ФАРШТАУ

ФАРШТАУДайындалған тағамға тартылған ет, жеміс, бұрыш т. б. салып дәм-тұзын келтіру.

ФАСБір нәрсенің маңдай алды, алдыңғы жақ беті.

ФАСАД Мекеме, үй, ғимарат сияқты құрылыстың алдыңғы жақ беті.

ФАТАҚалыңдықтың үйлену тойы кезінде киюі үшін, жұқа жібек кездемеден, шілтерден тігілетін жамылғы.

ФАТАЛИЗМ Өмірдегі барлық нәрсе алдын ала жазылып қойылған жазмыштың сиқырлы күшіне тәуелді деп санайтын діни-идеалистік, философиялық ілім.

ФАТАЛИСТФатализмге бейім, қайдағы жоққа нанғыш, діндар адам.

ФАУНА Жануарлар, хайуанаттар дүниесі.Қазақстан ~сы алуан түрлі.

ФАШИЗМ Бостандықты, демократияны тұншықтыру, халықты қырғын-сүргінге түсіріп, қатал реакциялық тәртіп орнату және агрессиялық соғыстарға дайындық жүргізу мақсатына бағытталған буржуазияның ашықтан-ашық қолдайтын диктарусының түрі.

ФАШИСТ Фашизмге тан-тәнімен берілген, соның жолын ұстаушы.

ФАЭТОН Күймелі жеңіл арба.Қос ат жеккен ~дар өтті.

ФАЯНС 1.Керамика бұйымдарын жасау үшін гипс қоспасына басқа заттарды араластырып иленетін сазбалшық. 2. Осындай сазбалшықтан жасалған ыдыс-аяқтың, түрлі бұйымның жалпы аты.

ФӘНИ 1.Тұрағы жоқ, баянсыз, алдамшы дүние (жалған). 2. Өткінші, опасыз дүние-жалған. Бұл ~де арманы жоқ.

ФЕДЕРАЛИЗМ 1.Құрама боп бірігуге негізделген мемлекеттік құрылыс. 2. Кейбір көп ұлтты мемлекеттердегі федерализмді жақтайтын қозғалыс.

ФЕДЕРАЦИЯ 1.Дербес мемлекеттердің біртұтас боп өзара біріккенінен құралған мемлекет. Россия ~сы. 2. Жеке қоғамдар мен ұйымдардың одағы. Жастардың бүкіл дүние жүзілік ~сы.

ФЕЙЕРВЕРК Той, салтанат кезінде әр түрлі дәрілік қоспаларды тұтатқаннан, жаққаннан болатын алуан түсті оттар.

ФЕЛЬДМАРШАЛ Бұрынғы патшалы Россиядағы және кейбір шетелдік армиялардағы ең жоғары әскери атақ, шен.

ФЕЛЬЕТОН әдеб.Көркем әдебиет тәсілдерін, көбіне сықақ әдістерін пайдалана отырып, өмірдегі кейбір жағымсыз құбылыстарды, жеке адамдардың оғаш мінездерін шенеп, мінейтін газет мақаласының бір түрі.

ФЕЛЬЕТОНШЫ Фельетон жазумен айналысушы, фельетонист.

ФЕНОЛОГФенология ғылымының маманы.

ФЕНОЛОГИЯЖануарлар мен өсімдіктер тіршілігінде болатын құбылыстардың заңдылықтары мен кезеңділігін жыл мезгіліне байланыстыра зерттейтін биология ғылымының бір тарауы.

ФЕНОМЕН 1. филос.Идеалистік философияның түсіндіруінше тек санада ғана өмір сүретін, танып білуге болмайтын ішкі мәніне- ноуменге қарама-қарсы деп есептелінетін құбылыс. 2. Ауыс. Өмірде сирек кездесетін, ерекше жаралған ерен қабілеті бар адам, не бір ғажап құбылыс.

ФЕОДАЛ тар.Феодализм дәуірінде басыбайлы шаруалардың еңбегін қанаушы ірі жер иесі.

ФЕОДАЛИЗМ Жер өндіріс құрал-жабдықтары, басыбайлы шаруалар түгелдей бір феодалдардың меншігі саналатын және оларға өз жерінде мемлекет билігін жүргізуіне құқық беруге негізделген капитализм алдындағы қоғамдық құрылыс.

ФЕРЗЬШахмат ойынындағы ең күшті фигура.

ФЕРМА 1.Шаруашылықтың мал өсіруімен шұғылданатын бөлімшесі. 2. Жеке адамдардың өз жерінде не жалға алған жерде жүргізетін жеке меншікті ауылшаруашылық кәсіпорны.

ФЕРМЕНТ биол.Тірі клеткалардан бөлініп, денедегі зат алмасуын реттеп тұратын күрделі органикалық зат. Ас қорыту ~і.

ФЕРМЕНТТЕНТірі клеткалардан органикалық зат бөлінуі.

ФЕРМЕРЖеке меншікті ауылшаруашылық фермасының иесі, не жерді жалға алушы.

ФЕРРОСПЛАВТемір мен басқа бір металды қосып балқытқаннан шығатын қорытпа.

ФЕСТИВАЛЬ Көркемөнердің әр алуан түрлеріне байқау жүргізе отырып, оларды көпшілікке көрсете өткізілетін қоғамдық мереке.Жастар ~і.

ФЕТИШ 1.Алғашқы қоғам адамдарының киелі деп табынатын заты. 2. Ауыс. Қалтқысыз сенуге болатын, даусыз нәрсе деп танылған зат не құбылыс.

ФИТИШИЗМ 1.Алғашқы қоғам адамдары киелі, аруақты деп табынған жансыз бұйымдар. 2. Ауыс. Соқыр сенімге айналған ұғым, түсінік.

ФЕТРБиязы жүннен тығыздап, ширақ басылған киіз. ~ қалпақ.

ФЕХТОВАНИЕ спорт.Рапира, эспадрон қылыштарымен сайысатын спорт ойыны. ~мен шұғылданды.

ФИГУРА 1. мат.Геометрияда жазықтықтың тұйық сызықпен шектелген бір бөлігі, немесе белгілі бір тәртіппен орналасқан нүктелердің, сызықтар мен беттердің, денелердің жиынтығы. Геометриялық ~. 2. Кітаптағы мәтін ішінде берілген нобай сызбалардың аты. 3. Адамның дене бітімі, сыртқы келбеті. 4. Шахмат тастарының пешкалардан өзге жалпы атауы. Шахмат тақтасындағы ~лардың біреуін жеді. 5. әдеб. Сөздердің мәнерлілігін арттыра түсетін сөз орамдары мен сөз тіркестерінің айрықша синтаксистік құрылысы.

ФИГУРИСТ спорт.Конкиді мәнерлеп тебуші.

ФИДЕИЗМ филос.Білім, ғылым орнына діни сенімді қоятын, дінге сенуді шындықтың бірден-бір белгісі деп танитын идеалистік ілім.

ФИЗИКФизика маманы.

ФИДЕИСТ Фидеизм жолын қуған адам.

ФИЗИКА Материяның қасиеттері мен құрылысын, олардың қозғалысы мен өзгеру жолдарын, неоргоникалық табиғат құбылыстарының жалпы заңдылықтарын зерттейтін жаратылыстану ғылымының негізі саласы.

ФИЗИОЛОГФизиология ғылымына маманданған оқымысты.

ФИЗИОЛОГИЯ Жануарлар мен өсімдіктер организіміндегі тіршілік әрекеттерін зерттейтін ғылым. Адам ~cы, өсімдіктер ~сы.

ФИЗИОТЕРАПЕВТ Физиотерапия маманы.

ФИЗИОТЕРАПИЯ мед.Науқасты физиологиялық жолмен (жылу қуатымен, сумен, дене қимылымен т. б.) емдеу әдісі.

ФИЗКУЛЬТУРА Түрлі жаттығулар, гимнастика жасау арқылы адам тәнін жан-жақты жетілдіріп, нығайта түсетін дене тәрбиесі.

ФИЗКУЛЬТУРАШЫСпортпен, дене шынықтырумен айналысушы адам. ~лар мейрамы.

ФИКСАЖФотография негативін шаятын, немесе ондағы сурет кескінін бекіте түсетін химиялық ерітінді.

ФИКУС Барлық уақытта көгеріп тұратын, үй ішінде сән үшін өсірілетін, сопақша ірі жапырақты тропиктік ағаш.

ФИЛАНТРОПФиланторпиямен айналысатын адам.

ФИЛАНТРОПИЯҚайырымдылықтың мұң-мұқтажын қорғансып, жәрдем бергенситін түрі.

ФИЛАРМОНИЯКонцерттер ұйымдастырып, музыка өнерін насихаттаумен айналысатын мекеме. ~ оркестрі (артистері).

ФИЛАТЕЛИСТ Филателиямен айналысушы, сонымен әуестенуші адам.~тер қоғамы (көрмесі).

ФИЛАТЕЛИЯКоллекция үшін почта маркаларын, немесе басқа маркаларды, сондай-ақ қағаз ақшалардың нұсқаларын жинау.

ФИЛИАЛБелгілі бір мекеменің дербес бөлімшесі.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *