Қарашаның 30 күні «2024 жылға арналған медициналық қызметтерді жоспарлау және сатып алу бойынша түсіндіру» тақырыбы аясында жиын өтті. Сатып алу және медициналық қызметтерге ақы төлеу ережесіне енгізілген өзгерістер бойынша түсіндірме жұмыстары барысында «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалының директоры Нұржамал Жұмағұлова және директордың орынбасары Бақытжан Урынбаева сөз сөйледі. Медициналық қызметтерді уақтылы және сапалы сатып алу, сонымен қатар 2024 жылға арналған шарттар жасасу туралы мәселелер пысықталды.
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорындағы басқосуға 57 медициналық мекеменің басшылары мен қызметкерлері қатысты.
Қор сарапшылары мен медициналық қызмет көрсетушілер пікір алмасты. Қор өкілдері барлық ұсыныстар мен ескертулерді тыңдап, жоспарларымен бөлісті.
Жиын соңында тараптар өзара сұрақ-жауап алмасты.
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры БҚОФ