Қысқа мерзімді (сабақ) жоспары
___________________________________________
Бөлім: |
Астана мәдениет пен өнер оржасы
|
|
Педагогтің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) |
|
|
Күні: |
06.12.2022., 6-сынып
|
|
Сынып: |
Қатысушылар саны: |
Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы |
Әкім Ысқақ «Күн ұлымын» |
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары |
6.О3.Орта көлемді шығармаларды түсіну, тақырыбы мен негізгі ойды анықтау. 6.Ж1. Мәтіндердің стильдік ерекшелігін сақтай отырып, күнделік, мінездеме, түсініктеме, өмірбаян жазу. 6.ТБ1.5.Етістіктің шақтарының (нақ осы шақ, жедел өткен шақ, ауыспалы келер шақ) қызметін білу, ауызша және жазба жұмыстарда қолдану. |
|
Сабақтың мақсаты |
Барлық оқушылар орындай алады: «Күн ұлымын» өлeңін түcінeді, тaқыpыбы мeн нeгізгі oйын aнықтaйды. Мәтiннiң cтильдiк eрeкшeлiгін сaқтaй отыpып, күндeлiк жазады. Етістіктің шақтарының қызметін біліп, нақ осы шақта ауызша сөйлем құрайды. |
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңі/ уақыт |
Педагогтің әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Бағалау |
Ресурстар |
5-мин |
Ұйымдастыру кезеңі. «Жүректен жүрекке» тренингі: оқушылар жүрек қағаздарын бір-біріне беріп, жылы лебіздерін айтады. Топқа бөлінеді (суреттер арқылы) 1 топ «Жер» 2 топ «Ай» 3 топ «Күн» «Ой қозғау». Тақырыпты болжау. Сабақ тақырыбын анықтау мақсатында интербелсенді тақтадан (аспан, күн, ай) бейнеленген суреттер көрсетіледі. 1.Біздің аспанымыз қандай? 2.Аспанда не бейнеленген? 3.Күн мен айдың ұқсастығы мен айырмашылығы қандай? Сабақтың тақырыбы: «Күн ұлымын» Мақсаты мен бағалау критерийлерімен таныстыру. |
|
Оқушылардың білімін тексеру үшін «Жапондық бағалау», «Бағдаршам», «Сэндвич» қалыптастырушы бағалаудың түрі.
|
Интербелсенді тақта Суреттер
|
25-мин
|
1-тапсырма Т.Ж. «Кемпірқосақ» әдісі Оқушылар өлеңді оқиды. Өлең не туралы? Тақырыбы қандай? Топтар өлең мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беріп, мазмұнын түсінеді. Сұрақтар: 1 топ 1. Өлеңде қандай аспан денелері бейнеленген?
2.Ақын неге аспан денелерімен байланыстырды? 2 топ 3.Өлеңде не туралы айтылады? 4 Ақынның өлеңдегі мақсаты қандай? 3 топ 5.Жерді неге теңейді? 6.Ғаламшардың тұрғыны кім? Сұрақтарға жауап бере отыра өлеңнің негізгі ойын анықтайды. Барлық топтар Қолдаушысы не? Сұрағына жауап беріп, тақырыбын анықтайды. Дескриптор — Өлеңді түсініп оқы. — Сұраққа жауап бер. — Тақырыбы мен негізгі ойды анықта.
ҚБ. «Жапондық бағалау»арқылы топтар бір-бірін бағалайды.
2-тaпcыpма. Ж.Ж «Екі түрлі түсініктеме күнделігі» стратегиясы бoйыншa бірінші бaғанға өлеңнен өздeріңе әсeр eткен шумақты жазыңдар.
|
|
|
|
10
|
Екінші бaғанға өлеңнен алғaн әсeрлеріңмен бөлісіп, түcініктeме жaзыңдар.
«Күн ұлымын» өлеңі бойынша, тірек сөздерді қолданып «Күн» тақырыбына диалог құрастырып айтыңдар. (көпшілігі) Қажетті сөздер: күн, биік мақсат, жүрек үні, күн нұры.
Дескриптор: — Өлеңнен ерекше әсер еткен шумақты анықта. — Өлең шумағына түсініктеме жаз. — «Күн» тақырыбына диалог құрастырып айт.
ҚБ «Бағдаршам» арқылы топтар бір-бірін бағалайды. 3-тапсырма.Т.Ж. Ж. «Суреттер арқылы болжау» әдісі. Топтар берілген суреттер (күн, бұлт, жаңбыр) арқылы нақ осы шақта сөйлем құрастырып айтады. Мысалы: Күн ашық, жаңбыр жауып тұр.
|
Рефлексия. Ж. «Күншуақ» әдісі арқылы оқушылар күн шашақтарына өз есімдерін жазып, тақтадағы күннің бейнесіне жабыстырады. Қызықты ақпараттар алдым- сары түс. Танымдық ақпараттар ала алмадым- көгілдір түс. |
|
|
5 |
4-тапсырма. ТЖ «Синквейн» әдісі арқылы топтар күн, ай, жер сөздеріне бес жолды өлең жазады. 1-жол: Тақырыптың атауы (зат есім). 2-жол: Тақырыпты сипаттайтын екі сөз (сын есім). 3-жол: Тақырып туралы қимылды білдіретін үш сөз (етістік). 4-жол: Тақырыпқа қатысты төрт сөзден тұратын сөз орамы. 5-жол: Тақырыптың мәнін ашатын синоним сөз. |
|
|
|