Ғылым мен техниканың  соңғы жаңалықтары

Пәні: Қазақ тілі мен әдебиет

Мектеп:

Сабақ: 148-149

 

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 7

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Ғылым мен техниканың  соңғы жаңалықтары

Оқу бағдарламасына сілтеме

Т1. Болжау

Ж2. Эссе  жазу

Оқу мақсаттары

7.Т1.Мәтін үзінділері арқылы оқиғаның дамуын болжау.

7.Ж2.Эссе құрылымы мен дамуын сақтап, көтерілген мәселе бойынша келісу-келіспеу  себептерін айқын көрсетіп жазу.

Сабақтың мақсаттары

Қарапайым, қысқа мәтіндерді түсінеді және тыңдай отырып, күнделікті өмірге қажетті ақпараттарды анықтайды. Оқушының жеке сөздік қоры жаңа ұғымдармен толығады. Сөйлеу дағдыларының дамуына мүмкіндіктер беріледі, өз түсінігін жеткізе біледі.

Ойлау дағдыларының деңгейі

Білу, түсіну, қолдану

Бағалау критерийлері

Мәтін үзінділері арқылы оқиғаның дамуын болжайды.

Эссе құрылымы мен дамуын сақтап, көтерілген мәселе бойынша келісу-келіспеу  себептерін айқын көрсетіп жазады.

Дескрипторлар

—     Мәтін бөліктерінің мағынасын түсінеді;

—     Мағынасына сай тұтас мәтін құрастыра алады.

—  Тыңдалым мәтінінің ерекшелігін салыстырады және өзіндік   

    қорытынды жасай алады.

—  Эссе құрылымы мен дамуын сақтап жазады;

—  Көтерілген мәселе бойынша келісу-келіспеу себептерін айқын   

   көрсетіп жаза алады.

Құндылықтарды дарыту

Құрметтеу: оқушылардың топтық және өз бетімен жұмыс жасау дағдыларын жетілдіре отырып, бір-біріне құрметпен қарауға шақыру;

Тәрбие: ата-ана қадірін, отбасы қадірін түсіну.

Пәнаралық байланыс

Информатика, робототехника

АКТ-ны қолдану

Интербелсенді тақта

Осыған дейін меңгерілген білім

Ауа райы және климаттық өзгерістер

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс

іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

7 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

Сәлемдесу. Түгендеу.

Қызығушылықты ояту/Топқа  бөлу

Тақтаға екі қалташа ілінеді. «Технология» және «Ғылым». Оқушылар жеке-жеке сөздерді суырады. Онда ғылым мен техникаға қатысты сөздер жазылған. Сол сөздерді мағынасына қарай қалташаларға орналастыру керек. Нәтижесінде екі топ шығарылады.
Сөздер: ақпараттық, нанотехнология, педагогикалық, компьютерлік, инновациялық, өндірістік, жаратылыстану, гуманитарлық, математика, техникалық, философия, астрономия.

2 топ өздеріндегі сөздерді талқылайды, білгендерін ортаға салады. Мыс: ақпараттық технология, гуманитарлық ғылым, т.б.

Сабақ тақырыбымен, оқу мақсаттарымен, дескрипторлармен таныстыру.

 

 

Сабақтың ортасы

10 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

23 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1-тапсырма.

Топтарға мәтін беріледі. Мәтін бірнеше бөлікке бөлінген. Оқушылар мәтіндегі абзацтарды рет-ретімен мағынасына қарай орналастырып, қағазға желімдейді. Бірігіп оқиды, топта талқылайды. Мәтінді келесі топқа беріп, жұмыстарымен алмасады. Жаңа мәтінмен танысады, пікірлеседі, түсінбеген тұстарын бір-бірінен сұрайды.


1-топқа:
         Өскеменде жапондық роботтар көрмесі өтті. Жұрттың назарына адамға қолғабыс бола алатын роботтар мен Гиннес рекордтар кітабына енгізілген гуманоидтар ұсынылды.

         «Вилли» роботы үйді күзетуге қауқарлы. Тіпті бала да баға алады. Тіпті бұл роботтар да шаршайды екен. Өте ашулы роборапторға саусақ шошайтуға болмайды, тістеп алады.

          Билеуден алдына жан салмайтын робобилдер, ақылды, әрі, елгезек робоанниматроник-шимпанзе және тағы басқа гуманоидтер жиналғандарды әсте таң қалдырды. Мысалы, Гиннес кітабына енгізілген әлемдегі ең кішкентай адам теңдес робот бар. Оның бойы 16 см. Түймедей құрылғы 200-га тарта бағдарламаны орындай алады.

           Көрмеде тұрған робот-андроидттар елімізде сатылмайды. Алайда Жапония, АҚШ сияқты елдерде мұндай роботтардың құны бір мың доллардан асатын көрінеді.

    

2-топқа:

       Құлпынайды тездетіп жинау әдісін жапондықтар ойлап тапты. Shibuya Seiki компаниясының инженерлері піскен құлпынайды өзі тауып, үзе қоятын роботты шығарды. Биіктігі 2 метрге жететін робот егістік қатарын аралап, піскен құлпынайды өзі ажыратады. Ажыратып қоймай, арнайы себетке тездетіп теріп, уақытты үнемдейді. Бір құлпынайды үзуге небәрі 8 секунд уақыт кетеді.

        Үш бейнекамерасы жұмыс жасайтын, бұл құрылғының механикалық қолдары да бар. Олар жемісті үзуге арналған.

       Аталмыш туындыны жасауға Жапонияда жиналатын құлпынай процессі әсер еткен. Өйткені, бұл елде оған ұзақ уақыт жұмсалған алғашқыда. Ал, роботты жасаушылар енді мұны жеңіл жұмысқа айналдыруға әбден болады деп отыр.

Дескрипторлар:

1.      Мәтін бөліктерінің мағынасын түсінеді;

2.      Мағынасына сай тұтас мәтін құрастыра алады.

 

2-тапсырма. Жазылым алды тапсырма. Оқушылар «Жаңа технологиялар» тақырыбындағы тыңдалымнан соң заманауи технологияның тиімділігі мен зиянды әсері туралы пікір алмасады.

Заманауи технологияның зиянды әсері

 

Заманауи технологияның тиімділігі

 

 

 


 

   

 

 

 

 

Жазылым тапсырмасы.

«Ғылым мен технологияның дамуы – заманауи өмір талабы» деген тақырыпта эссе жазу (120-150 сөз).

 

Дескрипторлар:

—     Тыңдалым мәтінінің ерекшелігін салыстырады    

       және өзіндік қорытынды жасай алады.

—      Эссе құрылымы мен дамуын сақтап жазады;

—      Көтерілген мәселе бойынша келісу-келіспеу

       себептерін айқын көрсетіп жаза алады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

https://www.youtube.com/watch?v=yQ3P51gczR4

Жаңа технологиялар

Кері байланыс

3 минут

                 

              

Не білдім? Не білгім келеді? Не білемін? сұрақтарына жауап беру арқылы кері байланыс береді.

 

Бағалау

         2 минут

Топтар бір-бірінің жеткен жетістіктерін айта отырып бағалайды.

 

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? 

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс
Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

 

 

   

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы  қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? 

Төменде берілген бөлімді осы сабақ  туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

 

Жалпы баға

 

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1.

2.

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?

 

 

             

 

 

 

 

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *