Түсіндірме сөздік

 Фа — Хұс

ФА муз.Музыка гаммасының төртінші нотасы.

ФАБРИКАШикізатты техникалық тәсілмен өңдейтін өнеркәсіп орны. Қағаз ~сы.

ФАБРИКАНТ Өз меншігінде фабрикасы бар бай адам, кәсіпорын қожасы.

ФАБРИКАТФабрикада әзірленген дайын азық.

ФАБУЛА әдеб.Әдеби шығармаларда баяндалатын оқиға желісінің бір-бірімен жалғасу, суреттелуінің қысқаша мазмұны. Повесть ~сы оқырманға біршама қызықты.

ФАЗА 1.Бір нәрсенің даму барысы мен өзгеріске түсуіндегі жеке бір кезең және сондай кездегі күй, қалып. 2. Қоғамның тарихи дамуындағы белгілі бір дәуір, кезең.

ФАЗАЛЫ тех.Генератор орамдарының жеке тобы мен оған жалғанған электр сымы. Үш ~ ток.

ФАЗОМЕТР Кернеу мен ток векторларының арасындағы фазалық ығысу бұрышын анықтайтын аспап.

ФАКЕЛ Таяқтың басына майлы шүберек немесе май құйылған темір құты байланған жалынды шырақ. Лаулаған жалында ~.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *