«Уақыт – ұлы күш», «Жердегі климаттық өзгерістер»

«Уақыт – ұлы күш», «Жердегі климаттық өзгерістер»

Оқу мақсаты

7.3.2.1 ресми-іскерлік (ұсыныстар) салаға қатысты мәтіндердің тілдік ерекшелігін анықтап, талдау жасау

7.4.4.1. Тақырып бойынша мәліметтерді жинақтап, презентация түрінде ұсыну

7.5.1.2Салыстырмалы, күшейтпелі, асырмалы шырайлардың қызметін білу, жазба, ауызша жұмыстарда қолдану

 

Бағалау критерийі

Білім алушы

·         Мәтіндердің тілдік ерекшелігін анықтап, талдау жасайды

·         Тақырып бойынша мәліметтер жинақтайды, презентация жасайды

·         Салыстырмалы, күшейтпелі, асырмалы шырайларды жазба, ауызша жұмыстарда қолданады

Ойлау дағдыларының

деңгейі                                        Қолдану

                                                     Жоғары деңгей дағдылары

 

Орындау уақыты                      15-20 минут

 

1-тапсырма

Ұсыныс түрінде берілген мәтінді түсініп оқып, тілдік ерекшелігін анықтаңыз, талдау жасаңыз.

 

Бос уақытта қандай іспен айналысса болады?

            Көпшілік бос уақытын қалай өткізуді білмей, кейде «Менің мүлдем бос уақытым жоқ» дейді. «Немен айналысуға болады?» деген сұраққа психологтер: «Өзіңізге ұнайтын ермек іс (хобби) тауып алыңыз», — деп кеңес береді. Олар тек уақытты пайдалы өткізуге ғана емес, денсаулыққа да оң әсерін тигізеді. Олай болса, бос уақытта қандай  іспен айналысса болады?

·         Қолөнер. Көңілсіздіктен арылтатын іс – тоқыма тоқу. Тоқыма тоқыған кезде өзіңізді жайлы әрі жеңіл сезінесіз. Сондай-ақ, кесте тігу, сурет салу, экибана жасау, бисер тоқу, т.с.с. қолөнермен айналысуға болады.

·         Гүл өсіру. Жер үйде тұратын көп адамдар бос уақытын бау-бақшада өткізеді. Ал көп қабатты үйде балконда шағын бау-бақша жасауға болады. Кішкентай гүл ыдыстарына қалаған үй өсімдіктерін егіп, оны күтіп-баптауға кірісіңіз.

·         Коллекция жинау. Өзіңізге қызықты дүниелерді жинастырыңыз. Олар: әдеби кітаптар, күйтабақтар, базарлықтар, пошта маркалары, ыдыс-аяқтар, жұмсақ ойыншықтар, т.б.

·         Үй жануарын асыраңыз. Олар: аквариумдағы балықтар, мысықтар, кішкентай иттер, тасбақа т.б. Үй жануарыңызға күтім көрсетіңіз.

·         Блог жүргізіңіз. Ғаламтор беттеріндегі ақпараттық-танымдық порталдарға тіркеліп, блог жүргізіңіз. Өзіңіздің басыңыздан өткен қызықты оқиғаларды, ойларыңызды жазып, өзгелердің пікірін оқыңыз. Әртүрлі форумдарда өзгелермен өз ойыңызбен бөлісіңіз.

·         Спортпен шұғылданыңыз. Фитнесс-клубтары мен спорт залдарына барып, би, жүзу, йога, аэробикаға жазылыңыз. Достарыңызбен жиылып, спорт алаңына барып, бадминтон, волейбол, баскетбол ойнаңыз. Шеңбер айналдырып, жаттығулар жасаңыз.

 

 

2-тапсырма

Д.Дефоның «Робинзон Крузо» шығармасы бойынша мәліметтерді жинақтап, «Робинзонның 1 күні» тақырыбында презентация жасаңыз. Шырай түрлерін (салыстырмалы, күшейтпелі, асырмалы) қолданыңыз.

 

 

 

Бағалау  критерийі

№ тапсырма

Дескриптор

Балл

Білім алушы

Мәтіндердің тілдік ерекшелігін анықтап, талдау жасайды

 

 

 

1

ұсыныс түрінде берілген мәтіндізерделейді;

 

1

тілдік ерекшелігін анықтайды;

1

 

талдау жасайды;

1

 

Тақырып бойынша мәліметтер жинақтайды.

Презентация жасайды.

 

 

 

 

2

 

«Робинзон Крузо» романынан мәліметтерді жинақтайды;

1

 

тақырып бойынша презентация дайындайды;

1

 

презентация талаптарын толық сақтайды;

1

 

Салыстырмалы, күшейтпелі, асырмалы шырайларды жазба, ауызша жұмыстарда қолданады.

салыстырмалы, күшейтпелі, асырмалы шырайларды жазба, ауызша жұмыстарда тиімді қолданады.

 

 

1

 

Барлығы

7

 

 

«Уақыт – ұлы күш», «Жердегі климаттық өзгерістер»бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика

Білім алушының аты-жөні ________________________________________________

 

Бағалау критерийі

Оқу жетістігі деңгейі

Төмен

Орта

Жоғары

Мәтіндердің тілдік ерекшелігін анықтап, талдау жасайды

 

Ұсыныс түрінде берілген мәтіндізерделеуде,

тілдік ерекшелігін анықтауда,

талдау жасауда қиналады

Ұсыныс түрінде берілген мәтіндізерделеуде,

тілдік ерекшелігін анықтауда,

талдау жасауда қателеседі

Ұсыныс түрінде берілген мәтіндізерделейді,

тілдік ерекшелігін анықтайды,

талдау жасайды

 

Тақырып бойынша мәліметтер жинақтайды.

Презентация жасайды.

«Робинзон Крузосы» романынан мәліметтерді жинақтау мен тақырып бойынша презентация дайындауда, презентация талаптарын сақтауда қиналады

 

 


«Робинзон Крузосы» романынан мәліметтерді жинақтау мен тақырып бойынша презентация дайындауда, презентация талаптарын сақтауда қателеседі

 

 


«Робинзон Крузосы» романы-нан мәліметтерді жинақтайды, тақырып бойынша презентация дайындайды, презентация талаптарын толық сақтайды

 

Салыстырмалы, күшейтпелі, асырмалы шырайларды жазба, ауызша жұмыстарда қолданады.

Салыстырмалы, күшейтпелі, асырмалы шырайларды жазба, ауызша жұмыстарда қолдануда қиналады

 

Салыстырмалы, күшейтпелі, асырмалы шырайларды жазба, ауызша жұмыстарда қолдануда қателіктер жібереді

 

Салыстырмалы, күшейтпелі, асырмалы шырайларды жазба, ауызша жұмыстарда тиімді қолданады

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *