Оймақ ой «Қазақ тілі мәселесі»

Қазақ тілінің жоғалуы мүмкін емес. Қазақ тілі тарихы, көне заманнан келе жатқан асқақ эволюцияланған (тірі) тіл. Қазіргі заман мәселесі тілдің жоғалуын, жасөспірім балалардың қазақша білмеуінен қорқады. Бұған себеп совет үкіметінің геноцидтік идеологиясы дейміз, өзге тілде (орыс тілі)сөйлегенді мақтаныш санайтын шала-қазақтарды да көріп жатамыз.Ежелгі қазақ хандығы дәуіріндегі қалыптасқан ар-ұждан, намыс, ұят секілді ұғымдарды, «Өткеннің ескен самалы»-деп, ұмытқан қазақтарда пайда болды. Қоғамның өзгеруі осыдан деп білемін, ал қоғам өзгерсе тәрбие де, рух та,тіл де ұмытылмақ. Сондағы қазақ деген халық ұят деген ұғымды ұмытқан ар-ұждансыз, намыссыз қазақ, қазақ па? 

Осы себептен үкіметтің, қазақ зиялыларының,ақсақалдардың түрлі бағдарлама жасап, конференциялар өткізіп, аналар қауымы, билер соты деп шырылдағандары өзгеріс әкеліп жатыр ма? Жастардың арасында тарихта болмаған қатыгездік бар.Өз елін сатып кетерлік өкпе реніш қалыптасқан.»Ел-болам десең, бесігіңді түзе» -демекші барлығы бала тәрбиесінен басталады. Мұғалімдердің балаларға айтар тәрбиесі, айтар ойы, қалдырар мұрасы болса, нағыз тұлға өсіре аламыз. Тұлға дегеніміз ұлт тәрбиелейтін ана, елім дейтін ер, салиқалы ұрпақ. Көзі ашық көкірегі ояу ұрпақ барда, қазақ тілі ешқашан жойылмайды! 

Один комментарий к “Оймақ ой «Қазақ тілі мәселесі»”

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *