
XXI ғасырдың екінші онжылдығында жасанды интеллект (AI – Artificial Intelligence) тек техникалық салада ғана емес, сонымен қатар білім беру жүйесінде де жаңа серпілістер мен инновациялық шешімдердің негізіне айналды. Әлемдегі озық мемлекеттер бұл технологияны мектептер мен жоғары оқу орындарында енгізу арқылы білім беру сапасын, теңдігін және тиімділігін арттыруда. Осы тұрғыда Қазақстан үшін де AI-ды білім беру жүйесіне интеграциялау – уақыт талабына сай стратегиялық қадам болмақ. Жаһандық білім беру кеңістігінде жасанды интеллектіні тиімді пайдалану – оқу үдерісін жекелендіру, мұғалім жұмысын жеңілдету және оқушы әлеуетін барынша ашуға бағытталған өзекті міндеттердің бірі болып отыр.
Жасанды интеллект – адам санасын имитациялайтын технологиялар жиынтығы. Оған машиналық оқыту (machine learning), табиғи тілді өңдеу (natural language processing), компьютерлік көру (computer vision) және басқа да алгоритмдер жатады. Білім беру саласында AI оқушылардың жеке қажеттіліктерін түсініп, дербестендірілген (personalized learning) оқыту тәжірибесін ұсына алады. Американдық Гарвард университетінің 2023 жылғы зерттеуінде көрсетілгендей, жасанды интеллект білім алушылардың үлгерімін 22%-ға дейін жақсарта алады, егер ол сапалы енгізілсе және педагогикалық процестің органикалық бөлігіне айналса (Harvard Graduate School of Education, 2023).
Әлемдік тәжірбиелерге, жарық көрген кейсттерге, үнілетін болсақ Финляндия жетістігін атап, айтпасқа болмайды. Білім беру жүйесіне AI-ды интеграциялауда Финляндия – инновация көшбасшысы. Олар 2018 жылдан бастап “Elements of AI” атты тегін онлайн курс арқылы халықты жалпы AI негіздерімен таныстырды. Бұл курс университет бағдарламаларына да енгізілді. Нәтижесінде, фин оқушылары критикалық ойлау және технологиямен жұмыс істеу дағдыларын ерте жастан меңгеруде. Бұл ненің белгісі ? Жасанды интеллектті қолданудың фундаменталды білімді игерудің белгісі. Демек, Финляндия ЖИ оқытуда, адами ресурқа инвестиция құя отырып, оның жемісін көруде. Сингапур елі де үздіксіз даму үстінде. Сингапур үкіметі “AI for Education” жобасын жүзеге асырып, мектептерде интеллектуалды оқыту жүйесін енгізіп отыр. Бұл жүйе әр оқушының оқу стиліне сәйкес бейімделеді, яғни дербестендірілген оқыту нақты іске асырылуда. Мәселен, “MySkillsFuture” платформасы оқушылардың қызығушылығы мен қабілетіне қарай кәсіптік бағдар беруге көмектеседі. Бұл жоба, оқушының жарқын болашағына бағыт бағдар беруге атсалысып, көмектеседі.
Әлемде ЖИ гегемониясын ұстап тұрған мемлекеттер бар. Дегенмен, Евразияның алтын көпірі әлемдік аренада өз позициясын айқындау маңызды. Осыған орай, Қазақстанда білім беру жүйесі біртіндеп цифрлануда. «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында мектептерге интерактивті тақталар, онлайн платформа (Bilimclass), сондай-ақ қашықтан оқыту жүйесі енгізілді. «Мектептерде жүзеге асырылуы тиіс жобалар көп. Робототехника кабинеттері, STEM-зертханалар аясында виртуалды шындық жобалары енгізіліп жатыр. Қазақстанның білім беру жүйесінің өзі стандарттарды жүзеге асыруға негізделген. Білім беру жүйесінде мемлекеттік білім беру стандарттары ұғымы бар. Яғни, кез келген оқулыққа сараптама жүргізіледі. Ал виртуалды шындық, зертхана сыныптары әзірге қосымша білім беру жүйесі ретінде енгізіліп жатыр. Осыған байланысты, жаңа технологияларға еш кедергі жоқ», — дейді ҚР Білім және ғылым вице-министрі Рүстем Биғари. Дегенмен, бұл тек техникалық деңгейдегі өзгерістер. Жасанды интеллектіні интеграциялау – келесі сапалық деңгей. Сіздің ойыңызша, жасанды интеллект білім беру жүйесінің қандай салаларын қамтып, кеңінен көрініс таба алады?
Біріншіден, менің ойымша, мұғалімге оқыту процесін жеңілдету үшін, оқушының үлгерімін болжау технологиясын қолдану маңызды. Бұл технология, жасанды интеллект пен деректерді өңдеу технологияларын қолдана отырып, оқушының оқу жетістіктері туралы деректер негізінде оның нәтижелерін модельдеу процесі. Мысалы, EdTech саласында кеңінен қолданылатын Predictive Analytics (болжамдық талдау) әдісі мұғалімге нақты оқушының қай пәнде, қай тақырыпта қиындықтарға тап болатынын алдын ала ескертіп, жеке оқу траекториясын құруға мүмкіндік береді. Бұл технология, әсіресе, көп оқушысы бар сыныптарда мұғалім назарынан тыс қалуы мүмкін балаларды анықтау үшін аса пайдалы. Қазақстан жағдайында бұл технологиялар енді дамып келе жатыр. Дегенмен, кейбір жекеменшік мектептер пилоттық негізде оқушы жетістігін болжау және деректер негізінде оқу процесін бейімдеу жүйелерін сынақтан өткізіп жатыр. Мысалы, Қазақстандағы Inspired Education Group-қа кіретін жекеменшік мектептерде ЖИ технологияларын күнделікті оқыту мен оқуда қолдану бойынша пилоттық бағдарлама жүргізілді. Нәтижесінде, қатысушы оқушылардың үлгерімі орта есеппен 8,12 пайыздық тармаққа артты, бұл бір толық баға шегіне тең.
Екіншіден, менің пікірімше, мұғалімге көмекші құрал ретінде жасанды интеллектті пайдалану ең дұрыс шешімдердің бірі. Педагогтың күнделікті жұмысын жеңілдетіп, оның назарын тұлғалық дамуға бағыттауға мүмкіндік беретін тиімді технология. Ең алдымен, бағалауды автоматтандыру арқылы ЖИ оқушылардың жазбаша жұмыстары мен тест нәтижелерін талдап, әділ әрі жылдам кері байланыс бере алады. Бұл әсіресе үлкен сыныптарда немесе жоғары қысымда жұмыс істейтін мұғалімдер үшін үлкен мүмкіндік болып отыр. Мысалы, Turnitin, Google Classroom AI сияқты жүйелер мұғалімнің уақытын үнемдеуге көмектеседі және бағалаудың субъективтілігін азайтады. Сонымен қатар, оқу жоспарын құрастыру барысында ЖИ педагогтың өткен сабақ мазмұны мен оқушылардың жетістіктерін ескере отырып, келесі тақырыпты қандай әдіспен беру тиімді болатынын ұсына алады. Мұндай бейімделгіш жүйелер мұғалімге стандартты жоспардан гөрі нақты аудиторияға бағытталған мазмұн дайындауға көмектеседі.
Үшіншіден,менің пайымдауымша, сабақты жекелендіру — ЖИ-дің білім беру саласындағы ең үлкен артықшылықтарының бірі. Жасанды интеллект әр оқушының оқу стилі, қарқыны мен қызығушылығын ескере отырып, оқу жолын ұсына алады. Бұл оқушылардың мотивациясын арттырып, үлгерімі төмен оқушыларды дер кезінде қолдауға мүмкіндік береді. Adaptive Learning Systems (бейімделгіш оқу жүйелері) арқылы ЖИ оқушының әрбір әрекетін (жұмыс жылдамдығы, қателіктер, сұрақтарға жауап беру уақыты т.б.) сараптап, келесі тапсырманы сол оқушыға арнайы бейімдеп ұсынады. Сабақты жеклендіру педагогикалық процестің заманауи, тиімді әрі инклюзивті формасына айналуда. Бұл білім берудің тек сапасын емес, әділеттілігін де арттырады, себебі әрбір оқушының жеке әлеуеті мен қажеттілігі ескеріледі.
Қорыта келсек, жасанды интеллект – бұл білім беру жүйесін трансформациялауға мүмкіндік беретін қуатты құрал. Алайда оны енгізу адами факторды ескерусіз жүргізілмеуі тиіс. ЖИ – мұғалімнің орнын басатын емес, оның мүмкіндігін арттыратын көмекші. Қазақстан XXI үдерісінен шет қалмауы керек. Шетелдік тәжірибелер мен ғылыми зерттеулер ЖИ-дың әлеуетін көрсетсе де, оның тиімділігі ұлттық контексті ескере отырып жүзеге асқанда ғана пайда береді. Қазақстан үшін ең алдымен мұғалімдерді қайта даярлау бағдарламалары қолға алынуы тиіс. Сонымен қатар, ауыл мектептерінің техникалық базасын жақсарту – ЖИ -ды енгізудің басты шарты. Адами құндылықтар, сын тұрғысынан ойлау, ынтымақтастық сынды дағдылар – алгоритммен емес, адам арқылы беріледі. Сондықтан мұғалім мен жасанды интеллект арасындағы ынтымақтастық моделі – ең тиімді шешім деп санаймы
Пайдаланылған әдебиеттер
- Harvard Graduate School of Education. (2023). How AI Can Improve Student Learning : https://www.gse.harvard.edu/news/23/04/how-ai-can-improve-student-learning
- University of Helsinki & Reaktor. (2018). Elements of AI – Free online course : https://www.elementsofai.com
- Ministry of Education Singapore. (2023). AI for Education Initiatives : https://www.moe.gov.sg/education/education-technology
- Digital Kazakhstan. (2021). Цифрлық Қазақстан мемлекеттік бағдарламасы : https://digitalkz.kz
- EdTech Review. (2022). Predictive Analytics in Education: Benefits & Applications : https://edtechreview.in/trends-insights/insights/predictive-analytics-in-education
- Turnitin. (2024). Using AI for Automated Assessment : https://www.turnitin.com
- Google for Education. (2023). AI-powered tools in the Classroom : https://edu.google.com
- Inspired Education Group. (2023). Kazakhstan Pilot Program Report : https://inspirededu.com
- БҒМ ҚР (2023). Рүстем Биғари: Қазақстандағы цифрлық білім берудің дамуы туралы : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu
- McKinsey & Company. (2020). How Artificial Intelligence Will Impact Education : https://www.mckinsey.com/industries/education/our-insights