Қысқа мерзімді жоспар |
||||||
Пән: Қазақ тілі Т2 |
Бөлім: І Жанды табиғат |
|||||
Күні : |
Педагогтің аты-жөні: |
|||||
Сынып: 3 |
Қатысқан оқушылар: Қатыспаған оқушылар : |
|||||
Сабақтың тақырыбы: Бұл — малдың төлі. |
||||||
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаттары |
3.1.2.1 — баяу және анық айтылған жиі қолданылатын сөздер мен сөз тіркестерінен құралған шағын мәтіндердегі сөйлемдердің мазмұнын түсіну 3.2.1.1 — берілген тақырыпқа қатысты сөздерді табу және сөйлеу барысында қолдану |
|||||
Сабақтың мақсаты: |
Барлық оқушылар: баяу және анық айтылған жиі қолданылатын сөздер және сөз тіркестерінен құралған шағын мәтіндердегі сөйлемдердің мазмұнын түсінеді. Оқушылардың көпшілігі: баяу және анық айтылған жиі қолданылатын сөздер және сөз тіркестерінен құралған шағын мәтіндердегі сөйлемдердің мазмұнын түсінеді, берілген сөздерді дұрыс жіктейді. Оқушылардың кейбірі: баяу және анық айтылған жиі қолданылатын сөздер және сөз тіркестерінен құралған шағын мәтіндердегі сөйлемдердің мазмұнын түсінеді, берілген сөздерді дұрыс жіктейді,жоспар (сурет, сызба түрінде) және тірек сөздер негізінде оқиға желісін сақтай отырып мазмұндайды, |
|||||
Құндылықтарды дарыту: |
Тарих,мәдениет және тілдің ортақтығы бөлімі-оқушылардың бойына қазақ халқының тілін,салт-дәстүрін,мәдениетін дарыту. |
|||||
Сабақтың барысы |
||||||
Сабақтың кезеңі/уақыт |
Педагогтің әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Бағалау |
Ресурстар |
||
Сабақтың басы (5 минут) |
Үй тапсырмасын тексеруСабақ мақсатымен таныстыру |
Сабақтың тақырыбын, мазмұнын суреттер арқылы болжайды. |
Қолпаштау
|
Суреттер |
||
Сабақтың ортасы (6-37 минут)
|
1.Сөздікпен жұмыс. Құлын-жеребёнок Бота- верблюжонок Бұзау- телёнок Қозы- ягнёнок Лақ- козлёнок Төлі- дитёныш Кім?- Кто? Не?- Что?
Жаңа сөздермен таныстырады, оқушыларға қайталатады.
2. Оқылым.Айтылым Оқы, қайтала, дұрыс айт.
3.Тыңдалым 1-тапсырма -Сен төрт түлік малды білесің бе? -Иә, білемін. -Атап шықшы. -Олар: түйе, жылқы, сиыр, қой мен ешкі. -Түйенің төлі не? -Түйенің төлі –бота. -Сиырдың төлі не? -Сиырдың төлі –бұзау. -Қойдың төлі не? -Қойдың төлі –қозы. -Жылқының төлі не? -Жылқының төлі –құлын. -Ешкінің төлі не? -Ешкінің төлі –лақ.
4. 2 – тапсырма. Көп нүктенің орнына керекті қосымшаны жалғап жаз.Тәуелдік жалғауларды еске түсіру.
Сергіту сәті
5.3–тапсырма Мәтін мазмұнымен танысады. Мәтін мазмұны бойынша 3-4 сұрақ құрастырады Біз малдың төлдерін жақсы көреміз. Маған құлын ұнайды. Ал ағама бота ұнайды. Қарындасым қозыны жақсы көреді. Ініме бұзау мен лақ ұнайды. Төлдер әдемі, сүйкімді. Олар шөп жейді, ойнайды.
6. 6-тапсырма «Кім жылдам?» ойыны |
Тыңдалым,айтылым.
Тыңдалым,айтылым. Малдардың төлдерінің атауларын дұрыс оқып, айтады. Үлгі: Мынау-қозы. Ол –кішкентай. Мынау – құлын. Ол- сүйкімді. Мәтінді тыңдайды. Әр оқушы өздігінен тапсырманы орындайды да, көршісіне суретті пайдаланып, малдардың төлдерін көрсетеді және атайды. Бірі –сөйлейді, екіншісі- тыңдайды. Содан кейін рөлдерімен ауысады
Жазылым. Көп нүктенің орнына керекті қосымшаны жалғап жазады. Үлгі: Ешкінің лағы. Ешкінің лағы тастан секірді.
Сергіту сәтін орындайды.
Оқылым. Айтылым. Үлгі: Әлібекке не ұнайды? Ол ненің төлі? Ол не істейді?
Суреттерге қарап: «Бұл-ненің төлі?»- сұрағына жауап береді. |
«Бас бармақ»
Дескриптор: — малдардың төлдерінің атауларын дұрыс оқып, айтады.
Өзара бағалау Дескриптор: Тыңдаған мәтіннің мазмұнын еске алып, суреттерді сөзбен айналдырып жазады. Сөйлем құрылымын сақтайды.
Өзара бағалау: «Өте жақсы», «Жақсы», «Талпын»
Дескриптор: —Мәтін мазмұны бойынша сұрақтар құрастырады (3-5 сұрақ). -Сұрақтарға жауап береді.
«Бас бармақ»
|
Оқулық 14 бет сөздік
Оқулық 14 бет
Оқулық 15 бет
|
||
Сабақтың соңы 3 минут |
Үй тапсырмасын беру :15 б. 5-тапсырма (жазбаша), сандықшаны жаттау |
|
||||
Кері байланыс «Бағдаршам» әдісі Қызыл- мүлдем түсінбедім Сары— жартылай түсіндім Жасыл-толық түсінікті |
Оқушылар сабақта алған білімдерін бағдаршамның түстері арқылы түсінгенін білдіреді |
|||||
Бағалау |
Мұғалім формативті бағалауы бойынша қорытынды балын қояды. |
|||||