Су – тіршілік көзі», «Әлемдегі ірі кітапханалар

«Су – тіршілік көзі», «Әлемдегі ірі кітапханалар»

 

Оқу мақсаты

 

5.3.3.1 Фольклорлық және шағын көлемді көркем әдеби шығармаларды түсіну, тақырыбын анықтау

5.4.5.1.Жазба жұмыстарында жалғаулардың ерекшелігін ескеріп, үндестік заңына сәйкес орфографиялық нормаға сай дұрыс жазу; сөйлем соңында қойылатын тыныс белгілерді орынды қолдану

 

Бағалау критерийі

 

 

 

 

Ойлау дағдыларының деңгейі

Білім алушы

·         Әдеби мәтіннің тақырыбын анықтайды

·         Орфографиялық норманы сақтайды, тыныс белгілерін орынды қолданады

 

Білу және түсіну

 

 

Орындау уақаты

 

15-20 минут

 

1-тапсырма

Мәтінді мұқият оқып, мәтін мазмұнына сай берілген дұрыс ақпараттарды ажыратыңыз.

 

            Бұрынғы заманда малға өте бай бір ел болыпты. Бұл жердің тұрғындарының: «Біздің отбасымыз бен малымызды қорғайтын батырымыз болса екен», — деген жалғыз  армандары болыпты.

            Күндердің күнінде бір отбасында алып бала дүниеге келеді. Ел-жұрт жиналып, үлкен той жасайды. Балаға Толағай деп ат қояды.Сол нәресте жыл сайын емес, күн сайын ержете бастайды. Бір жылы жаңбыр жаумай, шөп шықпай, малдар қырыла бастайды. Халықтың басына түскен қиындықты уайымдаған Толағай Дана деген ақсақалға барып, ақыл сұрапты. Сонда қарт айтқан екен:

            – Толағай, біздің жерімізде тау жоқ, бұлт келмейді.Сондықтан жаңбыр жаумайды,- дейді.

Толағай:

            – Ата, сіз рұқсат етсеңіз, бір жерден тау арқалап алып келсем бола ма? – дейді.

Қарт Толағайға риза болып, рұқсатын береді.

            Арада ай өтеді, жыл өтеді. Бір күні Толағай Тарбағатай тауына  жетіп, төменде орналасқан кішірек тауды арқасына салып алады.Арада біраз уақыт өткен соң, Толағай әлсірей бастайды.Ауылына жақындап қалғанда тізесі бүгіліп, құлап түседі. Еліне жаңбыр сыйлаған батыр осылай таудың астында мәңгі ұйқыға кетеді.

            Содан беріол тауды ел «Толағай» деп атап кетіпті. Жаңбыр жауған сайын жұрт Толағайды есіне алады екен.

 

 

Ақпараттар

+ дұрыс

—          — бұрыс

Дәулетті елді мекендеушілердің  бір ғана арманы болған екен.

+

 

Елінің жағдайын ойлаған Толағай анасынан ақыл сұрапты.

 

Қарттың айтуынша, бұл аймақта биік таулар болмағандықтан, жауын жаумайды.

+

 

Толағай Тарбағатайдың етегінде орналасқан тауға бір айда жетеді.

 

Толағай  тауды ауылына жеткізе алмай қалады.

 

 

2-тапсырма

Мәтіннің негізгі тақырыбын анықтаңыз.

  _______________________________________________

 

3-тапсырма

Мәтіндегі тірек сөздерді табыңыз.

 

Мәтіндегі тірек сөздер (5 сөз)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

4-тапсырма

Тірек сөздерді қатыстыра отырып, «Судың адам өміріндегі маңызы» тақырыбында шағын мәтін жазыңыз. Тыныс белгі мен орфографиялық нормаға сай жазуға тырысыңыз.

 

 

Бағалау  критерийі

№ тапсырма

Дескриптор

Балл

Білім алушы

Әдеби мәтіннің тақырыбын анықтайды

 

1-2

мәтін мазмұнына қатысты 2 дұрыс ақпаратты белгілейді;

1-ақпарат

2-ақпарат

 

 

1

1

Орфографиялық норманы сақтайды, тыныс белгілерін орынды қолданады.

 

3

негізгі тақырыпты анықтайды;

1

мәтіндегі  бес тірек сөзді табады;

1 тірек сөз

2 тірек сөз

3 тірек сөз

4 тірек сөз

5 тірек сөз

 

1

1

1

1

1

4

тірек сөздерді қатыстырып, шағын мәтін жазады;

тыныс белгісін дұрыс қояды;

орфографиялық нормаға сай жазады.

1

1

1

1

Барлығы                                                                                                                               12

 

 

 

 

 

 

 

«Су-тіршілік көзі»,«Әлемдегі ірі кітапханалар» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға арналған ақпарат (рубрика)

 

            Білім алушының аты-жөні ________________________________________________

 

Бағалау критерийі

Оқу жетістігі деңгейі

Төмен

Орта

Жоғары

Әдеби мәтіннің тақырыбын анықтайды

 

 

Мәтінге сай  2  ақпаратты анықтауда қиналады

Білім алушының аты-жөні: ________________________________________________

 

 

Білім алушының аты-жөні: ________________________________________________

 

 

Мәтін мазмұнына қатысты бірінші, екінші ақпаратты белгілеуде қателік жібереді

 

Мәтінге сай   2 ақпаратты  анықтайды

Білім алушының аты-жөні: ________________________________________________

 

 

Орфографиялық норманы сақтайды, тыныс белгілерін орынды қолданады.

 

Мәтіндегі  бес тірек сөзді табуда,

берілген сұрақтарға  мазмұн бойынша жауап беруде,

Білім алушының аты-жөні: ________________________________________________

 

 

негізгі тақырыпты анықтауда қиналады

Мәтіндегі  бес тірек (бірінші, екінші, үшінші, төртінші, бесінші) сөзді табуда,

берілген сұрақтарға  мазмұн бойынша жауап беруде,

Білім алушының аты-жөні: ________________________________________________

 

 

негізгі тақырыпты анықтауда қателіктер жібереді

Мәтіндегі  бес тірек сөзді табады,берілген сұрақтарға  мазмұн бойынша жауап береді,негізгі тақырыпты  анықтайды

Білім алушының аты-жөні: ________________________________________________

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *