Уақыт сый

Мектеп: «Мирный ЖОББМ» ММ                                                  Мұғалімнің аты-жөні:

Күні:                                                                                                      СЫНЫП:  7

Қатысқан  оқушылар  саны:                                                             Қатыспаған  оқушылар саны: 0

Сабақтың тақырыбы:  Уақыт сый

Осы сабақ  арқы

лы жүзеге асатын оқу мақсаттары:

 О2. Ресми -іскерлік (өтініш, нұсқаулық, ресми құттықтаулар, ұсыныстар) салаға қатысты мәтіндердің тілдік ерекшелігін анықтап, талдау жасау. ТБ1.2.Салыстырмалы, күшейтпелі, асырмалы шырайлардың қызметін білу, жазба, ауызша жұмыстарда қолдану.

Сабақ мақсаты:

Оқушылардың барлығыМәтін бойынша 5-7 сұраққа дұрыс жауап бере алды.

Шығарма мазмұнына өмірден 1 мысал келтіре алады.

Оқушылардың көпшілігіМәтін бойынша 8-10 сұраққа дұрыс жауап бере алды.

Шығарма тақырыбына өмірден 2 мысал келтіре алады.

Оқушылардың кейбіріМәтін бойынша 11-13 сұраққа дұрыс жауап бере алды.

Шығарма идеясына өмірден 3 мысал келтіре алады.

Жетістік критерий-

лері:

 

 

Оқушы­ның­ төменгі жетістігі (ОТЖ): тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсінеді, мәтіндегі

негізгі ойды білдіретін тірек сөздер­ді­ табады, сын есім шы айларының қызметін біледі.

Оқушы­ның­ орташа жетістігі (ООЖ): қазақ тілінде ті ек сөздер­ді­ пайдаланып, мәтін

мазмұнын айтады, мәтін үзінділері арқылы оқиғаның дамуын болжай алады.

Оқушы­ның­ жоғарғы жетістігі(ОЖЖ): тақы­­ ып б йынша қосымша деректер келтіреді,

Құндылықтарды игерту:

Өзіне және өзгелерге құрмет мұғалім мен оқушылардың бір-бірімен амандасуында, сыпайы, ойын ашық білдіріп, тыңдауда, сабақты уақытында бастап, аяқтауда, тапсырмаларды нұсқалық бойынша орындауда, бір-біріне қолдау көрсетуінде көрініс табады. Патриотизм мен азаматтық жауапкершілік уақытты пайдамен өткізу қажеттігін түсіну арқылы жүзеге асырылады. Өмір бойы оқу қағидасы ақпаратты өздігінен табу, сабақ мақсатын білуде, кері байланыс беруде, рефлексия жасауда, алған білімінің практикалық мәнін түсінуде көрініс табады. Ашықтық оқушыларға ақпаратты алуында бірдей мүмкіндіктер беруде, сабақ мақсатын бірге құрастыруда, бағалау мен кері байланыс беруде, бірнеше көзқарастың бар екенін түсінуде орын алады. Еңбексүйгіштік жұмыс орынын таза сақтауда, оқушылардың белсенді жұмысында, ал шығармашылық жаңа идеяларды ұсынуда көрініс табады.

Пәнаралық байланыс:

Философия

АКТ-ны қолдану дағдылары:

PowerPoint таныстырылымы, аудиофайл..

Тілдік мақсаттар:

Оқушылар:Бұйрық рай, мақсатты келер шақ, өткен шақ көрсеткіштерінің мағынасын ашады. Пән лексикасы және терминология:Өлең, тақырып, идея, шумақ, тармақ, ұйқас,.Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер:Өлең жолдарында келтірілген «_______» сөзі «______» деген мағынаны білдіреді. Өмірден мысал келтіретін болсақ, _.

Осыған дейін меңгерілген білім

«Елу жылда ел жаңа» мақалына көзқарасын білдіріп, эссе жазды.

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

 Сабақ басы

5 мин

 

Қызығушылықты ояту үшін миға шабуыл.Жұпта тақырыпқа ену үшін сұрақтарға жауап береді:

Портретте кім бейнеленген?      Абай туралы қандай ақпараттарыңыз бар?

Уақыт лексикалық тарауы мен Абай ақын арасында қандай байланыс болуы мүмкін?

Оқу мақсатымен, тілдік мақсатпен танысады;

Жетістік критерийлерін болжайды;

Жетістік критерийлерімен және дескрипторлармен танысады.

Слайд 1-5

 

 

 

 

Сабақ ортасы

5 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

5 мин

 

 

15 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

10 мин

Оқушылардың жаңа сабаққа деген қызығушылығын­ ояту мақсат­ында­

«Ой шақыру» әдісінпайдаланып, «уақыт» сөзіне ассоциограмма

құрғызады.

1. Сөздікпен жұмыс. А) Мұғалім интерактивтітақтадан тақырыпқа қатысты жаңа сөздерментаныстырады, аудармасын айтады. Оларды

оқиды, оқушыларға қайталатады.

Тапсырма №1:Сөздер мен суреттерді сәйкестендіріңіз.

Жауаптарыңыздың дұрыстығын жұпта тексеріңіз.

Жауаптарыңыздың дұрыстығын слайдтағы нұсқамен тексеріңіз.

Тапсырма №2:Сұрақтармен танысыңыз.Мәтінді тыңдаңыз.

Тапсырма №3:Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.

Сұраққа жауапты мәтіннен табыңыз; Жауаптарыңызды жұпта тексеріңіздер;Жауаптарыңызды жауап парағымен сәйкестендіріңіз;

Сұрақтар: 1. Сағаттың шықылдағы қандай мағынаны білдіреді?

Жауап: өмір өтпек

2. Бір минут автор немен салыстырады?бір кісінің өміріне, ұрыға

3. Не себептен автор сағатты кісі өмірімен салыстырады?

Өтті, өлді, тағдыр жоқ қайта келмек.

4. Не себептен автор сағатты ұрымен салыстырады?Өмірді ұрлаған.

5.Автордың уақытқа айтқан сұрауы қандай?Көңілді сындыр, әлде тындыр.

6. Ақыл уақыттың қай қылығын байқаған? Қағасың босқа бұлдыр.

7. Күн жиылғанда не болады?ай болды,

8. Он екі ай жиылғанда не болады?Жыл;

9. Жыл жиылғанда не болады?Қартайып қылғаны бұл.

10. Дәурен жалған болса, не ақиқат?Жалғаны жоқ бір тәңірім.

11. Тәңірден автор не сұрайды?кеңшілік қыл.

12. Шығарманың тақырыбы не туралы?Уақыттың өткіншілігі туралы,

13. Шығарманың идеясы қандай?Идеясы уақытты бағалау қажеттігі

Тапсырма №4:Шығарманың идеясына қатысты өмірден 1-3 мысал келтіріңіз.Жұпта бір-біріңіздің мысалдарыңызбен танысыңыздар, ең жақсысын таңдаңыз;Топта бір-біріңіздің мысалдарыңызбен танысыңыздар, ең жақсысын таңдаңыз;Сыныпта бір-біріңіздің мысалдарыңызбен танысыңыздар, ең жақсысын таңдаңыз;

Оқулықтағы 7-тапсырманы орындатады

Сағаттың шықылдағы емес ермек

Сағаттың шықылдағы емес ермек,
Һәмишә өмір өтпек ол білдірмек.
Бір минут бір кісінің өміріне ұқсас,
Өтті, өлді, тағдыр жоқ қайта келмек.
Сағаттың өзі ұры шықылдаған,
Өмірді білдірмеген, күнде ұрлаған.
Тиянақ жоқ, тұрлау жоқ, келді, кетті,
Қайта айналмас, бұрылмас бұлдыр заман.
Өткен өмір белгісі осы сыбдыр,
Көңілді күнде сындыр, әлде тындыр.
Ақыл анық байқаған қылығыңды,
Қу шыққансып қағасың босқа бұлдыр.
Күн жиылып ай болды, он екі ай жыл,
Жыл жиылып, қартайып қылғаны бұл.
Сүйенген, сенген дәурен жалған болса,
Жалғаны жоқ бір тәңірім, кеңшілік қыл.

Слайд 6-7

Дидактикалық материалдар №1

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Слайд 8,

Дидактикалық материалдар №2-3,

Аудио жазба

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Слайд — 9

 

Сабақ соңы

5 мин

 

Рефлексия. Оқушылар қиық қағаздарға жазып береді.

Сабақта маған не пайдалы болды?Сабақта маған не қызықты болды?
Сабақта маған не қиын болды?

Слайд 10

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? 

Бағалау – Оқушылар

дың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс
Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Дифференциация үш түрде іске асады:

1-  үлгерімі төмен оқушыларға сөздік беру немесе сабақ материалымен алдын ала танысуға мүмкіндік беру арқылы қолдау көрсетіледі.

2 –оқушылардың тапсырмасынан күтілетін нәтиже дифференциацияланған.

 

Оқушылар бір-бірін дискрипторлар тұсына «+» белгісін қоя отырып, бағалайды. Сол арқылы кері байланыс беріледі.

Сабақ философияға қатысты болғандықтан, белсенді азаматтық позициясын қалыптастыруға септігін тигізеді. Сабақта оқушылардың өміріне қауіпті ештеңе пайдаланылмайды. PowerPoint таныстырылымы, аудиофайл тыңдау үшін компьютер қолданылады.

ОйлануСабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырылды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы  қандай болды?

Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? 

Төменде берілген бөлімді осы сабақ  туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

 

Жалпы бағаСабақ талаптарға сай өтті. Оқушылар сөздік қорын молайтты. Жұпта бір-біріне қолдау көрсетіп, қарым-қатынас жасады.

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1.

2..

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1.

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *