ӘОЖ 016:39
Бөлеев Қалдыбек
педагогика ғылымдарының докторы, Ш.Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтының профессоры
Болеева Лаззат Калдыбековна
педагогика ғылымдарының кандидаты,
М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің доценті
ШЕТЕЛДІК ҒАЛЫМДАРДЫҢ ХАЛЫҚТЫҚ БІЛІМДЕРДІ
ЗЕРТТЕУ ЖАЙЫНАН
Аңдатпа. Мақалада шетелдік ғалымдардың халықтық білімдерді зерттеу жайы олардың еңбектеріне ретроспективті талдау жасау арқылы мазмұндалған.
Түйінді сөздер: халықтық білімдер, табиғат, халықтық астрономия, халықтық география, халықтық медицина, халықтық метеорология, халықтық агрономия, ретрология, қазақ ретрологиясы.
Әлем халықтарының рухани мәдениетінің құрамдас бөлігі олардың халықтық білімдері. Ал халықтық білімдер деп халықтардың қазіргі дамыған ғылымға дейінгі табиғат туралы түсініктері мен тәжірибелерінің жиынтығын айтамыз. Мұндағы «табиғат» ұғымына Жер, ауа, су, топырақ, ондағы Қазба байлықтар, Күн, Ай, жұлдыздар, аспан, табиғи құбылыстар, уақыт пен кеңістік, өлшемдер, төрт түлік мал, өсімдіктер, құстар, түрлі жәндіктер жататыны белгілі. Халықтық білімдер халықтардың даму тарихына, орналасуына және ондағы табиғат ерекшеліктеріне байланысты уақыт өтуіне қарай дамып, жинақталыну және жүйелену нәтижесінде пайда болған.
Халықтық білімдері жинастыру, оларды жүйелеп зерттеумен әр түрлі ғылым салаларының өкілдері: философтар, заңгерлер, филологтар, тарихшылар, дәрігерлер, биологтар, математиктер, астрономдар, географтар, экологтар, метеорологтар, т.б. айналысып, олар туралы түрлі пікірлер айтылған. Дегенмен осы уақытқа дейін әлем халықтарының халықтық білімдерін жүйелі зерттеу проблемасы дұрыс ғылыми жолға қойылмаған, оларды зерттейтін белгілі бір ғылым саласы әлі жоқ. Біздіңше дүниежүзіндегі халықтардың халықтық білімдерді зерттейтін ғылым саласын ретрология деп атау керек. Өйткені «ретрология» термині латын сөзі retro – кері, өткен, бұрынғы, байырғы, ежелгі, ал logos – грек сөзі, ұғым немесе ілім деген мағыналарды білдіреді. Сонда ретрология – өткендегі, бұрынғы, байырғы, ежелгі ілім, ғылым деген түсінікті береді. Осы жерде мынадай бір мәселеге көңіл аударалық: өткен ғасырдың 80-шы жылдары әлемдік ғылымда жаңа «футурология» ғылымы пайда болды. Мұндағы «futr» — латын сөзі, болашақ, logos – ұғым, ілім, сонымен футурология – болашақ туралы ілім, яғни ол болашақ туралы ғылым деп аталып, әлемдік ғылымда өз орнын, статусын алды. Сонда футурология — болашақ туралы ғылым болса, неге ретрология – өткеншақ туралы ғылым болмасқа? Сонымен, ретрология – әлем халықтардың өткеншақтағы байырғы халықтық білімдерін зерттейтін жаңа ғылым саласы болып саналуы керек.
Қолда бар мәліметтерге сүйене отырып орыс,өзбек,тәжік,қырғыз және қазақ халықтарының халықтық білімдерінің зерттелу жайынан қысқаша болсада мәлімет беруді жөн көрдік.
Орыс халқының халықытық білімдері туралы 1991 жылы Мәскеудегі «Мысль» баспасынан шыққан «Народные знания» атты еңбекте орыс халқының ауыз әдебиеті мен өнеріндегі: математика, физика, химия, медицина, астрономия, экология туралы ғылым салаларының іздері кездесетіні айтылады[1]. Ғалым-астрономдар А.А. Иванов өзінің «История развития астрономических мировозрений народов с первых веков до настоящего времени», С.И. Селешников «История календаря и хронология» атты еңбектерінде көптеген халықтардың әр замандағы астрономиялық дүниетанымдары мен халықтық астрономиясы, ал Б.А. Рыбаковтың «Русские меры длины XI-XV вв.» еңбегінде орыстардың сол мерзімдегі ұзындық сипаттаған. Метеоролог С.Н. Жарковтың «Народные приметы и предсказания погоды» атты еңбегінде ауа райы туралы халықтың түсініктері, олардың типтері, ауа райының жергілікті ғылыми белгілерімен қатар жел, ылғал, ауаның қысымы, дыбыстық құбылыстар, бұлт, жаңбыр, оптикалық құбылыстар, жылу құбылыстары, атмосферадағы кейбір физикалық құбылыстар туралы халықтық білімдері, ал Е.И. Крутелёвтің «Народный календарь погоды» еңбегінде жыл мезгілінің әр айындағы ауа райының халықтық түсініктері: халықтық агрономия, өсімдіктер, жан-жануарлар, құстар мен құмырысқаларды ауа райын болжаушылар ретінде көрсетеді [2].
Тәжік халқының халықтық білімдері олардың басты шаруашылығы егін және тұрмыстық салт-дәстүрлеріне байланысты жинақталған.Мысалы, М.Р. Рахимовтың «Земледелие таджиков бассейна р.Хингору в дореволюционный период» атты еңбегінде тәжік халқының егіншілікке байланысты жер өңдеу,түрлі өсімдіктер өсіру,оларды күту мен жинау мезгілдері туралы халықтық білімдері айтылған [3]. Ал өзбек ғалымдары да егіншілік туралы халықтық білімдерді, әсіресе өз жерінен шыққан ұлы ойшылдар Әбу Райхан Беруни, әл-Кинди, Ибн Сина, Ибн-Исхақ, Насир Хосрау, Насир ад-Дин ат-Туси, Омар Хайям, Әлішер Науаи әл-Хорезми, Ибн Муса, т.б. табиғат туралы ілімдерін зерттеп, көптеген еңбектер шығарған. Мысалы, академик Қары-Ниязов «Астрономическая школа Улугбека», Г.П. Матвиевская «Учение о числе на средневеком Ближнем и Среднем Востоке», Х.Тллашев «Математические и астрономические рукописи учёных Средней Азии X-XVIII вв.», С.Х. Сирождинов «Абу Райхан Беруни и его математические труды», «Ал-Хорезми выдающийся математик и астроном средневековья», Д.Ш. Шамсидинов «Омар Хайям о природе общих понятий», А.Шарипов «Великий мыслитель Абу Райхан Беруни», т.б. [4]. Бұл еңбектерде ұлы ойшылдардың халықтық білімдерді зерттегені туралы мәліметтер де бар.
Қарғыз ғалымдары қырғыз халқының халықтық білімдерін жинастырып,зерттеуді біршама болса да жолға қойған. Мысалы, академиктер Д.Аймамбетовтің, М.Т. Айтбаевтың, А.Байбосыновтың, т.б. зерттеулері соған дәлел бола алады. 1959 жылы Қырғыз Ғылым Академиясының Хабаршысында М.Т.Айтбаевтың «Народные знания киргизов XIX — начала XX вв.» атты мақаласында қырғыз халқының сол мерзімдегі халықтық білімдерінің мазмұны, ал 1993 жылы шыққан Д.А. Аймамбетовтің «Культура киргизского народа во второй половине XIX в начале XX вв.» атты еңбегінде қырғыз халқының халықтық білімдерінің қырғыз мәдениетінің жетістігі ретінде көрсетілген [5]. Қырғыз халқының хылықтық білімдерін кеңінен жан-жақты зерттелген ғалым А.Байбосыновтың «Донаучные предстовления киргизов о природе» атты 1990 жылы шыққан монографиялық жұмысын айрықша атауға тұрарлық нағыз ғылыми еңбек [6]. Онда тұңғыш рет қырғыз халқының ғасырлар бойы қалыптасқан табиғат туралы әрқилы білімдері жүйеленген. Сондай-ақ қырғыздардың астрономия, биология, физика, химия, география және экология туралы халықтық білімдері қазіргі дамыған ғалымдардың бастамасы мен көзі деп қорытындылаған.
Биолог-ғалым А.Байбосыновтың еңбегі кіріспеден, бес тараудан қорытынды мен әдебиеттер тізімінен тұрады. Кіріспеде қырғыз халқының табиғат туралы білімдері халықтың рухани мәдениетін қалыптастырушы екендігі негізделген. Еңбектің бірінші тарауы «Физика және математика заңдары бойынша» деп аталып, онда физикалық құбылыстар танымдық қызметтің элементі ретінде, әртүрлі өлшем бірліктері мен санау туралы қырғыз халқының халықтық білімдері; екінші “Астрономия және астрология” атты тарауда қырғыздардың календарь және уақыт, әлем туралы түсініктері, адамдардың өміріне жұлдыздардың ықпалы туралы баяндалған. Үшінші “Жер және оның құпиялары” атты тарауда жердің құрылысы, жерсілкіну, халықтың геологиялық түсініктері, қазбабайлық пен таукен ісі және заттардың қасиеттері мен өзараалмасуы туралы, “Табиғат және қырғыздардың өмір сүруі” атты төртінші тарауда қырғыз халқының ботаникалық танымы, практикалық орнитологиясы, халықтың ауызша шығармашылығындағы адам мен табиғат, ауа райы мен оны болжау туралы түсініктері сөз болған; бесінші тарау “Ақындар шығармашылығындағы табиғат құбылыстары“ деп аталып, онда Тоқтағұл, Тоғолок Моллоның өмірі, олардың табиғат және адам туралы көзқарастары, Барпы ақынның Күннің Жердегі өмір үшін маңызы туралы, Жеңижоқ ақынның табиғаттағы тепе-теңдік туралы жырларына талдау жасалынған. Қорытындыда қырғыз халқының мәдениеті, оның дамуы, ондағы қырғыздардың халықтың білімдерінің алатын орны, қырғыз ақындарының табиғат туралы білімдерінің этикалық және эстетикалық маңызына баға берген.
Қазақ халқының халықтық білімдерін жинастыру, жүйелеу және зерттеумен шетелдік саяхатшылар мен оқымыстылар және ғалымдар айналысқанын олардың әр кезеңдерде шығарған еңбектерінен көруге болады. Мысалы, қазақ жерінің табиғатын зерттеумен П.П. Семенов-Тянь-Шанский, Н.А. Северцов, И.В. Мушкетов, Л.С. Берг, А.Н. Сидельников, В.В. Сапожников, т.б. айналысқанын академик Ә.С. Бейсенованың “Исследование природы Казахстана”, «Физико-географические исследования Казахстана», “Қазақстан табиғатын зерттеу және физикалық география идеяларының дамуы” атты еңбектерінде, қазақтардың халықтың географиялық түсініктері, оларды аталған ғалымдардың зерттегені туралы да мәліметтер берілген [7].
Орыс ғалымдары А.Васильев “Народные способы и средства, употребляемые при лечении болезней киргизов”, А.А. Диваев “Киргизские болезни и способы их лечения”, “Киргизская медицина”, М. Розенгард “Взгляд народа на медицину”, И.Н. Чернобаев “Об истоках казахской народной медицины”, С.Яроцский “Народная киргизская медицина” атты мақалаларында қазақтың халықтық медицинасы бойынша нақты көзқарастарын білдірген [2].
Қазақтың халықтық астрономиялық туралы орыс оқымыстылары көптеген мақалалар шығарған. Мысалы, Ф.С. Захарова «Двенадцатилетний животный цикл у народов Центральной Азии», Б.А. Куфтин «Календарь и первобытная астрономия киргиз-казахского народа», П.П. Мариковский «О дверних асрономических сооружениях на территории Казахстрана», М.Павловский «Астрономические и метеорологическия знания киргиз-кайсаков», А.А. Самойлович «Об изменениях в двенадцатилетнем животном цикле у турецких народов», М.А. Терентьев «О мусульманском летоисчислении», мұсылмандық өлшемдер мен салмақ туралы Х.Хинц «Мусульманские меры и весы с переводом в метрические системы», еңбектерін атауға болады. Оларға біршама талдау М.Искаковтың «Халық календары» және Х.Әбішевтің «Халық астрономия» еңбектерінде берілген [8].
Дүниежүзінде әр халықтың тарихи даму, географиялық орналасу және табиғи жағдайларындағы ерекшеліктерді ескерсек, онда олардың халықтық білімдерінің де мазмұны әр түрлі болатыны заңдылық. Мысалы, қазақ халқының халықтық білімдерінің мазмұны басқа халықтармен салыстырғанда өзгеше, әрі өте мол. Өкінішке орай, оларды жинастыру және жүйелеу мәселесі әлі де болса ғылыми тұрғыда қолға алынбай келеді. Сондықтан елімізде ретрология ғылым дамымай отыр. Біздінше ол ғылымды қазақ ретрологиясы деп атап, оны жаңа ғылым саласы ретінде санау қажет. Өйткені қазақ ретрологиясы – қазақ халқының табиғат туралы сан ғасырлық тәжірибесін жинастыратын және жүйелейтін әлемдік ғылымдағы ең жаңа ғылым саласы. Егер қазақ ретрологиясы ғылымының мазмұнын осылайша жасасақ, онда халқымыздың әлемдік ғылымға қосқан үлесі анықталар еді.
Сонымен, шетелдік ғалымдардың халықтық білімдерді зерттеу бойынша еңбектері кәзіргі дамыған әлемдік ғалымдардың бастамасы, көзі және негізі деуге болады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. Народные Знания. Фолькор. Народное Искусство. — М. Мысль, 1991.
2. Бөлеев Қ. Қазақ ретрологиясы (Халықтық білімдер жүйесі). Библиографиялық көрсеткіш (1832-2020). — Тараз: ХТИИ баспаханасы, 2021. — 37 б.
3. Рахимов М.Р. Земледелие таджиков басейна Р.Хангору в дореволюционный период. — Сталинабад, 1957.
4. Из истории точных наук на средневековом ближнем и среднем Востоке. Под ред. С. Сирождинова. — Ташкент: Фан, 1972.
5. Айтбаев М.Т. Народные знания киргизов ХІХ-ХХ вв. // Известия АН Киргизской ССР. Т.1. Вып.1. — Фрунзе, 1959. — с. 63-67; Д.Айтмамбетов. Культура киргизского народа во второй половине ХІХ в начале ХХ вв. — Фрунзе, 1983.
6. Байбосынова А. Донаучные представления киргизов о природе. – Фрунзе: Мектеп, 1990. – 184 с.
7. Бейсенова Ә.С. Исследование природы Казахстана. – Алма-ата: Казахстан, 1979; Физико-географические исследования Казахстана. – Алма-Ата: Казахстан, 1983; Қазақстанның табиғатын зерттеу және физикалық география идеяларының дамуы. – Алматы: Рауан, 1990.
8. Исқақов М. Халық календары. – Алматы: Қазмембаспа, 1963; Х.Әбішев. Халық астрономиясы. – Алматы: Казмембаспа, 1959.