БАЛАБАҚШАДАҒЫ ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАР МЕН ТАРИХИ БЕЙНЕЛЕРДІ ҚОЛДАНУ ТӘЖІРИБЕСІ

 

Батхан Аякөз Бердімұратқызы

Утельбай Томирис Дулатқызы

Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі

berdymuratayakuz@gmail.com

Аңдатпа;

Бұл мақалада, мектепке дейінгі тәрбие және оқыту мамандығы және  қазақ халқының көне мәдени мұраларының бірі – «Ортеке» ойынының шығу тегі, көркемдік сипаты және тәрбиелік маңызы қарастырылады. Ұлттық ойындардың мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесіндегі орны талдана отырып, Ортеке ойынының баланың шығармашылық қабілетін, эстетикалық талғамын және ұлттық сана-сезімін қалыптастырудағы рөлі айқындалады.Сонымен қатар, мақалада халықтық дәстүр мен заманауи педагогика арасындағы сабақтастық идеясы негізделеді. Халқымыздың тарихи бейнелерін жеткізу жолы қаралады.

Түйінді сөздер; Мектепке дейінгі тәрбие,ұлттық ойын,Ортеке ойыны,мәдени мұра, ұлттық сана, қуыршақ өнері, тарихи бейнелер.

 

«Ұлттың жаны- оның ойыны мен өнер, тарихында».

Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту мамандығы – бұл тек баланы оқытып, үйрету емес, оның бойындағы ұлттық болмыс пен рухани құндылықтарды ояту өнері. Бұл мамандықтың өзегі – баланың ішкі әлеміне жарық сәуле түсіріп, оның жүрегіне қазақы рух пен адамгершілік дәнін себу.[1,8-9б]. Ал ұлттың асыл мұрасы – ұлттық ойындар, осы мақсатқа жеткізетін ең нәзік те әсерлі құралдың бірі. Ойнау білген бала, ойлай да біледі.Алайда қәзіргі заман дамуына байланысты осы ұлттық ойындарымыз ұмтылып,біздің білім алуымызбен дамуымыздан іргетасы алыста қалып бара жатқаны анық. Әрбір ұлттық ойын – баланың қимылын жетілдіріп қана қоймай, оның ойлау жүйесін, тіл байлығын, мінез-құлқын тәрбиелейді. Халық ойын арқылы баланы еркіндікке, батылдыққа, тапқырлыққа баулыған. Осындай ойындардың бірі – ғасырлар қойнауынан жеткен Ортеке ойыны. Ұлттық ойын-халқымызды өмір тәжірибесінен, тұрмыс-тіршілігінен, дүниетанымынан туған мәдени қазына, ұрпақ тәрбиесінің алтын арқауы.Ерте кезде ата-бабамыз бен халқымыз балаларды арнайы бір білімге сүйеніп , тәрбиелемесе де осы асыл мұра ұлттық ойынымыз арқылы балалардың бойына ерекше білім мен тәрбие, ерік-жігер бере алды.

“Ортеке” ойыны — қазақ халқының көне қуыршақтық өнерінің бір түрі. Қазақ қоғамында “Ортеке” ойыны тек көңіл көтеру емес, халықтың дүниетанымын, шығармашылық қабілетін көрсететін мәдени феноменге айналды. Ол халықтың өмірге деген сүйіспеншілігін, өнер мен еңбекке құрметін бейнелейді. Ортеке – адамның жан дүниесін тербететін символдық ойын: ол қозғалыс арқылы өмірдің ырғақтылығын, музыка арқылы рухтың тазалығын жеткізеді. “Ортеке” – қазақ халқының көне қуыршақтық өнерінің бір түрі. Ол жанды қозғалыс пен әуеннің, өнер мен шеберліктің бірлігін танытатын ұлттық мұра. Аңызға сүйенсек, ортеке алғашында ағаштан ойылып,жіп арқылы қозғалысқа келтірілген кішкене қуыршақ түрінде пайда болғшебер шебер адам әуен ырғағымен жіптерді басқара отырып, текенің билегеніндей әсер тудырған. Бұл өнер бір жағынан ойын-сауық болса, екінші жағынан – халқымыздың эстетикалық талғамының, музыкалық қабілетінің, еңбекқорлық пен шеберліктің көрінісі болып табылады. Ортеке ойыны баланы қимыл-қозғалысқа, шығармашылық қабілетке баулиды. Балаларға бұл ойынды көріп ғана қоймай, ұстап жасап көру арқылы ерекше дамуымен қызығушылық туғызады. Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту мамандығымен  байланыстыра айтқанда, “Ортеке” ойынының тәрбиелік және дамытушылық маңызы ерекше. Бұл ойын баланың қимыл дағдыларын дамытады, ептілікке, әуен сезіміне, эстетикалық талғамға баулиды. Сонымен қатар, баланың қиялын оятады, ұлттық өнерге деген сүйіспеншілігін арттырады. Осындай ойындарды оқу-тәрбие процесіне енгізу арқылы біз ұлттық құндылық пен заманауи білімді ұштастырамыз.[3,бейнеролик].

“ Ұлт болашағы – ұрпақ тәрбиесінде. Ал тәрбие тамыры – халқымыздың ежелгі мұраларында. Ортеке” ойыны – сол тамырдың бір бұтағы. Оны үйрету – өткен мен бүгінді жалғау, ұлттық рухты жаңғырту. Мектепке дейінгі білім беру жүйесінде осындай ойындардың қолданылуы тек баланың қабілетін емес, оның болашақтағы ұлттық тұлға ретінде қалыптасуын қамтамасыз етеді. Осы Ортеке ойынның тек өз қалпында ғана емес оны қәзіргі заман талабына сай түрлі ойыншықтар немесе жасанды интелектімен ойын түріне қоса алсақта тамаша болары анық. Балалар табиғаттың ерекше бір құбылысы мен біздің ұлттық құндылығымыздың мәнімен маңызын түсініп бойын сіңіре алар еді. [2, 42-44б ]

Тарихи бейнелерді қолдану;

Қазіргі заманда білім беру жүйесінің басты мақсаты – баланың жан-жақты дамуына жағдай жасау, соның ішінде ұлттық болмыс пен мәдени сана-сезімді қалыптастыру. Осы тұрғыда мектепке дейінгі тәрбие кезеңінде баланың тарихи түсініктерін қалыптастыру ерекше мәнге ие. Себебі дәл осы шақ – баланың елін, жерін, халқын танып-білуге деген алғашқы қызығушылығы оянатын кезең.Тарихи мазмұнды бейнелер – ұлттық тәрбие мен рухани дамудың көрнекі құралы. Олар арқылы бала халқымыздың өткенімен танысып қана қоймай, өз елінің мәдениетіне деген мақтаныш сезімін бойына сіңіреді.Тарихи мазмұндағы иллюстрациялар, суреттер мен мультимедиалық бейнелер – баланың елестету, салыстыру, есте сақтау қабілеттерін дамытады.Мысалы, қазақ халқының тұрмыс-салтын бейнелейтін суреттер (киіз үй, ұлттық киім, көне еңбек құралдары, батырлар мен билер бейнесі) арқылы бала халқымыздың өмір салты мен құндылықтарын түсінеді.Мұндай бейнелер тек эстетикалық әсер ғана бермейді, сонымен қатар баланың патриоттық сезімін, рухани-адамгершілік көзқарасын қалыптастырады. Және де тарихи бейнелерді балаға тура жеткізу қәзіргі кезде қиын.Қәзіргі балалардың дамуына есте сақтауына,қызығушылығына байланысты біздің тарихи бейнелерімізді тура көрсету балаларға ауыр тиеді. Сондықтан оны жаңашыл тәсілмен жеткізген жөн: Мектепке дейінгі топтарда тарихи мазмұнды бейнелерді қолдану ойын, әңгімелеу, салыстыру және шығармашылық әрекет арқылы жүзеге асырылады.[1.12-15б]

Мысалы:

  1. «Өткен мен бүгін» атты көрнекі ойын арқылы балалар ескі және қазіргі тұрмыстық заттарды салыстырады;

  2. «Киімдер әлемі» бейнебаянын көру арқылы дәстүрлі киім мен қазіргі сән үлгісін байланыстырады;

  • «Батырлар елінде» тақырыбында сахналық қойылым жасап, тарихи кейіпкерлердің ерлігін сезінеді.

         Мұндай әдістер оқытудың көрнекілігін арттырып, баланың зейінін шоғырландырады және тарихи деректерді жеңіл есте сақтауға мүмкіндік береді.Тарихи мазмұнды бейнелерді қолданудың басты жаңашылдығы – цифрлық форматтағы материалдар мен интерактивті технологияларды пайдалану.Бүгінгі таңда біз  педагогтар балаларға:

3D және AR (кеңейтілген шындық) форматындағы киіз үйдің ішкі көрінісін;

Интерактивті тақта арқылы тарихи картиналар мен ұлттық мұра нысандарын;

Қысқа мультфильмдер мен бейнеертегілерді көрсету арқылы тарихи деректі бала тілімен жеткізе аламыз.
Бұл тәсіл балалардың белсенді танымдық іс-әрекетін арттырып, тарихты қызықты оқиға ретінде қабылдауға мүмкіндік береді.Сонымен қатар, цифрлық құралдар ұлттық мазмұнды жаңаша ұсынуға жағдай жасап, дәстүр мен технологияның сабақтастығын қалыптастырады.Мектепке дейінгі балаларға арналған тарихи материалдар жас ерекшелігіне сай, қысқа әрі көрнекі болуы тиіс.Мектепке дейінгі білім беру жүйесінде тарихи мазмұнды бейнелерді қолдану – ұлттық сана мен заманауи технологияның тоғысқан тұсы.Бұл әдіс баланың дүниетанымын кеңейтіп, ұлттық бірегейлікті сезінуге, шығармашылық ойлау мен мәдени қабылдау қабілетін дамытуға ықпал етеді.Қазіргі педагогтың міндеті – тарихты өткеннің ғана емес, бүгінгі күннің өміршең құндылығы ретінде таныта білу.Тарихи мазмұнды бейнелер арқылы бала жүрегінде «Мен – өз халқымның мұрагерімін» деген сенім оянады.Осындай тәсілмен берілген тәрбие – ұлт болашағын рухани бай, ойы жүйрік, мәдениеті жоғары тұлға ретінде қалыптастырудың берік негізі.[4,57-59б]

Жалпылай тұжырымдағанда, бұл ұлттық ойынды білім жүйесіне енгізе алсақ балалардың жетілуіне ерекше өзгеріс бере алатына сенімдімін, бір ойын- қаншама бағытта.Және де тарихи бейнелердің де ұрпақ дамуына ерекше әсер ететіні анық.

Қолданылған әдебиеттер мен деректер;

1.“Мектепке дейінгі педагогика” Ф.Жумабекова

2.Шенгельбаев Қ.Т., Нұрпейісов К.Н., Қасымханов Р.Б. Қазақ халқының ұлттық ойындары – балаларды тәрбиелеудің басты құралы. — Семей мемлекеттік университетінің ғылыми журналы, 2020.

3.Қазақтың “Ортеке” биі мен Қожанасыр туралы әңгімелер — ЮНЕСКО тізіміне енгізу» — “Ортеке” өнерінің мате­риалдық емес мәдени мұра ретінде сипаттамасы (танымдық/журналистік материал),(ютуб бейнеролик). ( https://youtu.be/TbrWRLkTJmI?si=TUgmjGTn32eUcxvR )

4.Баймұратова, Б. Мектепке дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқытудың теориясы мен практикасы. — Алматы қаласы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *