Тараудың тақырыбы: Ұқсатым.Сән.Талғам Мектеп: «Мирный ЖОББМ» ММ Мұғалімнің аты-жөні:ОспановаА.Қ. Күні: Сынып:7 Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: Сабақ тақырыбы: Жігіт сипаты. Ақан Сері Қорамсаұлы |
||||||||||||||||||
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары |
7.О3.Прозалық және поэзиялық шығармалардағы кейіпкердің іс -әрекетіне немесе лирикалық кейіпкердің образын талдау. 7.ТБ1.5.Етістіктің шақтары (бұрынғы және ауыспалы өткен шақ, мақсатты және болжалды келер шақ) мен қалау райдың қызметін білу, ауызша және жазба жұмыстарда қолдану. |
|||||||||||||||||
Сабақтың мақсаттары |
Барлық оқушылар: Прозалық және поэзиялық шығармалардағы кейіпкердің іс -әрекетіне немесе лирикалық кейіпкердің образын талдайды. Оқушылардың басым бөлігі: Етістіктің шақтары мен қалау райдың қызметін біледі. Кейбір оқушылар: ауызша және жазба жұмыстарда қолданады. |
|||||||||||||||||
Бағалау критерийлері |
1. Прозалық және поэзиялық шығармалардағы кейіпкердің іс -әрекетіне немесе лирикалық кейіпкердің образын талдай алады; 2. Етістіктің шақтары мен қалау райдың қызметін біле алады. 3. ауызша және жазба жұмыстарда қолдана алады. |
|||||||||||||||||
Құндылықтар |
Оқушылар топтық жұмыс арқылы бір-бірін құрметтеуге, ынтымақтастыққа үйренеді. |
|||||||||||||||||
АҚТ қолдануы |
Сабақ барысында слайдтар көрсету арқылы сабақ меңгеріледі. Ақпаратты визуалды қабылдауға дағдыланады. |
|||||||||||||||||
Тілдік мақсатта |
сипат,сәңгер,үлгілер,осы заманғы,көлем,алуан түсті,ерекшеленеді,мүмкіндігі бар,қолат.б. |
|||||||||||||||||
Осыған дейін меңгерілген білім |
Стильдерді ажырата алады. Тақырыпқа қатысты жаңа сөздер меңгерген: сәнді, сымбатты, күтім, бұрым, өрген, бойжеткен, жарасымды, сырт келбет, өзіндік өрнек, ұмтылу, іздеу, опа-далап, ұқыптылық, үйлесу; Пікірталас мәдениетін игерген. |
|||||||||||||||||
Жоспарлана тын уақыт |
Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер |
Дерек көздер |
||||||||||||||||
Сабақтың басы 3 мин |
Мына сурет бойынша не айта аласыздар? Оқушылар «Киім стильдері» ассоциативті карта құрастырып, ақпаратпен бөліседі, киім стильдері ақпаратымен танысып, салыстырады.Тілде стиль деген ұғым бар ма? Қандай стильдер бар? |
Таратпа |
||||||||||||||||
Сабақтың ортасы
10 мин
10 мин
15 мин |
Мұғалімнің сөзі: Киім адамзат үшін сыртқы ортаның әсерінен қорғаныс пен жылыну құралы ғана емес. Бұл адамның беделінің, қоғамдағы дәрежесінің бірден-бір көрсеткіші. «Адам көркі шүберек» демекші, ортамыз бізді киген киімімізге қарап бағалайды. Ал жалпы киім өзінің қожайыны жайлы не айта алады? Осы туралы мәтін оқимыз. Практикалық тапсырма. Оқушыларға «Киім — мінез айнасы» мәтіні бес бөлімге бөлініп таратылады. ЖЖ Мәтінді оқып, асты сызылған сын есімдерден салыстырмалы, күшейтпелі, асырмалы шырай жасаңыздар. 1 Классикалық үлгідегі киімді өзіне сенімді адамдар таңдайды деген пікір қалыптасқан. Бұл рас, алайда классикаға құмар жандар қатарына өз таңдауын жасауға қорқып, классикалық киімді кисем, қателеспеймін-ау дегендер де енеді екен. Бұл екі топты ажырататын айқын белгілер бар. Ол адамның осы киімде өзін-өзі ұстауы. Әсіресе адамның пиджакты қалай киіп жүретіндігіне назар аударыңыз. Өзіне сенімді кісі пиджагын кішкене ұқыпсыз киеді, оны еш уақытта барлық түймелеріне түймелемейді. Ал өзіне сенімсіз адамдар керісінше пиджагын соңына дейін түймелеп, қорғаныс ретінде қолданады екен. Дәстүрге сай, тұрақтылықты қолдайтын адамдар екі қатар түймесі бар пиджактарды таңдайды. Ал бірқатар түймесі бар пиджактың иесі жайдары, ашық жүзді кісі болады. 2 Спорттық үлгідегі киімді тек спортшылар киеді деп кім айтты? Жоқ, спорттық киімдерді көп нәрсеге көңіл бөле бергісі келмейтіндер де сүйіп киеді екен. Джинсы шалбары, кеды не кроссовкалар, жалпы спорттық киім қазіргі жастардың дертіне айналды. Психологтардың айтуынша бұндай киім үлгілерін ауырдың астымен, жеңілдің үстімен жүретін, қиналғысы келмейтін адамдар таңдайды екен. Басқа жақтан қарағанда, бұндай «жеңіл жол» қазіргі үлкен қалалардағы өмірге сай ыңғайлы әрі жеңіл болады. 3 Этно үлгісіне сай киінетін адамдар саяхаттауды жақсы көреді екен. Біртүрлі шалбарлар, үнді сариі, қызықты суреттер. Осындай ерекшеліктері бар киімді таңдайтын жандар батыл, ашық, өнерпаз адамдар болады. Олар көпшіліктің арасынан көрініп, көзге түседі. Алайда кейде арманға беріліп, бастаған істерін соңына дейін істемеуі мүмкін. 4 Қыз ба, жігіт пе? Ауыр әскерлік етіктер, камуфляж түсті киім, жігіттерге сай күңгірт түстер… Осындай киім киген қыздар өзінің табиғи нәзіктігін жоққа шығарғысы келеді. Бұндай қыздар берген уәделеріне берік, сенуге тұрарлық жандар. Өз сезімталдығын «жігітше киімнің» астына тығып, адамдарға жан дүниесін ашпайды. 5 Қысқа белдемше, ашық кеуде, биік өкше, шілтер не мөлдір киім… Гардеробыңызда осындай бір-екі зат болуы әбден мүмкін. Ал киімінің бәрі тек осындай «ұятты» болса ше? Тым ашық киінетін қыздардың жалғыз мақсаты — жігіттердің көңілін тарту. Ол ортасының әшкерлеуін елемейді, аңсаған мақсатына кез келген жолмен жете алады. Бағалау критерийі:
Ф. Жұптар бір-бірін критерийлер арқылы бағалайды Түрлі түсті қағаздарда жазылған рөлдерді таңдайды, түстер бойынша 4 топқа бөлінеді. 2 журналист, 4 көрермен, 2 дизайнер, 4 тұтынушы болады. Қолдануға ұсынылған сөздер: сипат, сәңгер, үлгілер, осы заманғы, көлем, алуан түсті, ерекшеленеді, мүмкіндігі бар, қолан шаш. Төрт сөйлем әдісін ұсынуға болады. Рөлдік ойын: журналист көрермен дизайнер тұтынушы Тапсырма. Рөлдерге еніп, «Ал жалпы киім өзінің қожайыны жайлы не айта алады?» тақырыбында пікірталасқа түседі. Салыстырмалы, күшейтпелі, асырмалы шырайларды кеңінен қолданады. Жағдаят. Сән өнерінің соңғы жаңалықтары кім-кімге де қызық. Әдетте Fashion көрсетілім бір ғимарат ішінде өтсе, ал осы сән көрсетілімі теңіз жағалауында, ашық табиғат аясында сән киім үлгілері көрсетілді. Теңіз толқынымен қарсы жүрген сұлулардың киімдері ерекше көз тартарлықтай. Бір мақтанатынымыз, отандық дизайнерлер ұсынған киім үлгілері өзге елдің мамандарынан артық болмаса, кем түспейді. Бағалау критерийі:
Ф. Оқушылар бір-бірін критерийлер арқылы бағалайды. Салыстырмалы, күшейтпелі, асырмалы шырайлардың қызметін түсіндіру: Салыстырмалы шырай – бір заттың сындық белгісін екінші затпен салыстырғанда кем не артық екенін білдіретін шырай түрі. Жасалу жолдары: -рақ, -рек, -ырақ, -ірек; -лау, -леу, -дау, -деу, -тау, -теу; -ғыл, -ғылт, -ғылтым, -шыл, -шылтым; -аң, -ғыш, -гіш, т.б. жұрнақтар арқылы салыстыра көрсетеді. Мыс: ауырырақ, кішірек, ақшыл, жылылау. Күшейтпелі шырай – белгілі бір сындық белгінің бір нәрседен өте артық не өте кем екенін білдіретін шырайдың түрі. Мыс: Сап — сары, өте жарық, аса маңызды. Асырмалы шырай сын есімге өте, тым, аса, әбден, орасан, нағыз, нақ, шымқай күшейткіш үстеулерінің тіркесуінен жасалады: тым үлкен, аса бай. |
https://www.youtube.com/watch?v=t2KSGBNT1kE (оқушылардың өздігінен дайындалуға арналған сілтеме)
Слайд
http://massaget.kz/okushyilarga/uy_tapsyirmasyi/26766/ пікірсайыс мәдениеті
|
||||||||||||||||
Сабақтың соңы 2 мин |
«Бес саусақ» тәсілі арқылы оқушылар бүгінгі сабаққа рафлексия жасайды.
Бас бармақ – ұнады. Сұқ саусақ – түсіндім. Ортаңғы саусақ – қиын болды. Аты жоқ саусақ – қайталау керек. Шынашақ – түсінбедім.
|
Таратпа |
||||||||||||||||
Қосымша ақпарат |
||||||||||||||||||
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? |
Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? |
Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік ережелері АКТ-мен байланыс |
||||||||||||||||
Топтық жұмыс кезінде төмен оқитын оқушылар жақсы оқитын оқушылардан үйренеді. Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады. Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады. |
Оқушылар топта бір-біріне комментарий арқылы баға береді. |
Берілген тапсырмалар оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп келтірмейді. Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ арқылы ақпаратты жадыларында ұзақ сақтай алады. |
||||||||||||||||
Ойлану Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? |
Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз. |
|||||||||||||||||
|
||||||||||||||||||
Жалпы баға Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: 2: Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: 2: Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым? |
||||||||||||||||||