологиясы ерекше маңызға ие.
Жобалық оқыту технологиясы – тұлғанын ғылыми прогрессияда дамуға арналған, теориялық білімді талап ететін, практикалық зерттеудің нәтижелі технологиясы.
Тақырып өзектілігі – әлемдік аренада тілдік білім беру жүйесі заман талабына сай, біртіндеп өзгеру үстінде, халықаралық стандарттарға сүйеніп, Қазақстан бұл кеңістіктен тайынбау үшін, жобалық оқытудың маңызын түсіну керек.
Аталған мақаланың мақсаты – қазақ тілі сабақтарындағы жобалық жұмыстың студенттердің шығармашылық әлеуетін дамытудағы рөлін ғылыми-теориялық және практикалық тұрғыда талдау.
Осы мақсатқа сәйкес төмендегідей міндеттер айқындалып, бірнеше мәселелер көтерілген: жобалық жұмыстың теориялық негіздерін сипаттау; тіл сабақтарында жобалық жұмыстың маңызын көрсету; студенттердің шығармашылық әлеуетін дамытудағы жобалық жұмыстың рөлі; практикалық тапсырмалар үлгілерін ұсыну.
Жобалық жұмыс студенттердің шығармашылық әлеуетін дамытудың көпвекторлы құралы ретінде білім беру үдерісін жандандырып, оқытудың дәстүрлі репродуктивті моделінен (оқушылардың пассивті қатысуы, олардың ерекшеліктерін, әлеуетін елемей, ақпаратты бірсарынды етіп жеткізу) бас тартып, нәтижеге бағытталған оқытуға көшуге мүмкіндік береді. Өйткені, бұл жерде проблемалық оқыту орын алып, туындап тұрған мәселенің қыр сырын зерттеуге негізделген. Әсіресе, қазақ тілі сабақтарында жобалық әдісті қолдану ұлттық құндылықтарды тану, ұлттық кодты сақтау, тілдік сананы қалыптастыру және тілдік иммунитетті дамыту міндеттерімен тығыз сабақтасып, әлеуметтік, ұлттық, философиялық, интеллектуалдық даму көзделеді.
Жобалық жұмыстың теориялық негіздері
Жобалық жұмыс (Project — based learning) – белгілі бір проблемаға бағытталған, нақты нәтижеге жетуді көздейтін, студенттің белсенді іс-әрекетіне негізделген оқыту формасы. Тіл сабақтарында жобалық әдіс студентті мәтінмен жұмыс істеуге, ақпаратты іздеуге, талдауға, жүйелеуге және оны тілдік ерекшелік арқылы ұсынуға үйретеді.
Біріншіден, менің ойымша, бұл технологияны түбегейлі түсіну үшін оның ең негізгі компоненттерін біле жүру маңызды. Әрбір технологияның негізі, оның дұрыс жасалған фундаменталды концепциясында деп білемін.
Жобалық технологияға мына компоненттер кіреді:
- Жоба методологиясы
- Жоба кезеңдері
- Жоба түрлері
- Жобаның практикалық нәтижесі
Жоба методологиясы – бұл белгілі бір нәтижеге қол жеткізу үшін жобаны жоспарлау, басқару және жүзеге асыру мен әдістерінің жиынтығы. Егер теориялық білім тапшы болса, оның жүйелі түрде орындалуы іске аспай, қойылған мақсат пен нәтиженің ықтималдылығы азая түсіп, зерттеу құлдырайды. Демек, хаосты жүйеге айналдыру басты мақсат. Осы мақсат, бірнеше мәселелерді шешуі тиіс:
- Тәртіп орнату мәселесі: Жұмысты кім, қашан және қалай істейтінін нақтылай түседі. Команда мүшелері «келесі қадам қандай?» деп бас қатырмайды.
- Ресурстарды үнемдеу мәселесі: Уақытты, ақшаны және адам күшін босқа жұмсамауға көмектеседі де, қате жоспарланған жұмыс — шығынға әкеледі деген ойды қалыптастырады.
- Болжам жасау мәселесі: Жобаның қашан бітетінін (дедлайн) және соңында қандай нәтиже болатынын алдын ала көруге мүмкіндік береді.
- Тәуекелдерді басқару мәселесі: Қандай қиындықтар туындауы мүмкін екенін алдын ала есептеп, одан шығу жолдарын дайындауға көмектеседі.
Жобаны ұйымдастыру методологиясы бірнеше кезеңнен тұрады, олар:
[1]
Жоба түрлерін біз 4 – ке бөліп қарастырамыз, олар:
[2]
Жобаның практикалық нәтижесі — бұл жоба аяқталғанда алынатын, нақты қолмен ұстауға, көруге немесе іс жүзінде қолдануға болатын түпкілікті өнім.
Егер теориялық нәтиже тек білім мен идея (ұсыныстар, тұжырымдамалар) болса, практикалық нәтиже — сол идеяның жүзеге асқан түрі. Салыстырмалы түрде мысал келтірейік:
|
Жоба тақырыбы |
Теориялық нәтиже (Идея) |
Практикалық нәтиже (Өнім)
|
|
Мектептегі тамақтану |
Дұрыс тамақтанудың пайдасы |
Мектеп асханасындағы мәзір жинағы |
|
Экология |
Қалдықтарды өңдеудің маңызы |
Мектеп ауласына қойылған сұрыптау жәшігі. |
|
IT/Бағдарламалау |
Жасанды интеллекттің жұмыс істеуі |
Сұрақтарға жауап беретін нақты Чат-бот |
[3]
Екіншіден, менің көзқарасымша қазіргі жобалық технологияны өзектендіру білім беру мазмұны мен оны қолдану тәсілдері арасындағы алшақтықты жою қажеттілігінен туындайды. Ақпарат көлемінің үздіксіз артуы жағдайында білім алушының дайын мәліметті меңгеруі жеткіліксіз, маңыздысы – сол білімді нақты коммуникативтік, академиялық және әлеуметтік жағдаяттарда тиімді пайдалана алу қабілеті. Жобалық технология студентке теориялық білімді тәжірибемен ұштастырып, мәселені өз бетінше шешуге, ақпаратты талдауға, жүйелеуге және нәтижені негіздеп ұсынуға мүмкіндік береді. Осы тұрғыдан алғанда, жобалық оқытуды өзектендіру қазіргі заман талабына сай, сауаттылығы жоғары, шығармашылық ойлауы қалыптасқан тұлғаны даярлаудың маңызды шарты болып табылады.
Сонымен қатар, жобалық технологияға арналған халықаралық зерттеулер білім алушылардың оқу мотивациясын арттырып, оқу нәтижелерінің тұрақтылығын қамтамасыз ететінін айқындайды. Мәселен, Kinanti Pangestu және әріптестерінің 2024 жылғы зерттеуінде жобалық оқыту технологиясы оқу процесіне белсенділік пен шығармашылықпен қатысу арқылы студенттердің оқу мотивациясы мен оқу нәтижелерінің айтарлықтай жақсарғаны анықталды, бұл дәстүрлі оқытумен салыстырғанда оқушылардың қызығушылығы мен шығармашылық қабілеті жоғарылағанын көрсетті. [4]
Олай болса, қазақ тілі пәнің қатып қалған догмалық ұстанымнан гөрі, оны нақты коммуникативтік, мәдени және әлеуметтік жағдаяттарға бейімдеу дұрыс шешімдердің бірі болады. Жобалық жұмыс барысында студенттер мәтін құрастыру, тілдік деректерді талдау, ұлттық-мәдени мазмұнды интерпретациялау және өз көзқарасын қазақ тілінде дәлелді түрде жеткізу арқылы тілдік құзыреттілігін дамытады. Жобалық технология қазақ тілі сабағында студенттің тұлға ретінде қалыптасуына ықпал етеді. Жоба негізінде орындалатын тапсырмалар студенттердің сөздік қорын байытып, функционалдық сауаттылығын арттырады және тілдік материалды саналы түрде меңгеруіне жағдай жасайды. Осылайша PBL моделі қазақ тілі сабақтарында білім алушылардың оқу мотивациясын күшейтумен қатар, тілдік және шығармашылық әлеуетін дамытудың тиімді екенін көрсетеді.
Үшіншіден, менің пайымдауымша жобалық жұмыс, студенттерді әмбебап тұлға ретінде қалыптастырады. Студенттерді қызықсыз, құлшынысы жоқ оқудан шығарып, өздері ізденуге, ойлануға және зерттеуге ынталандырады. Жоба барысында студенттер ақпаратты жинайды, талдайды, салыстырады, қорытынды жасайды және өз шешімдерін негіздейді. Сонымен бірге, жобалық жұмыс студенттің өз оқу процесін жоспарлау және ұйымдастыру қабілетін дамытады, яғни қандай әдіс тиімді екенін, білімді қалай жүйелеу керегін өздігінен анықтауға үйретеді. Одан бөлек, жобалық жұмыс шығармашылық ойлауды, жаңа идеялар туғызуды және проблемаларды кешенді шешуді ынталандырады. Студенттер топта жұмыс істей отырып, өзара қарым-қатынас жасау, пікірталасқа қатысу және жауапкершілік алу дағдыларын қалыптастырады. Мұның бәрі студенттің тек теориялық білімін ғана емес, сонымен қатар Soft skills және Hard skills дағдыларын, өзіндік зерттеушілік қабілетін дамытады. Осы тұрғыдан алғанда, жобалық жұмыс – студентті белсенді, шығармашыл және жауапты субъект ретінде тәрбиелейтін, білімді өмірлік және кәсіби жағдайларда тиімді қолдануға үйрететін маңызды педагогикалық құрал.
Студенттер арасында есептеу ойлауын жетілдірудегі жобалық оқытудың тиімділігі: 31 эксперимент пен жартылай эксперименттің мета-талдауы Zhang, Guan және Hu (2024) жүргізген мета‑талдаудағы 31 эксперимент пен тәжірибелер көрсеткендей, жобалық оқыту студенттердің шығармашылық, сыни ойлау, ынтымақтастық және проблемаларды шешу қабілеттеріне статистикалық мағыналы түрде оң әсер етеді. Бұл нәтижелер жобалық жұмыс педагогикалық әдісі ретінде студенттердің когнитивтік дағдыларын дамытуда тиімді екенін дәлелдейді. [5]
Студенттердің шығармашылық әлеуетін дамытудағы жобалық жұмыстың рөлі
Жобалық жұмыс студенттердің шығармашылық әлеуетін дамытуда маңызды рөл атқарады, себебі ол білім алушыларды дайын ақпаратты қабылдаушы емес, жаңа идеяларды ұсынушы, ізденуші тұлға ретінде қалыптастырады. Жоба орындау барысында студенттер мәселені өз бетінше анықтайды, оны шешудің түрлі жолдарын қарастырады және шығармашылық шешім қабылдауға үйренеді. Бұл үдеріс олардың қиялын, ойлау икемділігін және жаңашыл көзқарасын дамытуға ықпал етеді.
Студенттердің шығармашылық қабілеттерін дамыту барысында ең алдымен біз олардың бойындағы жеке қасиеттерінің деңгейлеріне аса көңіл бөлуіміз керек. Шығармашыл тұлғаның бойында қасиеттері, біліктері мен дағдылары, шығармашылық ойлауы, шығармашылық қызығушылығы, шығармашылық қабылдауы болу қажет және біз оларды әрдайым дамытып отыруымыз қажет. Теориялық және практикалық проблемаларды шешу үшін студенттерге арнайы шығармашылық қабілеттер қажет. Бұл қабілеттер белгілі бір проблема туындағаннан бастап шешілгенге дейін кешенді түрде шешуге көмектеседі.
- проблеманы өздігінен тауып, шешім жасау қабілеті;
- проблеманы топпен бірге шешуде өзінің қатысу рөлін анықтау;
- проблемаға жүйелік талдау жасай алу;
- зерттеудің мақсатын және міндеттерін қоя білу;
- гипотеза шығарып, оны шешу жолдарын табу;
- хаотикалық ситуацияда негізгі мақсат пен міндеттерді таба білу;
- қажетті ақпаратты тауып, оған талдау жасап, жүйелеу және қорытынды шығару;
- стандарттық емес шешім қабылдап, соңғы нәтижеге жету;
- проблема бойынша алған білімдерінен қорытынды жасап, түйін шығару;
- жүргізілген зерттеулерге презентация ұйымдастыра алу; [6]
Берілген қабілеттер студенттің проблемамен жұмыс істеу процесін толық қамтиды. Студент мәселені өздігінен анықтап, оны шешу жолдарын ойластыру арқылы жауапкершілікке үйренеді. Топтық жұмыс барысында өз рөлін түсінуі оның қарым-қатынас жасау және бірлесіп шешім қабылдау дағдыларын дамытады. Проблемаға жүйелі талдау жасау, мақсат пен міндеттерді нақты қою студенттің ойлауын реттеп, жұмыс бағытын дұрыс таңдауға көмектеседі. Күрделі, ретсіз жағдайда негізгі мақсатты таба білу студентті шынайы өмірлік жағдайларға дайындайды. Стандартты емес шешім қабылдау мен қорытынды жасау шығармашылық ойлауды дамытып, алынған білімді тәжірибеде қолдануға мүмкіндік береді. Ал зерттеу нәтижесін презентация түрінде ұсыну студенттің өз ойын жүйелі жеткізуіне және өзіндік сенімінің артуына ықпал етеді.
Тіл сабақтарында жобалық жұмыстың маңызы
Тіл сабақтарында жобалық жұмыс білім алушылардың тілдік дағдыларын дамытуда маңызды орын алады. Жобалық жұмыс арқылы студенттер тілді тек ереже мен жаттығу деңгейінде емес, нақты қарым-қатынас құралы ретінде қолдануға үйренеді. Жоба барысында мәтін құрастыру, ақпарат іздеу, талдау және оны ауызша немесе жазбаша түрде ұсыну сияқты әрекеттер жүзеге асады. Бұл өз кезегінде студенттердің сөйлеу, жазу, оқу және тыңдау дағдыларын кешенді түрде дамытуға мүмкіндік береді. Мұндай жұмыс студенттің сөздік қорын байытып, ойын нақты әрі жүйелі жеткізуге үйретеді. Топтық жобаларда пікір алмасу, ой бөлісу және өз көзқарасын қорғау арқылы тілдік дағдылар, коммуникативтік қабілеттері дамиды. Олар:
- Диалог жүргізу: пікір алмасу барысында студенттер сұрақ қою, жауап беру, нақтылау сияқты тілдік әрекеттерді меңгереді.
- Аргумент құру: өз көзқарасын қорғау кезінде логикалық дәлелдер келтіру, мысалдармен сөйлеу дағдылары қалыптасады.
- Топтық келісімге келу: әртүрлі пікірлерді салыстырып, ортақ шешімге келу арқылы келіссөз жүргізу мәдениеті дамиды.
- Тілдік орта қалыптастыру: топтық жұмыс барысында студенттер бір-бірімен жиі сөйлесіп, тілдік белсенділігін арттырады.
Топтық жобалар — студенттердің шығармашылық әлеуетін ғана емес, тілдік және коммуникативтік қабілеттерін дамытудағы ең тиімді құралдардың бірі.
Біріншіден, менің ойымша, жобалық жұмыс тіл сабақтарында толыққанды тілдік орта қалыптастыруға мүмкіндік береді. Жоба орындау барысында студенттер тілді тек оқу материалы немесе жаттығу объектісі ретінде емес, нақты бір мақсатқа жету үшін қолданылатын маңызды құрал ретінде қабылдай бастайды. Бұл үдеріс олардың тілдік кедергілерден біртіндеп арылуына, сөйлеу барысында еркіндікке қол жеткізуіне және өз ойын сенімді түрде жеткізе алуына жағдай жасайды. Сонымен қатар, тілдік жобалар студенттердің белсенді сөйлеу тәжірибесін арттырып, тілдік қарым-қатынасқа деген қызығушылығын күшейтеді.
Екіншіден, менің көзқарасымша, жобалық жұмыс тіл мен мәдениетті өзара тығыз байланыстыра отырып оқытуға мүмкіндік береді. Тіл сабақтарында орындалатын жобалар арқылы студенттер белгілі бір халықтың мәдениеті, салт-дәстүрі, тарихы мен рухани құндылықтары туралы ақпарат жинақтайды және оны меңгеріп отырған тілде жеткізуге талпынады. Мұндай жұмыс тілдік материалды тереңірек түсінуге, тілдің мәдени мазмұнын сезінуге және оны саналы түрде қолдануға ықпал етеді. Нәтижесінде тіл үйрену процесі формалды сипаттан арылып, мазмұнды әрі қызықты оқу әрекетіне айналады.
Үшіншіден, жобалық жұмыс тіл сабақтарында пәнаралық байланысты дамытуға ерекше ықпал етеді. Жоба тақырыптары көбіне әдебиет, тарих, география, қоғамтану, ақпараттық технологиялар сияқты басқа пәндермен ұштасып, студенттердің білім аясын кеңейтеді. Бұл өз кезегінде студенттердің сөздік қорын байытып, тілдік бірліктерді әртүрлі тақырыптық және жағдаяттық контексте қолдануға үйретеді. Пәнаралық байланыс тіл сабақтарының мазмұнын байытып, студенттердің тілге деген қызығушылығын арттыра түседі.
Практикалық тапсырмалар үлгілері
Теориялық білім тек түсінік пен ақпаратқа ғана негізделеді, ал студенттердің шығармашылық, тілдік әлеуетін дамыту үшін бұл білімді нақты қолдану қажет. Тіл сабақтарында жобалық жұмыс арқылы студенттер тек грамматика немесе сөздік қорды жаттап қана қоймай, оны нақты жағдайларда қолдануға үйренеді. Практикалық тәжірибе студенттің өздігінен мәселені анықтау, шешім табу, идеяларды ұсыну және жүзеге асыру қабілеттерін шыңдайды.
«Аудио / визуалды тілдік жобалар»
Аудио және визуалды тілдік жобалардың мақсаты – студенттердің тілдік дағдыларын мультимедиа құралдары арқылы дамыту және олардың шығармашылық әлеуетін арттыру. Бұл жобалар студенттерге тек мәтінді оқу немесе жазумен шектелмей, оны нақты өмірлік контексте қолдануға мүмкіндік береді. Студенттер подкаст, видео сюжет немесе мультфильм сценарийін өздері құрастырып, мәтінді жазу, дыбыстау және монтаж жасау процесіне қатысады. Осы арқылы олар тек тілдік дағдыларын ғана емес, сонымен қатар медиа дағдыларын және шығармашылық қабілеттерін де кешенді түрде дамытады.
Жоба барысында студенттер өз идеяларын еркін ұсынады, визуалды және дыбыстық шешімдер ойлап табады, әрі командалық жұмыс арқылы рөлдерді бөлісуді үйренеді. Бұл әдіс студенттердің шығармашылық ойлауын, ақпаратты талдау қабілетін және коммуникативтік дағдыларын арттырады. Нәтижесінде, аудио және визуалды жобалар тіл үйренуді интерактивті, қызықты әрі тәжірибелік бағытқа бейімдеп, студенттің жан-жақты дамуына ықпал ететін тиімді педагогикалық құрал болып табылады.
«Менің қаламның тілдік картасы»
Студенттерді сыртқы ортамен байланыстыратын практикалық жұмыс студенттердің тілдік дағдыларын нақты өмірлік контексте қолдануға мүмкіндік береді. Жұмыс барысында студенттер қала көшелеріндегі жарнамаларды, мәзірлерді, маңдайшаларды суретке түсіріп, ондағы тілдік қателерді немесе қызықты сөз қолдануларын талдайды. Бұл тапсырма студенттердің мәтінді талдау қабілетін, грамматикалық және орфографиялық білімдерін қолдануын дамытуға бағытталған.
Шығармашылық элемент ретінде студенттер қателерді түзетіп қана қоймай, брендтерге жаңа, креативті атаулар мен ұрандар (слогандар) ойлап табады. Бұл олардың шығармашылық ойлауын, креативтілік қабілетін және тілдік икемділігін арттырады. Сонымен қатар, студенттер ресми-іс қағаздар стилі мен публицистикалық стильді қолдана отырып, мәтінді жүйелі әрі логикалық тұрғыда ұсынуды үйренеді. Нәтижесінде, бұл практикалық жұмыс студенттердің тілдік дағдыларын нақты өмірмен байланыстырып, шығармашылық әлеуетін дамытуға ықпал ететін тиімді құрал болып табылады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
- №5Дәріс.Жобалық оқыту әдісі https://moodle.enu.kz/pluginfile.php/181349/mod_resource/content/1/%E2%84%965%20%D0%94%D3%99%D1%80%D1%96%D1%81.pdf
- ХБ мұғалімі қызметінің нәтижесі: қазақ және ағылшынтілдер сабақтарында жобалық жұмыстардыұйымдастыру және оның оқушылардың зерттеушілік қабілеттерін дамытудағы ықпалы. https://conf.nis.edu.kz/wp-content/uploads/2019/12/%D0%91%D0%B0%D0%B9%D1%88%D0%B0%D0%B3%D0%B8%D1%80%D0%BE%D0%B2%D0%B0-%D0%90.%D0%9F.-%D0%9D%D1%83%D1%80%D0%BC%D0%B0%D0%B3%D0%B0%D0%BD%D0%B1%D0%B5%D1%82%D0%BE%D0%B2%D0%B0-%D0%96.%D0%A1.-%D0%BA%D0%B0%D0%B7.pdf
- Жобаның практикалық нәтижесі дегеніміз не
https://docs.google.com/spreadsheets/d/1fcZ5GRdiXgf8tK11FsAG62pLCQVYBy9qteCn696yayg/edit?usp=sharing
- The Influence of Project Based Learning on Learning Outcomes, Creativity and Student Motivation in Science Learning at Elementary Schools
https://jurnal.uny.ac.id/index.php/jpe/article/view/63208?utm_source - The efficacy of project-based learning in enhancing computational thinking among students: A meta-analysis of 31 experiments and quasi-experiments https://link.springer.com/article/10.1007/s10639-023-12392-2?utm_source
- Студенттердің шығармашылық қабілеттерін дамытудағы өзіндік жұмыстың рөлі
https://moluch.ru/archive/295/66979?utm_source - Жобалық оқытудың шығармашылыққа әсері (Contemporary Journal of Social Science Review, 2025) https://contemporaryjournal.com/index.php/14/article/view/523?utm_source