Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілін оқып үйренеміз. Үш тілді білу – үлкен өнер

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілін оқып үйренеміз. Үш тілді білу – үлкен өнер»

 

Оқу мақсаты

7.1.2.1  Тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсіну, ақпараттың өзектілігін анықтау    

7.2.1.1 Мақал-мәтелдер, терминдер мен неологизмдерді орынды қолдана отырып, мәтін мазмұнын дамыту

 

Бағалау критерийі

Білім алушы

·         Негізгі ақпаратты анықтайды

·         Мақал-мәтелдер, терминдер мен неологизмдерді тиімді қолданады

·         Мәтіндегі оқиғаны дамытады

 

Ойлау дағдыларының Қолдану

деңгейі

 

Орындау уақыты                  15-20 минут

 

Тапсырма

Аудиомәтінді екі рет тыңдап, төмендегітапсырмаларды орындаңыз.

 

Үш тіл – заман талабы

            22 қыркүйек — ҚР халықтарының тілдері мерекесі. Әр халық өз тілінде сөйлеуге, оқуға құқығы бар. Әр азамат өзінің ана тілін біліп, сүюге, құрметтеуге міндетті. Сонымен қатар, әр адам өзге де тілді үйреніп, оларға да құрметпен қарап, өз кәдесіне жаратып жатса, «Жеті түрлі ілім біл, жеті жұрттың тілін біл» деп ата-бабаларымыз айтпақшы, нұр үстіне нұр болады. Сол себепті де біз бүгінгі шараны ана тілімізге және орыс тілі мен ағылшын тіліне арнаймыз.

            Біздің еліміз – көпұлтты мемлекет. Елімізде жүздеген ұлт өкілдері достық пен бейбітшілікте өмір сүруде. Бабалар аманаты — дәстүріміз бен туған тіліміздің аясы кеңейіп, әлемдік өркениетпен ұштастығын тауып жатыр. Соның бір кепілі — ел болып атап өтіп жатқан — тілдер мерекесі. Тіл қай ұлтта, қай елде болса да қастерлі, құдіретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. «Әр елдегі қазақ әр елдің тілін мықтап игерсе, ол — білім. Ол шетел тілінде сөйлесе — тіпті жақсы. Бірақ ана тілін тұншықтырып, көміп тастаса — ол кешірілмес күнә» деген Н. Ә. Назарбаевтың сөзін басшылыққа ала отырып, мектепте оқытылатын тілдерден жарыс өткіземіз.

             Жер шарында 900-ге жуық ұлт өмір сүреді. Қазір біздің планетамызда 5651 тіл бар, ол тілдерде миллиардтан астам адам сөйлейді. Өзінің тілін ана тілім деп атайтын бірден бір халық — қазақ. Өйткені, халқымыз Анасын қастерлеп, қадірлеген. Ең қасиетті, киелі нәрсені Анаға теңеген. Сөз мүшесінің саны жағынан алғанда қазақ тілі жер жүзіндегі 5651 тілдің арасында 70-орында.

 

1. Мәтіннің не туралыекенінанықтаңыз.

A. Тілтуралы

B.  Өнер-білімтуралы

C.  Еңбекқорлықтуралы

D. Адамгершіліктуралы

 

 

 

2 . Мәтінніңнегізгіидеясынтабыңыз.

A.     22 қыркүйек — ҚР халықтарының тілдері мерекесі.

B.     Біздің еліміз – көпұлтты мемлекет.

C.     Біздіңпланетамызда 5651 тіл бар.

D.     Туған тілді құрметтеп, қастерлеу керек.

 

3. Мәтінніңтүрінажыратыңыз.

A.      әңгіме

B.      сұхбат

C.      ертегі

D.      мақала

 

4. Мәтін бойынша дұрыс/бұрыс ақпаратты анықтаңыз.

(+ белгісімен белгілеңіз).

 

ақпараттар

дұрыс

бұрыс

1

Әрбір адам өз ана тілін сүюі, құрметтеуі тиіс.

 

 

2

Жер шарында 800-ге жуық ұлт өмір сүреді.

 

 

 

5. Төмендегі мақал-мәтелдерді қолданып, жұбыңызбен тіл туралы сөйлесіңіз.Жұбыңызға сұрақтар қойыңыз, жауап беріңіз.

·         Өнер алды – қызыл тіл.

·         Көп сөз —  күміс, аз сөз — алтын.

·         Ойнап сөйлесең де, ойлап сөйле.

 

6. Төмендегі сөйлемдерден терминдер мен неологизмдерді тауып, мағынасын ашыңыз. Олармен сөйлемдер құрастырыңыз.

·         Қазақстанда үштілділік білім беру жолдары жүзеге асырылуда.

·         Лексика – сөз мағынасын зерттейтін сала.

·         Ұлыбританияда тұратын 10 жасар Соня – полиглот қыз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бағалау  критерийі

№ тапсырма

Дескриптор

Балл

 

Білім алушы

 

Негізгі ақпаратты анықтайды.

 

 

1-4

мәтіннің не туралыекенінанықтайды;

1

 

мәтіннің негізгі идеясын табады;

1

 

мәтіннің түрін ажыратады;

1

 

мәтін бойынша дұрыс/бұрыс ақпараттарды анықтайды;

1

 

Мақал-мәтелдер, терминдер мен неологизмдерді тиімді қолданады.

Мәтіндегі  оқиғаны дамытады.

 

 

5-6

мақал-мәтелдерді қолданып, диалог құрастырады;

1

 

 

тақырып бойынша сұрақтар қойып, жауап береді;

1

 

сөйлемдерден термин мен неологизмдерді тауып, мағынасын ашады;

1

 

 

термин және  неологизмдерменсөйлемдер құрастырады.

1

 

Барлығы

8

 

           

 

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілін оқып үйренеміз. Үш тілді білу – үлкен өнер»бөлімдері бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға арналған ақпарат (рубрика)

 

Білім алушының аты-жөні ________________________________________________

 

Бағалау критерийі

Оқу жетістігі деңгейі

Төмен

Орта

Жоғары

Тыңдалған мәтін мазмұнын түсінеді

Негізгі ақпаратты анықтайды

 

Мәтіннің не туралы екенін анықтауда, негізгі идеясын табуда қиналады.

Мәтіннің түрін ажырату мен мәтін бойынша дұрыс не бұрыс ақпараттарды анықтауда қиналады

 

Мәтіннің не туралы екенін анықтау мен негізгі идеясын табуда қателеседі.

Мәтіннің түрін ажырату мен мәтін бойынша дұрыс не бұрыс ақпараттарды анықтауда қателеседі

Мәтіннің не туралы екенін анықтайды, негізгі идеясын табады.

Мәтіннің түрін ажыратады, мәтін бойынша дұрыс/бұрыс ақпараттарды анықтайды

Мақал-мәтелдер, терминдер мен неологизмдерді тиімді қолданады

 

Мақал-мәтелдерді қолданып, диалог құрастыруда, термин және  неологизмдермен сөйлемдер құрауда қиналады

 

 


Мақал-мәтелдерді қолданып, диалог құрастыруда,

термин және  неологизмдермен сөйлемдер құрауда қателеседі

Мақал-мәтелдерді қолданып, диалог құрастырады.

Термин және  неологизмдермен сөйлемдер құрайды

 

Мәтіндегі  оқиғаны дамытады

Тақырып бойынша сұрақтар қойып, жауап беруде және

сөйлемдерден термин мен неологизмдерді тауып, мағынасын ашуда қиналады

 

Тақырып бойынша сұрақтар қойып, жауап беруде және

сөйлемдерден термин мен неологизмдерді тауып, мағынасын ашуда қателіктер жібереді

 

Тақырып бойынша сұрақтар қойып, жауап береді.

Сөйлемдерден термин мен неологизмдерді тауып, мағынасын ашады

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *