
Бұл хикая Жапониядан Америкаға оқу үшін келген бір студентің хикаясы. Cтудент Америкаға білім грантымен келген алғыр студенттің бірі.
Оның көп киім-кешегі жоқ болыпты. Жыл бойынша бір ғана киіммен жүріп, тек қана оқу оқумен шұғылданыпты.
Бір күні оның бір түймесі түсіп қалыпты. Түсіп қалған түйменің орнына Коланың аузындағы дұмалақ шеңберді тағып қойып, сол үшін достары тарапынан мазаққа қалыпты. Бұл жағдай әрине өкінішті. Қаншама мазаққа қалса да ешқандай түйме сатып алмапты.
Түймесі болмаса да, мазаққа қалса да студент оқуын жақсы дәрежемен бітіріпті.
Бірақ студенттің бітіру кешінде сөйлеген сөзі Америка халқын ұятқа қалдырыпты:
«Бір түйме үшін мені мазақтадыңдар. Мені мазақтауларыңызға неге шыдағанымды білгілерің келе ме? Хиросима халқын қырып-жойған бір мемлекет үшін түйме ақшасын да бергім келмеді. Сіздер менің ақшамның бір тиынын алуға да хақыларыңыз жоқ. Осы елден бір түймеге ақша жұмсамай кетіп бара жатқаныма өте бақыттымын»
Аударған Lazzat Bazarbayeva