«Ұлы Дала табиғаты»,  «Ер есімі – ел есінде!»

«Ұлы Дала табиғаты»,  «Ер есімі – ел есінде!»

 

Оқу мақсаты

5.3.1.1 Мәтіндегі негізгі ақпаратты анықтау

5.4.5.1 Жазба жұмыстарында жалғаулардың ерекшелігін ескеріп, үндестік заңына сәйкес орфографиялық нормаға сай дұрыс жазу; сөйлем соңында қойылатын тыныс белгілерді орынды қолдану

 

Бағалау критерийі

 

 

 

 

Ойлау дағдыларының деңгейі

Білім алушы

·         Мәтіндегі маңызды ақпараттарды анықтайды

·         Жалғауларды орфографиялық нормаға сай қолданады

·         Сөйлем соңындағы тыныс белгілерді  қояды

 

Білу және түсіну

Қолдану

 

 

Орындау уақыты

15-20 минут

 

1-тапсырма

Мәтінді оқып, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз. 

 

            … Әлияның «Отан үшін алға!» ұраны нағыз ерліктің ұранындай болып кетті. «1944 жылдың қаңтар айында немістер бекініп алған Казачиха деревнясына шабуыл басталды. Кеңес жауынгерлері жауға қаһарлы түрде шүйлікті. Қашаннан бергі әдетінше, Әлия Молдағұлова өзінің жаужүрек жолдастарының алдыңғы қатарында болды.

            — Ура! Отан үшін! — деп ұрандаған Молдағұлова жауынгерлерді соңынан ертіп, алға ұмтылды. Оның дәл көздеген оғынан 8 неміс солдаты қаза тапты. Траншеяда кескілескен шайқас басталды. Немістер шыдай алмады. Молдағұлова ет қызуымен алға озып, неміс траншеяларына еніп кетті. Блиндаждан неміс офицері шыға келіп, қызды ұстап алды. Жекпе-жек басталды. Күш тең емес еді. Әлия фашистік хайуанның тырнағынан сытылып шықты да, неміс офицеріне автоматтан оқ жаудырды. Дәл сонымен қабаттаса мылтық дауысы естілді — фашист Әлия Молдағұлованың кеудесіне пистолетпен атып үлгерді» — деп жазылған марапат парағында. Өзінің жаны үзіліп бара жатқанда Әлия немістің жетпіс сегізінші солдатын атып үлгерген еді… Бұл 14 қаңтар күні болатын. Әлия 13 қаңтар күні Сапураға жазған ең соңғы хатын «Сәлем саған, Отаным!» деп бастапты… 

 

1.Мәтін мазмұнына сай берілген дұрыс ақпараттарды белгілеңіз.

 

Ақпараттар

+ дұрыс

—          бұрыс

Әлия неміс офицерімен айқаса кетті.

+

 

Неміс офицері Әлияға оқ жаудыра бастайды.

 

Әлия өлер алдында немістің солдатын атып түсіреді.

+

 

Әлия қаза болар алдында үш күн бұрын сіңлісіне  хат жазған екен.

 

 

 

2. Мәтіндегі 3 маңызды ақпаратты жазыңыз.

 

р/с

Маңызды ақпараттар

1

 

2

 

3

 

 

3. Мәтіннің негізгі тақырыбын анықтаңыз.

 

2-тапсырма

Мектебіңіздегі 9 мамыр мерекесінің тойлануы туралы мәтін құрап жазыңыз.

 

Бағалау  критерийі

№ тапсырма

Дескриптор

Балл

Білім алушы

Мәтіндегі маңызды ақпаратты анықтайды

 

1

мәтін мазмұнына сай 2  ақпаратты белгілейді;

1-ақпарат

2-ақпарат

 

 

1

1

мәтіндегі үш маңызды ақпаратты жазады;

1-ақпарат

2-ақпарат

3-ақпарат

 

 

1

1

1

негізгі тақырыпты анықтайды;

1

Жалғауларды орфографиялық нормаға сай қолданады

2

мәтін құрамында жалғауларды дұрыс қолданады;

 

1

 

 

Сөйлем соңындағы тыныс белгілерді  қолданады

сөйлем соңындағы лепті, сұраулы, хабарлы сөйлемдерге қатысты тыныс белгілерді дұрыс қояды.

1

Барлығы                                                                                                                 9

 

 

 

«Ұлы Дала табиғаты»,  «Ер есімі-ел есінде!»бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың

нәтижесіне қатысты ата-аналарға арналған ақпарат (рубрика)

 

            Білім алушының аты-жөні ________________________________

 

Бағалау критерийі

Оқу жетістігі деңгейі

Төмен

Орта

Жоғары

Мәтіндегі маңызды ақпаратты анықтайды

 

Мәтін мазмұнына сай  ақпараттарды белгілеуде,

мәтіндегі үш маңызды ақпаратты, негізгі тақырыпты анықтауда қиналады

Мәтін мазмұнына сайбірінші, екінші ақпараттарды белгілеуде,

мәтіндегі бірінші, екінші, үшінші маңызды ақпаратты,негізгі тақырыпты анықтауда қателіктер жібереді

 

Мәтін мазмұнына сай  ақпараттарды белгілейді,

мәтіндегі үш маңызды ақпаратты және

негізгі тақырыпты анықтайды

 

Жалғауларды орфографиялық нормаға сай қолданады

 

Мәтін құрамында жалғауларды қолдануда қиналады.

 

Мәтін құрамында жалғауларды қолдануда қателеседі

 

 


Мәтін құрамында жалғауларды дұрыс қолданады

 

Сөйлем соңындағы тыныс белгілерді  қолданады

Сөйлем соңындағы лепті, сұраулы, хабарлы сөйлемдерге  қатысты тыныс белгілерді қоюда қиналады

Сөйлем соңындағы лепті, сұраулы, хабарлы сөйлемдерге  қатысты тыныс белгілерді қоюда қателіктер жібереді

Лепті, сұраулы, хабарлы сөйлемдерге қатысты сөйлем соңындағы тыныс белгілерін дұрыс қояды

 

 

 

 

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *