ФЕОДАЛИЗМ Жер өндіріс құрал-жабдықтары, басыбайлы шаруалар түгелдей бір феодалдардың меншігі саналатын және оларға өз жерінде мемлекет билігін жүргізуіне құқық беруге негізделген капитализм алдындағы қоғамдық құрылыс.

ФЕОДАЛИЗМ Жер өндіріс құрал-жабдықтары, басыбайлы шаруалар түгелдей бір феодалдардың меншігі саналатын және оларға өз жерінде мемлекет билігін жүргізуіне құқық беруге негізделген капитализм алдындағы қоғамдық құрылыс.

ФЕРЗЬШахмат ойынындағы ең күшті фигура.

ФЕРМА 1.Шаруашылықтың мал өсіруімен шұғылданатын бөлімшесі. 2. Жеке адамдардың өз жерінде не жалға алған жерде жүргізетін жеке меншікті ауылшаруашылық кәсіпорны.

ФЕРМЕНТ биол.Тірі клеткалардан бөлініп, денедегі зат алмасуын реттеп тұратын күрделі органикалық зат. Ас қорыту ~і.

ФЕРМЕНТТЕНТірі клеткалардан органикалық зат бөлінуі.

ФЕРМЕРЖеке меншікті ауылшаруашылық фермасының иесі, не жерді жалға алушы.

ФЕРРОСПЛАВТемір мен басқа бір металды қосып балқытқаннан шығатын қорытпа.

ФЕСТИВАЛЬ Көркемөнердің әр алуан түрлеріне байқау жүргізе отырып, оларды көпшілікке көрсете өткізілетін қоғамдық мереке.Жастар ~і.

ФЕТИШ 1.Алғашқы қоғам адамдарының киелі деп табынатын заты. 2. Ауыс. Қалтқысыз сенуге болатын, даусыз нәрсе деп танылған зат не құбылыс.

ФИТИШИЗМ 1.Алғашқы қоғам адамдары киелі, аруақты деп табынған жансыз бұйымдар. 2. Ауыс. Соқыр сенімге айналған ұғым, түсінік.

ФЕТРБиязы жүннен тығыздап, ширақ басылған киіз. ~ қалпақ.

ФЕХТОВАНИЕ спорт.Рапира, эспадрон қылыштарымен сайысатын спорт ойыны. ~мен шұғылданды.

ФИГУРА 1. мат.Геометрияда жазықтықтың тұйық сызықпен шектелген бір бөлігі, немесе белгілі бір тәртіппен орналасқан нүктелердің, сызықтар мен беттердің, денелердің жиынтығы. Геометриялық ~. 2. Кітаптағы мәтін ішінде берілген нобай сызбалардың аты. 3. Адамның дене бітімі, сыртқы келбеті. 4. Шахмат тастарының пешкалардан өзге жалпы атауы. Шахмат тақтасындағы ~лардың біреуін жеді. 5. әдеб. Сөздердің мәнерлілігін арттыра түсетін сөз орамдары мен сөз тіркестерінің айрықша синтаксистік құрылысы.

ФИГУРИСТ спорт.Конкиді мәнерлеп тебуші.

ФИДЕИЗМ филос.Білім, ғылым орнына діни сенімді қоятын, дінге сенуді шындықтың бірден-бір белгісі деп танитын идеалистік ілім.

ФИЗИКФизика маманы.

ФИДЕИСТ Фидеизм жолын қуған адам.

ФИЗИКА Материяның қасиеттері мен құрылысын, олардың қозғалысы мен өзгеру жолдарын, неоргоникалық табиғат құбылыстарының жалпы заңдылықтарын зерттейтін жаратылыстану ғылымының негізі саласы.

ФИЗИОЛОГФизиология ғылымына маманданған оқымысты.

ФИЗИОЛОГИЯ Жануарлар мен өсімдіктер организіміндегі тіршілік әрекеттерін зерттейтін ғылым. Адам ~cы, өсімдіктер ~сы.

ФИЗИОТЕРАПЕВТ Физиотерапия маманы.

ФИЗИОТЕРАПИЯ мед.Науқасты физиологиялық жолмен (жылу қуатымен, сумен, дене қимылымен т. б.) емдеу әдісі.

ФИЗКУЛЬТУРА Түрлі жаттығулар, гимнастика жасау арқылы адам тәнін жан-жақты жетілдіріп, нығайта түсетін дене тәрбиесі.

ФИЗКУЛЬТУРАШЫСпортпен, дене шынықтырумен айналысушы адам. ~лар мейрамы.

ФИКСАЖФотография негативін шаятын, немесе ондағы сурет кескінін бекіте түсетін химиялық ерітінді.

ФИКУС Барлық уақытта көгеріп тұратын, үй ішінде сән үшін өсірілетін, сопақша ірі жапырақты тропиктік ағаш.

ФИЛАНТРОПФиланторпиямен айналысатын адам.

ФИЛАНТРОПИЯҚайырымдылықтың мұң-мұқтажын қорғансып, жәрдем бергенситін түрі.

ФИЛАРМОНИЯКонцерттер ұйымдастырып, музыка өнерін насихаттаумен айналысатын мекеме. ~ оркестрі (артистері).

ФИЛАТЕЛИСТ Филателиямен айналысушы, сонымен әуестенуші адам.~тер қоғамы (көрмесі).

ФИЛАТЕЛИЯКоллекция үшін почта маркаларын, немесе басқа маркаларды, сондай-ақ қағаз ақшалардың нұсқаларын жинау.

ФИЛИАЛБелгілі бір мекеменің дербес бөлімшесі.

ФИЛОЛОГТіл мен әдебиет ғылымдарының маманы.

ФИЛОЛОГИЯ Жазба ескерткіштердің тілін, стилін, тарихын жалпы халық мәдениетін тіл мен әдеби шығармалар арқылы танылатын байлығын зерттейтін ғылымдардың жиынтық атауы.~ ғылымдарының докторы дәрежесін алды.

ФИЛОСОФ 1.Философия ғылымына маманданған оқымысты, сондай-ақ дүниетану мәселелерін зерттеп табу жолына түскен ойшыл адамдарға берілетін жалпы ат. 2. Ауыс.Өмірде кездесетін құбылыстарды ақылға салып, байсалды түрде, жете түсінетін адам.

ФИЛОСОФИЯ 1.Қоғамдық сананың бір формасы — табиғаттың, қоғам мен ойлаудың даму барысындағы неғұрлым жалпы заңдылықтар жайындағы ғылым. 2. Белгілі бір ғылымның негізі болған әдістемелік ұстаным. Тарих ~сы. 3. Іске ешбір қатысы жоқ дерексіз пайымдау. Онда өзінше бір қызық ~ бар.

ФИЛЬМКөпшілікке көрсету үшін бейнетаспаға түсірілген кинокартина. Түрлі түсті ~.

ФИЛЬМОСКОП Бейнетаспадағы сурет кескіндерін көрсететін арнайы аспап.

ФИЛЬМОТЕКАКинокартиналар түсірілген бейнетаспаларды жиып сақтап, әрі оларды зерттеп, көпшілік арасына насихаттап отыратын мекеме, немесе оның құрамындағы бөлім.

ФИЛЬМХАНА Фильмдерді сақтайтын мекеме немесе құрамындағы бөлім; фильмотека.

ФИЛЬТР тех. 1.Сұйық заттарды керексіз қосындылардан тазарту үшін қолданылатын сүзгі. 2. Кейбір сәулелерді, дыбыстарды, электромагнитті толқындарды өткізбейтін арнаулы аспап.

ФИЛЬТРАТСүзгіден өткізіліп, тазартылған сұйық.

ФИНАЛ 1.Спорт жарыстарының жеңімпазды анықтайтын ақтық кезең; жартылай ~. 2. Концерттің, белгілі бір музыка, опера сияқты нәрселердің т. б. ақтық кезеңі, соңғы қорытынды бөлімі.

ФИНН-УГОР: жер.финн-угор тілдері негізінен Орал тобы тілдерінің бір бұтағы.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *